Қызылорда облысы Арал ауданының шалғай елді мекендерін электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда облысының әкіміне елді мекендерде дизельдік электр станцияларын сатып алуға, жеткізуге және оларды монтаждауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен 10 (он) миллион теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Қызылорда облысының әкімі 2000 жылдың қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне
және Қаржы министрлігіне орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы
есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 26 шілдедегі
N 1111 қаулысына
қосымша
Қызылорда облысы Арал ауданының елді мекендері мен сатып
алынатын дизельдік электр станциялары туралы мәліметтер
________________________________________________________________________
Елді мекеннің ! Халқының саны, !Талап етілетін ! Құны, АҚШ
атауы ! адам !электр станциясының! долларымен
! !түрі !
________________________________________________________________________
Жіңішкеқұм 453 ДЭС-60 5200
Атаншы 124 ДЭС-60 5200
Көкаша 208 ДЭС-30 4000
Ақбасты 511 ДЭС-100 8000
Құланды 351 ДЭС-100 8000
Көктем 306 ДЭС-30 4000
Құмбазар 541 ДЭС-30 4000
Ақшатау 207 ДЭС-30 4000
Ажар 207 ДЭС-50 5000
Шәкен 416 ДЭС-50 5000
Жиыны 3324 52400
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.