Қазақстан Республикасының шетелдiк кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефолт фактілерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша республикалық бюджеттен бұрын бөлiнген қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1) 1992 жылғы 6 қарашадағы N 13-6/И-947, 1993 жылғы 10 мамырдағы N 26-15/116, 1993 жылғы 7 маусымдағы N 23-15/8347, 1993 жылғы 18 қарашадағы N 22-1-6/38, 1995 жылғы 3 сәуiрдегi N Ф22-3/5, 1995 жылғы 8 маусымдағы N Ф 22-3/8, 1995 жылғы 9 тамыздағы N Ф-22-3/11, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000001, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000003, 1996 жылғы 11 наурыздағы N 0000012 Қазақстан Республикасы берген мемлекеттiк кепiлдiктерге және Әлембанк (бұрынғы Қазсыртқыэкономбанк) ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Австрия Федералдық Қаржы министрлiгiнiң арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келісiмге жасалған өзгерiске сәйкес шетел банктерi шоттарының негiзіне дәрменсiз заемшылар үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi (1, 2-қосымшаларға сәйкес) 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттың шегiнде төлейтiн болсын;
2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарды пайдалану жөнiндегi қызметiне қаржылық-шаруашылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалану тәртiбiн бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға тапсырсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi заемшылардың банкроттығы рәсiмiне дейiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық мiндеттемелерiн орындамаған тұлғаларды азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартуға заңнамада белгiленген тәртiппен шаралар қолдансын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлінген қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнінде барлық қажеттi шараларды қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Мемлекеттiк кіріс министрлігі, "Тұран Әлем Банкі" ашық акционерлік қоғамы және "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы (келісім бойынша) қаржылық міндеттемелері республикалық бюджеттің есебінен орындалған заемшыларға
қатысты бөлінген мемлекеттік бюджеттік қаражатты қайтару жөнінде
қолданылған шаралар мен олардың нәтижелілігі туралы Қазақстан
Республикасының Үкіметіне ақпарат берсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 тамыздағы
N 1182 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі алдағы төлемдердің
Сомасы
------------------------------------------------------------------------
Заемшы ұйым! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі !Пайыздар !Басқалары
!валюта.! күні ! сомасы ! борыш ! !
!сы ! ! ! ! !
------------------------------------------------------------------------
Германия кредит желісі
ҚР ІІМ ҚАЖД EUR 01.08.00 869227,49 778373,95 90853,54 0,00
"Екібастұз.
көмір" МАҚ EUR 01.08.00 368119,28 329642,66 38476,62 0,00
"Павлодар.
трактор" МАҚ EUR 01.09.00 2173950,25 1809499,46 364450,79 0,00
"Құрылыс.
фарфор" АҚ EUR 30.09.00 714857,15 694771,50 20085,65 0,00
АЗАТ EUR 01.09.00 1463631,81 1312486,26 151145,55 0,00
"Екібастұз.
көмір" МАҚ EUR 30.09.00 1095823,67 947432,12 148391,55 0,00
Австрия кредит желісі
"Рахат" БК USD 30.09.00 1581482,40 0,00 1135255,00 446227,40
Канада кредит желісі
"Аквест" БК USD 15.08.00 814387,84 757351,86 55518,10 1517,88
Барлығы EUR 6685609,65 5872205,95 813403,70 0,00
USD 2395870,24 757351,86 1190773,10 447745,28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 3 тамыздағы
N 1182 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдарды өтеу жөніндегі мерзімі өткен төлемдердің
Сомасы
------------------------------------------------------------------------
Заемшы ұйым! Төлем ! Төлем ! Төлем ! Негізгі ! Пайыздар !Басқалары
!валютасы! күні ! сомасы ! борыш ! !
------------------------------------------------------------------------
Германия кредит желісі
"Екібастұз.
көмір" МАҚ DМ 27.03.00 193,70 0,00 0,00 193,70
"Екібастұз.
көмір" МАҚ DМ 25.04.00 3830,65 0,00 0,00 3830,65
"Екібастұз.
көмір" МАҚ EUR 03.02.00 1576,54 0,00 0,00 1576,54
"Жылуприбор"
АҚ EUR 27.12.99 5067,89 0,00 0,00 5067,89
Чехия кредит желісі
"Конденсат" АҚ USD 25.04.00 10242,69 0,00 0,00 10242,69
Жапония кредит желісі
"Қармет.
комбинат" МАҚ JPY 07.06.00 1580015,00 0,00 0,00 1580015,00
Барлығы DМ 4024,35 0,00 0,00 4024,35
EUR 6644,43 0,00 0,00 6644,43
USD 10242,69 0,00 0,00 10242,69
JPY 1580015,00 0,00 0,00 1580015,00
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.