"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын Астана қаласына кезең-кезеңмен орналастыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі N 1435 P991435_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының (бұдан әрі - Академия) 2000 жылғы 1 шілдеге дейін оны Астана қаласына орналастыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Академияның мына шешімдері:
1) Академияның қызметкерлеріне басқа жерге (Астана қаласына) жұмысқа ауыстырылған кезде кепілдіктер мен өтемақылардың шектері Астана қаласына орналастырылған мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметкерлері үшін заңнамада белгіленген кепілдіктер мен өтемақылар деңгейінде көзделетіні;
2) Академияның Астана қаласына қоныс аударатын қызметкерлерінің
нормативі штат санының белгіленген лимитінің 15 пайызы шегінде (8 адам)
белгіленетіні назарға алынсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (келісім
бойынша) Академияның 2000 жылға арналған шығыстары шегінде, ағымдағы
ұстауға арналған шығыстарды қысқарту есебінен, осы қаулының 2-тармағы
1) тармақшасында көрсетілген төлемдердің ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.