Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландырудың жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 маусым N 981. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 702 ~P020702 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру үшін "Сарыарқа" кешенді даму орталығы" мекемесіне берілетін кредитті қайтаруын қамтамасыз ету мақсатында "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен заем туралы шарт бойынша несие пайызын өтеу есебіне алынған 50 (елу) миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшаны депозитке орналастыру туралы "Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамымен "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының келісім жасасуы жөніндегі шешімді заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау туралы ұсынысына келісім берілсін. Депозитті орналастыру және кредитті беру Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясын салуды қаржыландыру қажеттігіне қарай үйлесімді жүзеге

 

асырылуы тиіс.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі мен Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы

қаулыдан туындайтын тиісті шешімдерді қабылдасын және қажетті рәсімдерді

жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі





Оқығандар:


     Бағарова Ж.А.

     Орынбекова Д.Қ.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады