"Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулы етеді:
1. Семей қаласындағы Интернациональная көшесі, 14 ғимаратын тарихи,
сәулет және көркемдік құндылығының болмауы ретінде жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығару туралы Семей қаласы
әкімінің Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және келісім
министрлігімен келісілген ұсынысы қабылдансын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.