Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметінің арасындағы 2000 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамаларының су-энергетика ресурстарын пайдалану туралы келісімді іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 12 маусымдағы N 882
қаулысына мынадай өзгерістер мен
толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацындағы:
"ЕЕҚПЖ" РМК - 300 млн.кВт (Рср.сағ.= 180 МВт)" деген жол мынадай
редакцияда жазылсын;
"ЕЕҚПЖ" РМК - 60 млн.кВт (Рср.сағ.= 35 МВт)";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Жамбылэнерго" ААҚ" - 240 млн.кВт (Рср.сағ.= 110 МВт)";
"Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары - 2000 жылғы 1 маусымнан
31 тамызға дейін; деген жолда "Қызылорда облыстары" деген сөздерден кейін
"және "Жамбылэнерго" ААҚ" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.