Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар бiрегей табиғат кешенi Бурабай таулы-орман алқабын сақтап қалу және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi Шаруашылық басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының "Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
Мекемеге табиғат қорғау мекемесi мәртебесi берiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Мекемеге Ақмола облысы Шортанды ауданының жер қорынан және жер пайдаланушыларының жер учаскелерiнен жалпы көлемi 15271 гектар жер қосымша тұрақты пайдалануға берiлсiн.
3. Мекеменiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына, ал осы аумақтардағы ормандар - "мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң ормандары" және "ғылыми маңызы бар ормандар" қорғау санаттарына жатқызылсын.
4. Ақмола облысының әкiмi Мекеменiң жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшiн осы аймақ шегiнде мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектілерiнiң сақталуына және қалпына келтiрiлуiне терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салумен бiрге оның сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен жергiлiктi жерде Мекеме жерлерiнiң шекараларын белгiлесiн.
6. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгімен және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп Мекеменiң аумақтарын ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдалану кезiнде консультативтiк және ғылыми-әдiстемелік көмек көрсетудi қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мынадай шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бурабай таулы орман алқабын қорғауды күшейту жөніндегi қосымша шаралар туралы" 1997 жылғы 27 ақпандағы N 3369 өкiмiн iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 6 мамырдағы N 787 P970787_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 18, 162-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi Шаруашылық
басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру кешенi" мемлекеттiк мекемесiнiң
Жарғысын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4
шiлдедегi N 1058
қаулысы.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 12 тамыздағы
N 1246 қаулысына
қосымша
"Бурабай" мемлекеттiк ұлттық табиғи паркiне
тұрақты пайдалануға берілетін жер учаскелерінің
тізбесі
---------------------------------------------------------------------------
Олардан жер учаскелері ! Учаскелердің көлемі, га
берілетін жер !------------------------------------------------
пайдаланушылардың атауы ! ! оның ішінде
және жер құрамы ! !-----------------------------------------
! ! ! оның ішінде ! !
! ! !------------------! !
! Бар. ! ауыл !егіс.!жайы.!шабын.!орман.!басқа
! лығы !шаруа. !тік. !лым. !дықтар!ды ау.!
! !шылық !тер !дар ! !мақтар!
! !жерлері! ! ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
1. "Бұқпа" орман және
жануарлар дүниесін қорғау
жөніндегі мемлекеттік
мекемесі 220 220
2. Қазақ орман шаруашылығы
және агроорман
мелиорациясы ғылыми-зерттеу
институты 6047 9 9 5736 302
3. Шортанды ауданының
қордағы жерлері 9004 8157 8157 847
Барлығы: 15271 8166 9 8157 5956 1149
---------------------------------------------------------------------------
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.