Дизель отынының экспортына уақытша шектеулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 30 маусым N 985

      2000 жылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының егінін жинауға дайындыққа байланысты, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 1 шілдеден 2001 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде тұрмыстық пештің отынынан (бұдан әрі - ТПО) басқа дизельдік отынды (СЭҚ ТН коды ТМД 2710 00 610 - 2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.30. N 1483
               қаулысымен. P001483_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1791
               қаулысымен. P001791_
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қолдансын.
      3. Облыстардың әкімдері мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2000 жылғы 20 тамыздан бастап республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дизель отынымен

қамтамасыз етілуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп 
отырсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
Оқығандар:
     
     Бағарова Ж.А
     Орынбекова Д.Қ.
     
      
      


О введении временных ограничений на экспорт дизельного топлива

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2000 года N 985

      В связи с подготовкой к уборке урожая сельскохозяйственных культур 2000 года, а также в целях обеспечения отечественных сельхозтоваропроизводителей дизельным топливом и в соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 20 июля 1995 года Z952368_ "О таможенном деле в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Запретить в период с 1 июля 2000 года по 1 февраля 2001 года вывоз дизельного топлива (код ТН ВЭД СНГ 2710 00 610-2710 00 690) с территории Республики Казахстан, кроме печного топлива бытового (далее - ПТБ). <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 30 сентября 2000 г. N 1483 P001483_ ; от 30 ноября 2000 г. N 1791 P001791_ .
      2. Таможенному комитету Министерства государственных доходов Республики Казахстан принять необходимые меры по выполнению пункта 1 настоящего постановления.
      3. Акимам областей и Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан с 20 августа 2000 года информировать Правительство Республики Казахстан об обеспечении дизельным топливом сельхозтоваропроизводителей республики.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Ахметова Д.К.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания и подлежит опубликованию.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан  


     (Специалисты: Мартина Н.А.,
                   Петрова Г.В.)