1. 2000 жылғы 1 шілдеден 2001 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде тұрмыстық пештің отынынан (бұдан әрі - ТПО) басқа дизельдік отынды (СЭҚ ТН коды ТМД 2710 00 610 - 2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.09.30. N 1483
қаулысымен. P001483_
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.11.30. N 1791
қаулысымен. P001791_
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қолдансын.
3. Облыстардың әкімдері мен Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп 2000 жылғы 20 тамыздан бастап республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің дизель отынымен
қамтамасыз етілуі туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етіп отырсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Бағарова Ж.А Орынбекова Д.Қ.