Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 сәуірдегі N 637 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 29 шілде N 1163

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы күрес жөніндегі 2000 жылғы қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 сәуірдегі N 637 P000637_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбында, 1, 2 және 4-тармақтарында "шегіртке тектес зиянкестерге" деген сөздер "шегіртке тектес, өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      кіріспесі "Шегіртке тектес зиянкестердің жаппай таралуынан" деген

 

сөздерден кейін ", өсімдіктердің басқа да аса қауіпті зиянкестері мен

ауруларының таралған алаңдарының ұлғаюынан" деген сөздермен толықтырылсын;

     2-тармақтың үшінші абзацында "1 000 000 (бір миллион)" деген сөздер 

"1 700 000 (бір миллион жеті жүз мыңға) - дейін" деген сөздермен

ауыстырылсын.

     3-тармақта "инсектицидтерді" деген сөз "пестицидтерді" деген сөзбен

ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады