Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі мен Бiлім және ғылым министрлiгi Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 2000 жылдың күзiнде Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған iс-шараларды өткiзу туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Алматы қаласында "Аңырақай шайқасы және оның қазақ халқының жоңғарлармен отан соғысындағы тарихи маңызы" республикалық ғылыми-теориялық конференциясының өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi:
1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бiрлесiп "Аңырақай шайқасы және оның қазақ халқының жоңғарлармен отан соғысындағы тарихи маңызы" республикалық ғылыми-теориялық конференциясының материалдар жинағының жеке басылым ретiнде шығарылуын, сондай-ақ Аңырақай шайқасы туралы басқа да басылымдардың басып шығарылуын қамтамасыз етсiн;
2) қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық соғысының тарихи рөлi және Аңырақай шайқасының 270 жылдығының тойлануы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
4. Алматы облысының әкiмi белгiленген тәртiппен:
1) Алматы облысының аумағында Аңырақай шайқасын еске алу оба тасының орнатылуын;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп бабаларымыздың жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысына және Аңырақай шайқасының 270 жылдығына арналған тойдың iс-шараларының өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
5. Аңырақай шайқасының 270 жылдығын тойлауға арналған той салтанатын өткiзу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға 2000 жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатыны айқындалсын.
6. "1999 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде республикалық деңгейде
өткізілетін мерейтойлардың тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 31 наурыздағы N 344
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 11, 106-құжат) мынадай толықтыру
енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған, 1999 жылдан 2000 жылға дейінгі
кезеңде республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлардың тізбесі мынадай
мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Аңырақай 270 Министрлер Тойға Қазақстан 2000
шайқасы мен әкімдердің арналған Республикасы қыркүйек,
тиісті бұйрық. іс-шаралар Мәдениет, қазан
тары мен шешім. кешені ақпарат және
дері қоғамдық келісім
министрлігі,
Қазақстан
Республикасы
Білім және ғылым
министрлігі,
Қазақстан
Республикасы
Қорғаныс
министрлігі, Алматы
және Жамбыл облыстары,
Алматы қаласының әкімдері"
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.