Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі 2000 жылғы қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 сәуірдегі N 637 P000637_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбында, 1, 2 және 4-тармақтарында "шегіртке тектес зиянкестерге" деген сөздер "шегіртке тектес, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспесі "Шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуынан" деген
сөздерден кейін ", өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен
ауруларының таралған алаңдарының ұлғаюынан" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацында "1 000 000 (бір миллион)" деген сөздер
"1 700 000 (бір миллион жеті жүз мыңға) - дейін" деген сөздермен
ауыстырылсын.
3-тармақта "инсектицидтерді" деген сөз "пестицидтерді" деген сөзбен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.