Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 1999 жылғы 13 шілде N 966 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.31. N 1158 қаулысымен

      Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау мемлекеттiк қаражатты ұтымды және тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:

      1. Мемлекеттiк мекемелер - республикалық және жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi, тиiсті бюджеттердi бекiткеннен немесе нақтыланғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегі агенттігіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекiтiлген республикалық және жергілiктi бюджеттердiң көрсеткiштерi негізiнде қалыптастырылған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң жоспарланып отырған номенклатурасы мен көлемi туралы деректердi ұсынсын.

      2. Мемлекеттiк мекемелер:
      1) конкурсты дайындау кезiнде конкурстық құжаттамада отандық әлеуеттi берушiлерге, оның iшiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне басымдық берудi көздесiн, сондай-ақ елде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) бәсекелестi рыногы болған жағдайда, бiлiктiлiк талаптарын қалыптастыру кезiнде тек отандық әлеуетті берушiлермен ғана шектелсiн;
      1)-1 заңнамада белгіленген тәртiппен жөңіп шыққан конкурстық өтінімді анықтау кезінде екі немесе бірнеше конкурстық өтінімнің жиынтық шартты бағалары тең болған жағдайда отандық ықтимал өнім беруші - тауар өндірушінің конкурстық өтініміне басымдық берсін;
      2) тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгiне мемлекеттiк сатып алулар туралы шарттарда көзделген өзiнiң мiндеттемесiн орындамаған және (немесе) тиiстi түрде орындамаған өнiм берушiлер туралы мәлiмет ұсынсын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.07.27. N 1150 қаулысымен .

      3. Мемлекеттiк органдарға штат санының шегінде мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыруға және жүргiзуге жауапты тиiсті бөлiмшелер құру жөнiнде шаралар қабылдау ұсынылсын.

      4. Мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын органдар тиiстi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға сатып алуларды мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарда белгіленген рәсімдерге сәйкес жүзеге асыруды ұсынсын.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне заңдарда белгіленген тәртіппен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілгендей шараларды қабылдау ұсынылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің 1999 жылғы     
13 шілдедегі         
N 966 қаулысымен       
бекітілген          

    _____________________________________
мемлекеттік мекеме - бағдарламаның әкімшісінің атауы

     199  жылға арналған тауарларға, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге қажеттіліктің жоспарланатын жиынтық номенклатурасы

Ерекше    Тауарлар.    Қысқаша   Өлшем    Қажет.  Өлшем    Жалпы
лік коды  дың, жұмыс.  сипатты  бірлігі  тілік.   бірлігі  сомасы
          тардың және  (тауар.            тің     (үшін    (мың
          қызмет       лардың,           көлемі   баға     теңге)
          көрсету.     жұмыстар.         (саны)   (теңге)
          лердің       дың және                         
          атауы        қызмет көр.                  
                       сетулердің
                       сипаттамасы)
_________________________________________________________________
   1         2             3       4        5        6        7
_________________________________________________________________
  таблицаның жалғасы

  __________________________________________
  Мемлекеттік        Конкурсты    Тауарларды
  сатып алу.         өткізудің    берудің,
  ларды жүзеге       жоспарлан.   жұмыстарды
  асырудың           ған уақыты   орындаудың,
  таңдап алын.       (айы)        қызметтер
  ған тәсілі                      көрсетудің
                                  мерзімдері
                                  (айы)
  __________________________________________
       8                9            10
  __________________________________________

      Ескертпе: 1) 7-бағанда қорытындылар әр ерекшелік және тұтас алған алғанда бүкіл номенклатура бойынша шығарылады.
     2) 2 бағандағы 161-ерекшелік бойынша бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы көрсетілсін.

     Басшысының аты-жөні, қолы
     Орындаушының аты-жөні, лауазымы, телефоны    Толтырылған күні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады