Қазақстандық автокөліктiк тасымалдаушыларға транзиттiк мемлекеттердiң шекарасынан өту үшiн қолайлы жағдай тудыратын ХЖТ кiтапшасын қолдану арқылы жүктердi халықаралық тасымалдау жүйесiн одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстанның Автокөлiк және автомобиль жолдары кешенi ассоциациясына ХЖТ кiтапшасын беру және 1975 жылғы Халықаралық жүктердi тасымалдау туралы кедендiк конвенцияның (бұдан әрi - 1975 жылғы ХЖТ конвенциясы) 6-бабына сәйкес қажетті рәсiмдердi орындағаннан кейiн жүктердi тасымалдау кезiнде тиiсті кепiлдiктер ұсыну құқығын беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
белгiленген тәртiппен Қазақстанның Автокөлiк және автомобиль жолдары кешенi ассоциациясымен бiрлесiп қазақстандық тасымалдаушыларды - көрсетiлген Ассоциацияның мүшелерiн транзиттiк жол жүруге, Қазақстан Республикасының жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдауларға рұқсат ету жүйесiн енгiзудi көздейтiн келiсiмi бар шетелдiк мемлекеттердiң аумағына кiруге арналған рұқсаттардың қажеттi санымен қамтамасыз етсiн;
халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде қызметтер
көрсетудiң тiзбесiн кеңейту жөнiндегi одан арғы жұмысты жалғастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi,
Мемлекеттiк кiрiс министрлігі Қазақстанның Автокөлiк және автомобиль
жолдары кешені ассоциациясына 1975 жылғы ХЖТ конвенциясына сәйкес ХЖТ
рәсімдерін пайдалану кезiнде кепiлдiктi бiрлестiктiң функцияларын жүзеге
асыруға жәрдем көрсетсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.