Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк сатып алу мәселелерi жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1268
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 47, 422-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулықта:
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ықтимал өнiм берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толыктырылсын:
"15-1. Конкурстық кұжаттаманы жасаған кезде тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) тек қана бiртектес түрлерi мен оларды жеткiзу (жұмыс орындау, қызмет көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге рұқсат етiледi. Бұл ретте конкурстың жеңiмпазы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) әрбiр лоты бойынша анықталады.";
31-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүйеге асыруға құқық беретiн тиiстi мемлекеттiк орган берген құжаттың көшiрмесi;";
38-тармақта "ықтимал өнiм берушi ұсынған тауар, жұмыс және қызмет көрсету жеткізілімдерінің" деген сөздер "конкурстық өтінiмнің деген сөздермен ауыстырылсын;
54-тармақтың 6) тармақшасында "өнім берушiлердi және тауар өндiрушiлердi" деген сөздер "өнім берушiлер - тауар өндiрушiлердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
60-тармақта:
бірінші абзацында "Отандық ықтимал өнім берушілер мен тауар өндірушілер" деген сөздер "Тауар өндiрушiлер болып табылатын отандық ықтимал өнiм берушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацында "Отандық ықтимал өнiм берушілер мен тауар өндiрушiлерге" деген сөздер "Тауар өндiрушiлер болып табылатын отандық ықтимал өнiм берушiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
62-тармақта ", пайдалану сипаттамасы мен өнiмдiлiгi неғұрлым жақсы құрал-жабдықтарды ұсынатын конкурстык өтiнiмге" деген сөздер "отандық ықтимал өнiм берушi - тауар өндірушінің конкурстық өтінімiне, ондайлар жоқ болған жағдайда - сапалық және техникалық сипаттамасы неғұрлым жақсы тауар жеткізілімін ұсынатын немесе жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындаудың неғұрлым жақсы шарттарын ұсынатын конкурстық өтінімге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастырудың тиiмдiлiгін арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 шiлдедегi N 966
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 34, 304-құжат):
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1)-1 тармақшасымен толықтырылсын:
"1)-1 заңнамада белгіленген тәртiппен жөңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтау кезінде екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда отандық ықтимал өнім беруші - тауар өндірушінің конкурстық өтініміне басымдық берсін;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі