Егiн жинау науқанын өткiзу кезiнде жанармай-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселесiнде қалыптасқан жағдайға байланысты және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнен жаңалау тәртiбiмен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң тәртiптемесiне сәйкес облыстар бойынша 5000 (бес мың) тонна көлемiнде бензин, 10000 (он мың) тонна көлемiнде дизельдiк отын шығарылуын;
2) жоғарыда көрсетiлген жанармай-жағармай материалдары көлемiнiң 2000
жылғы 30 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
материалдық резервiне жеткiзiлiмiн және қойылуын қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.