"Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы z970126_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы ереже бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссиялары туралы ереженi
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы
2 шiлдедегi N 571
қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992
жыл, N 27, 409-құжат);
2) "Техникалық және басқа да жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
үшiн мүгедектiліктi және дәрiгерлiк айғақтамаларды анықтаудың негiзгi
белгiлерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 16 маусымдағы N 531 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы,
1992 ж., N 24, 372-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы "24" тамыздағы N 1298 қаулысымен бекiтiлген |
Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы
ереже
1-бөлiм. Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық
комиссияларды құру және олардың қызметi
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Медициналық әлеуметтiк сарапшылық комиссиялар туралы осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ 16 жасқа дейiнгi балалардың, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігін айқындау үшiн "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Z970126_ Заңына сәйкес құрылатын медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялардың (бұдан әрi - МӘСК) қызметiн реттейдi.
2. МӘСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. МӘСК өз жұмысын аумақтық қағидат бойынша:
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының (бұдан әрi - жоғары МӘСК);
аудандардың, қалалардың, қалалардағы аудандардың (бұдан әрi - бастауыш МӘСК) аумағында жүргiзедi.
4. МӘСК-нiң негiзгi мiндеттерi:
1) мүгедектiк тобын, оның себептерiн, мүгедектiкке ұшырау мерзiмдерi мен уақытын, 16 жасқа дейінгі балалардың мүгедектiгiн айқындау;
2) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу мүгедектердi оңалтуды қоса алғанда, оларды әлеуметтiк қорғау iс-шараларын iске асыруға жәрдемдесу осы iс-шаралардың тиімдiлігін айқындау;
3) МӘСК-де куәландырылатын мүгедектердi есепке алудың мемлекеттiк жүйесiнiң деректерiн қалыптастыру аймақтағы мүгедектiктiң жағдайын, серпiнiн және себептерiн зерделеу;
4) мүгедектiктiң алдын алу, медициналық-әлеуметтiк сараптау, мүгедектердi оңалту мен әлеуметтік қорғау салаларындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу болып табылады.
5. МӘСК қызметiн денсаулық сақтау, мүгедектердi медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ мүгедектердiң қоғамдық ұйымдарымен өзара бiрлесе отырып жүзеге асырады.
6. МӘСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органы бекiтетiн бастапқы есепке алу-есеп беру құжаттарының нысандары мен қатаң есептiлiк бланкiлерiн (МӘСК-нiң анықтамаларын) пайдаланады.
2-тарау. МӘСК-нi ұйымдастыру
7. МӘСК еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiндегi тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша ұйымдастырылады. МӘСК облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының құрылымына кiредi.
МӘСК-нi қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
8. Бастауыш МӘСК-нi ұйымдастыру 120 мыңнан аспайтын адамға бiр бастауыш МӘСК есебiнен тиiстi аумақтағы халықтың санына қарай жүргiзiледi.
9. Аурудың жалпы деңгейіне және құрылымына, мүгедектiлiкке қарай бастауыш МӘСК жалпы бейiндi және арнаулы бейiндi (туберкулезбен ауыратын науқастарды, жүйкесi бұзылған адамдарды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткiзу үшiн) болуы мүмкiн.
10. Жалпы бейiндегi бастауыш МӘСК 4 сарапшы-дәрігерден (терапевт, невропатолог, хирург, реабилитолог) тұрады. Қажет болған жағдайларда бастауыш МӘСК-нiң қызметiне консультант ретiнде дәрiгер-педиатр тартылуы мүмкiн.
Арнаулы бейiндегi бастауыш МӘСК-нің құрамына мамандықтары МӘСК-нiң бейiнiне сәйкес келетiн 2 сарапшы дәрiгер, сондай-ақ реабилитолог, терапевт немесе невропатолог енедi.
11. Жоғары МӘСК-нiң құрамына 4 сарапшы дәрiгер (терапевт, хирург, невропатолог, реабилитолог) енедi.
Жоғары МӘСК бастауыш МӘСК-ның санына қарай, әдетте, 5 бастауыш МӘСК-ге бiр құрам есебiнен, бiр немесе бiрнеше құрамнан құрылады.
Медициналық, құқықтық және басқа да мәселелердi шешу үшiн консультанттар (педиатр, психолог, заңгер және басқа да мамандар) тартылады.
12. МӘСК-ге аға медбике, медициналық тiркеушi және автомобиль жүргiзушi қызмет көрсетедi.
13. МӘСК-нiң төрағасы болып оған кiретiн, клиникалық немесе сараптау қызметiнде кемiнде 5 жыл стажы бар, жоғары бiлiктi маман болып табылатын дәрiгерлердiң бiреуi тағайындалады.
МӘСК-нiң төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, медициналық-әлеуметтiк сараптау мен мүгедектердi оңалтудың сапалы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, МӘСК-нiң қызметi үшiн дербес жауаптылықта болады.
МӘСК-нiң төрағасын, дәрiгерлерiн, орта (аға медбике, медициналық тiркеушi) және қызмет көрсетушi (қызмет бөлмелерiн жинаушы, гардеробшы, аула сыпырушы, жүргiзушi және т.б.) қызметшiлерiн облыстық, Астана және Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар қызметке тағайындайды және босатады.
14. Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиялардың мөртаңбасы мен мөрi болады.
3-тарау. МӘСК-нiң мiндеттерi мен құқықтары
15. Бастауыш МӘСК-лерге:
1) куәландырылатын адамдар ағзасының бұзылған қызметiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң, әрекетiнiң шектелуiнiң дәрежесiн және мүгедектiгi фактiсiнiң бар екендiгiн айқындау;
2) еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты жарақат алған, кәсiби ауруға шалдыққан, не денсаулығына өзге де зақым келген адамдардың кәсiби еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту деңгейiн және әлеуметтiк қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асырудың қажеттiлiгiн анықтау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қайтыс болған адамның отбасына әлеуметтiк төлемдер жүргiзiлген кезде, қайтыс болуының өндiрiстiк жарақатпен, кәсiби аурумен және басқа да жағдайлармен себептi байланысын анықтау;
4) адамдарға медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды әзiрлеуге көмек көрсету;
5) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын қалыптастыру және түзету (медициналық, әлеуметтiк және кәсiби оңалту жөнiндегі iс-шаралардың түрлерiн, нысандарын, мерзiмдерiн және көлемдерiн белгiлеу), сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылау;
6) қалпына келтiрiп емдеу кезеңiне уақытша еңбекке жарамсыздық мерзiмiн ұзарту;
7) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларында көзделген iс-шаралардың орындалуын ұдайы байқау үшiн мүгедектердi бақылаулық куәландыруды жүргiзу;
8) тиiстi әскери комиссариаттарға әскери мiндеттiлер мен әскерге шақыру жасындағы адамдарды мүгедек деп танудың барлық жағдайлары туралы мәлiметтер ұсыну мiндеттерi жүктеледi.
16. Жоғары МӘСК-ге:
1) бастауыш МӘСК-нiң қызметiне ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
2) бастауыш МӘСК-нiң қорытындыларына шағымданған адамдарды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткiзу сондай-ақ бақылау тәртiбiмен бастауыш МӘСК-нiң қорытындыларын тексеру және бұл қорытындылардың негiзсiздiгi аңғарылған жағдайда оларды тоқтату және өз қорытындысын шығару;
3) күрделi (даулы) жағдайларда бастауыш МӘСК-нiң жолдамалары бойынша науқастар мен мүгедектердi куәландыруды жүргiзу;
4) бастауыш МӘСК-нің дәрiгерлерiмен денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық-әлеуметтiк сараптама мен мүгедектердi оңалтудың түрлi мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсету және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды өткiзуге қатысу;
5) МӘСК-нiң жұмыс тәжiрибесiне медициналық-әлеуметтiк сараптаманың ғылыми озық қағидаттары мен әдiстерiн енгізу, МӘСК жұмысының озық тәжiрибесiн қорыту және тарату, сарапшылық қателердi анықтау және оларды жою жөнiнде әдiстемелiк нұсқаулар әзiрлеу;
6) облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы мүгедектiктiң деңгейi мен серпiнiн, медициналық-әлеуметтiк сараптау және мүгедектердi оңалтудың жай-күйiн талдау;
7) тиiстi мемлекеттiк органдарға медициналық, құқықтық, әлеуметтiк және мүгедектiк пен мүгедектердi оңалтуға жататын басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзу мiндеттерi жүктеледi.
17. МӘСК-нiң өзiнiң уәкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн:
1) меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардан МӘСК-нің шешiм қабылдауы үшiн және МӘСК-ге жүктелген басқа да функцияларды орындау үшiн қажеттi мәлiметтердi сұратуға және алуға;
2) клиникалық-функционалдық диагноз бен кәсiби мүмкiндiктерiн нақтылау мақсатында медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткен адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына тексеруге, қалпына келтiрулiк емдеуге жiберуге;
3) МӘСК-ге жолдама тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда оны пысықтауға денсаулық сақтау ұйымдарына қайтаруға;
4) МӘСК-нiң мамандарын мүгедектердiң еңбек жағдайларын және оларды оңалту iс-шараларын орындауын зерделеу мақсатында, меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарға жiберуге құқығы бар.
4-тарау. Медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жүргiзудiң тәртiбi
18. Ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан ағза қызметтерiнiң тұрақты бұзылуы, тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi бар адамдар МӘСК-де куәландыруға жатады.
19. МӘСК адамға, баланың ата-анасына (қамқоршысына) медициналық-әлеуметтiк сараптаманы жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын түсiнiктi түрде таныстыруға мiндеттi.
20. Адамды медициналық-әлеуметтiк сараптамадан өткiзу тұрақты тұратын жерi немесе бекiтiлген жерi мен тиiстi денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы жүргiзiледi. Егер, денсаулық сақтау ұйымының қорытындысына сәйкес, адам денсаулық жағдайына байланысты МӘСК-ге келе алмаса, медициналық-әлеуметтiк сараптама оның келiсiмiмен үйде, адам ем алып жатқан стационарда, баланың ата-анасының (қамқоршысының) келiсiмiмен (елдi мекеннiң алыстығына және ауыр халдегi ауруды қозғауға болмайтын айрықша жағдайларда) медициналық құжаттардың негiзiнде сырттай жүргiзiлуi мүмкiн.
21. Денсаулық сақтау ұйымы қажеттi диагностикалық, емдеу және оңалту iс-шараларын жүргiзгеннен кейiн ауру, жарақат немесе кемiстiк салдарынан ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын деректер болған жағдайда, азаматты белгiленген тәртiпте медициналық-әлеуметтiк сараптауға жiбередi.
МӘСК-нiң куәландыру жолдамасының үлгiсiн Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен келiсiм бойынша денсаулық қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi.
22. Дәрiгерлiк тексерудiң сапасы, медициналық-әлеуметтiк сараптамаға адамдарды уақытылы және негiздi жiберу үшiн жауапкершiлiк тиiстi денсаулық сақтау ұйымының басшысына жүктеледi.
23. МӘСК адамдарды куәландыру жөнiндегi отырыстарды толық құрамында жүргiзедi, ұсынылған деректердi (клиникалық-функционалдық, әлеуметтiк-тұрмыстық, кәсiби-еңбектiк және басқа деректердi) қарайды, адамды жеке тексеруден өткiзедi, оның тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелу дәрежесiн бағалайды және алынған нәтижелердi алқа болып талқылайды. Сараптамалық қорытындының деректерi куәландыру актiсi мен отырыс хаттамасына жазылып, оған МӘСК төрағасы мен басқа да дәрiгерлерiнiң қолы қойылып, мөр басылады.
24. Адамды куәландыру үшiн қажетті құжаттардың МӘСК-ге келiп түскен күнi мүгедектiктi белгiлеу күнi болып саналады. МӘСК-де құжаттарды қарау мерзiмi 15 күннен аспауы тиiстi. Мүгедектiк тобы мен оның белгiлену күнi еңбекке жарамсыздық парағында немесе еңбекке жарамсыздық парағы берiлмейтiн жағдайда, уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын анықтамада көрсетiледi.
25. Адамды мүгедек деп тану не мүгедектiктi белгiлеуден бас тарту туралы қорытындыны бастауыш МӘСК-нiң дәрiгерлерi қабылдайды.
МӘСК мүгедек деп танылған адамға, баланың ата-анасына (қамқоршысына) тиiсiнше: мүгедектiгi туралы, кәсiби еңбек қабiлеттiлiгiнен айрылғаны туралы пайызбен, жүрiп-тұру құралдары, басқа да қосымша көмек түрлерi және басқалары туралы анықтама бередi. МӘСК-нiң куәландыру актiсiнiң көшiрмесi мен басқа да қажеттi анықтамалар 3 күндiк мерзiм iшiнде мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк-әлеуметтiк жәрдемақы тағайындайтын органдарға, сондай-ақ әлеуметтiк көмек пен медициналық-әлеуметтiк оңалтуды жүзеге асырушы мекемелерге жiбередi.
Бастауыш МӘСК-нiң құрамы сараптау қорытындысын қабылдай алмайтын жағдайларда, адамды куәландыру актiсi 3 күндiк мерзiм iшiнде жоғары МӘСК-ге жiберiледi, ол осы мәселе бойынша белгiленген тәртiппен 15 күннен аспайтын мерзiмде шешiм қабылдайды. Жоғары МӘСК-нiң қорытындысы соңғы шешiм болып табылады.
26. Топтар бойынша мүгедектiк 6 ай, 1 жыл немесе 2 жыл мерзiмге белгiленедi. 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек-бала" санаты 6 айдан 2 жылға дейiнгi, 2-ден 5 жылға дейiнгi мерзiмге және 16 жасқа дейiнгi мүгедек бала болып танылатын медициналық айғақтамаларға сәйкес 16 жасқа толғанға дейiн белгiленедi. Мүгедектiк мерзiмi оңалту әлеуетiне сәйкес жеке белгiленедi. Мүгедектiк қайта куәландыру тағайындалған айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне дейiн белгiленедi.
Мынадай мүгедектерге мерзімсiз мүгедектiк белгіленедi:
қалпына келтiрiлмейтiн анатомиялық кемiстiктерi болса;
органдар мен ағза жүйесiнiң функциялары тұрақты, қалпына келтiрiлмейтiн өзгерiстерi және бұзылуы кезiнде, МӘСК-нің бiрiншi топтағы мүгедектi - 4 жылдан кем емес, екiншi топтағы мүгедектi - 6 жылдан кем емес уақыт бақылауынан кейiн өткiзiлген оңалту iс-шаралардың тиiмсiз болуы.
27. Қасақана негізсiз шешiм шығаруға, мүгедектiк туралы заңсыз құжаттар беруге кiнәлi адамдар заңнамалық кесiмдерде көзделген жауаптылықта болады.
5-тарау. Мүгедектердi қайта куәландыру тәртiбi
28. Мүгедектiктi қайта куәландыру адамды мүгедек деп тану үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi және белгіленген мүгедектiк мерзiмi аяқталуына кемiнде екi ай қалғанда жүзеге асырылуы мүмкiн.
29. Мүгедектi белгiленген мерзiмiнен бұрын, сондай-ақ мүгедектiгi
қайта куәландыру мерзiмiнсiз белгiленген адамдарды қайта куәландыру - оның
денсаулық жағдайы өзгеруiне байланысты денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы
бойынша, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеуге негiз болған құжаттардың
жалғандығы белгiленген тәртiппен анықталған жағдайда жүргізiледi.
Бастауыш МӘСК-нiң негiзсiз қорытынды беру фактiсiне көз жеткiзiлген
жағдайда, қайта куәландыруды бастауыш МӘСК-нiң негiзсiз қорытындысының
күшiн жоятын жоғары МӘСК жүргiзедi.
2-бөлiм. Мүгедектiк пен 16 жасқа
дейiнгi балалардың мүгедектiгi топтарын белгiлеу
6-тарау. Жалпы ережелер
30. Адамды мүгедек деп тану медициналық-әлеуметтiк сараптама
жүргiзiлген кезде оның денсаулығының жай-күйiн кешендi бағалау және
тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуi дәрежесi ескерiлiп, осы Ережеде
белгiленген жiктемелер мен өлшемдер сақтала отырып жүзеге асырылады.
31. Ағза функцияларының бұзылу және тiршiлiк ету әрекетiнiң
шектелу дәрежесiне қарай мүгедек деп танылған адамға бiрiншi, екiншi
және үшiншi топтағы мүгедектiк, ал 16 жасқа дейiнгi балаға "мүгедек-бала"
санаты белгiленедi.
32. Мыналар мүгедектiктiң себептерi болып табылады:
1) жалпы ауру;
2) еңбек жарақаты;
3) кәсiби сырқат;
4) бала кезiнен мүгедектiк;
5) әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде алған, әскери
iс-қимылдарға қатысуына байланысты, әскери қызметiн өткеру кезiнде,
әскери қызмет мiндеттерiн атқаруға байланысты емес бақытсыз
жағдайлар нәтижесiнде алған жарақаттану, контузиялану, травма, зақымдану,
ауру;
6) төтенше экологиялық жағдайлар, сонымен қатар ядролық жарылыстар
мен сынақтарды өткiзу және/немесе олардың салдар-себептi байланысы
анықталған жағдайда, солардың салдарынан радиация әсерiне шалдығу
нәтижесiнде алған зақымдану, ауру.
7-тарау. Жiктемелер
33. Адам ағзасының негiзгi функцияларының бұзылуын жiктеу:
1) ағзаның психикалық функцияларының бұзылуы (қабылдауы,
назары, еске сақтауы, ойлауы, сөйлеуi, сезiнуi, ерiк-жiгерi);
2) сезiну функцияларының бұзылуы (көру, есту, иiс сезу, түйсiну);
3) статодинамикалық функцияларының бұзылуы;
4) қан айналымы, дем алу, ас қорыту, бөлiну, зат алмасуы мен iшкi
секреция энергиясы функцияларының бұзылуы.
34. Ағза функциялары бұзылуының айқын көрiну дәрежесiне қарай
жiктеу:
1) бiрiншi дәреже - функциялардың шамалы бұзылуы;
2) екiншi дәреже - функциялардың орташа бұзылуы;
3) үшiншi дәреже - функциялардың айқын бұзылуы;
4) төртiншi дәреже - функциялардың едәуiр немесе қатты айқын
бұзылуы.
35. Тiршiлiк етудiң негiзгi санаттарын жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi - негiзгi физиологиялық қажеттіктерiн өз бетiмен қанағаттандыра алу күнделiктi тұрмыстық әрекет жасау және жеке гигиена дағдыларын орындай алу қабiлеттiлiгi;
2) өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi - кеңiстiкте өз бетiмен қозғала алу, кедергiлерден өту, өзi орындайтын тұрмыстық, қоғамдық, кәсiптiк қызметтер шегiнде денесiн тепе-тең қалпында ұстай бiлу қабiлеттiлiгі;
3) оқуға қабiлеттiлiгi - бiлiмдi қабылдап, түйсiне алуға (бiлiмдiлiк, кәсiптiк және т.б.) дағдылар мен машықтарды игеруге (әлеуметтiк, мәдени және тұрмыстық) қабiлеттiлiгi;
4) еңбек етуге қабiлеттiлiгi - жұмысты орындау, мазмұнына, көлемiне және шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес iс-әрекетiн жүзеге асыру қабiлеттiлiгi;
5) бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi - уақытты және кеңiстiктi бағдарлай бiлу қабiлеттiлiгi;
6) қарым-қатынас жасауға қабiлеттiлiгi - ақпараттарды қабылдау, зерделеу және беру арқылы адамдар арасында қатынас орнатуға қабiлеттiлiгi;
7) өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлеттiлiгi - өзiн сезiне бiлуге және әлеуметтiк құқықтық нормаларды ескере отырып, бара-бар мiнез-құлыққа қабiлеттiлiгi.
36. Тыныс-тiршiлiк әрекетiнiң шектелуiн көрiну дәрежесiне қарай жiктеу:
1) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлігiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегiмен және (немесе) өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - өзiне өзi қызмет көрсетуге қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу;
2) өз бетiмен жүрiп-тұру қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - тым көп уақыт жұмсап және қашықтықты қысқарту арқылы өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - өз бетiмен жүрiп-тұруға қабiлетсiздiгi және толығынан басқа адамдарға тәуелдi болу;
3) оқуға қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - арнайы оқу процесiнiң күн тәртiбiн сақтай отырып, және (немесе) қосымша құралдарды пайдаланып, және (немесе) басқа адамдардың (оқытатын қызметкерлерден басқа) көмегiн пайдалана отырып, жалпы үлгiдегi оқу орындарында оқу қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - арнайы оқу орындарында ғана немесе үйде арнайы бағдарлама бойынша оқуға қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - оқуға қабiлетсiздiгi;
4) еңбекке араласу қабiлеттiлігінiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - бiлiктiлiгiн төмендеткен немесе өндiрiс қызметiнiң көлемiн азайтқан жағдайда, еңбек қызметiн орындауға қабiлеттiлiгi, өз мамандығы бойынша жұмысты орындау мүмкiндiгiнiң жоқтығы;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып, арнайы жасалған жағдайларда және (немесе) арнайы жабдықталған жұмыс орындарында және (немесе) басқа адамдардың көмегiмен еңбек қызметiн орындау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - еңбек қызметiне қабiлетсiздiгi;
5) айналасын бағдарлау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдалану арқылы айналаны бағдарлау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - өзге адамдардың көмегiмен айналаны бағдарлау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - айналаны бағдарлау қабiлетсiздiгі (дезориентация);
6) қарым-қатынас жасау қабiлеттілiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - ақпаратты ұғыну, қабылдау және беру жылдамдылығының
азаюымен, көлемiнiң төмендеуiмен сипатталатын қарым-қатынас жасау
қабiлеттiлiгi;
екiншi дәреже - қосымша құралдарды пайдаланып және (немесе)
басқа адамдардың көмегiмен қарым-қатынас жасау қабiлеттiлігі;
үшiншi дәреже - қарым-қатынас жасауға қабiлетсiздiгi;
7) өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң шектелуi:
бiрiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын тек қана өз бетiмен бақылау
қабiлеттiлiгiнiң iшiнара төмендеуi;
екiншi дәреже - өзiнің мiнез-құлқын тек қана басқа адамдардың
көмегiмен iшiнара немесе толық бақылау қабiлеттiлiгi;
үшiншi дәреже - өзiнiң мiнез-құлқын бақылауға қабiлетсiздiгi.
8-тарау. Мүгедектiк топтарын анықтаудың өлшемдерi
37. Адамды мүгедек деп тану үшiн:
1) ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулықтың нашарлауы;
2) тыныс-тiршiлiк қабiлетiнiң шектелуi (адамның өзiне өзi қызмет ету,
өз бетiмен жүрiп-тұру, айналасын бағдарлау, қарым-қатынас жасау,
өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметiне араласуды жүзеге
асыру қабiлеттiлiгiнiң немесе мүмкiндiгiнiң толық немесе iшiнара
жоғалуы);
3) әлеуметтiк қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттiгi негiз болып
табылады.
Ағзаның жас мөлшерiне қарай өзгеруi мүгедектiк тобын анықтауға
негiз бермейдi.
38. Бiрiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының
тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бірiнiң не олардың мынадай ұштасуының:
үшiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгі;
үшiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлігі:
үшiншi дәрежеде айналасын бағдарлау қабiлеттiлігi;
үшiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгі;
үшiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлігінiң айқын
көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк
салдарынан туындаған денсаулықтың едәуiр тұрақты бұзылуы немесе ағза
функцияларының айқын көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады.
39. Екiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының
тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бiрiнiң не олардың мынадай ұштасуының:
екiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлігi;
екiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлігi;
үшiншi, екiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлiгi;
үшiншi, екiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде айналасын бағдарлау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
екiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң айқын
көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк
салдарынан туындаған денсаулықтың едәуiр тұрақты бұзылуы немесе ағза
функцияларының айқын көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады.
40. Yшiншi топтағы мүгедектiктi белгiлеу үшiн адам денсаулығының
тыныс-тiршiлiк қабiлетi санаттарының бiрiнiң не олардың мынадай
ұштасуының:
бiрiншi дәрежеде өзiне өзi қызмет көрсету қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде жүрiп-тұру қабiлеттiлiгі;
бiрiншi дәрежеде еңбек ету қабiлеттiлігi;
бiрiншi дәрежеде оқуға қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде бағдарлау қабiлеттiлiгі;
бiрiншi дәрежеде қарым-қатынас жасау қабiлеттiлiгi;
бiрiншi дәрежеде өзiнiң мiнез-құлқын бақылау қабiлеттiлiгiнiң бәсең
көрiнетiн шектелуiне әкелiп соққан ауру, жарақат немесе кемiстiк
салдарынан туындаған денсаулықтың тұрақты бәсең бұзылуы немесе ағза
функцияларының бәсең көрiнетiн бұзылуы өлшем болып табылады.
9-тарау. Қайта куәландыру мерзiмi көрсетiлмей үшiншi
топтағы мүгедектiлiк белгiленетiн анатомиялық
кемiстiктердiң тiзбесi
41. Қолдың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саусақтардың болмауы және қолдың жоғарырақ жерiнен келте
болуының мейлiнше жоғары деңгейі;
2) бұлшық еттiң тартылуы (буынның 10 градусқа дейiн мөлшерде
қозғалуы) немесе шынтақ буынының қолайсыз бiтуi (кемiнде 60 немесе 150 градустан астам) немесе бiлектiң алақанға төмен қаратылып немесе жоғары қаратылып бiтуi;
3) кескеннен кейiн иықтан төмен немесе шынтақтан төмен бiтпей қалған буын;
4) егер операция жақпағанда, иықтың немесе бiлектiң екi сүйегiнiң жалған буыны;
5) бiрiншi саусақты қоспағанда, төрт саусақтың барлық буындарының болмауы;
6) бiрiншi саусақты қосқанда, үш саусақтың барлық буындарының болмауы;
7) бiрiншi саусақты қоспағанда, төрт саусақтың немесе бiрiншi саусақты қосқанда, үш саусақтың айқын көрiнетiн орны шорбуын болып қозғалмай қалуы немесе сәл-пәл (қозғалтудың 5-8 градусқа шектелуi) қимылдайтындай болып қолайсыз бiтуi;
8) бiрiншi және екiншi саусақтардың алақан сүйектерiмен қоса
болмауы;
9) екi алақанның да бiрiншi саусақтарының болмауы.
42. Аяқтың кемiстiктерi мен ақаулары:
1) саннан төмен немесе тiзеден төмен келте болуы;
2) Шопар буыны деңгейiнде, Пироговтың әдiсi бойынша кескенде
табанның келте болып қалуы;
3) Шарп әдiсi бойынша екi жақтағы табан сүйектерiнiң басын кесiп
тастағаннан келте болып қалуы;
4) сирақтың табаны қисық бiтiп, буынның тартылуы немесе екi
сирақтың да буындарының қозғалмай қатып қалуы;
5) жедел емделуге жатпайтын, санның немесе балтырдың екi сүйегiнiң де
бiтпей қалған жалған буыны;
6) кескеннен кейiн жамбас пен санның бiтпей қалған жансыз буыны;
7) аяқтың 10 сантиметрге және одан да жоғары қысқа болуы;
8) жамбас пен сан буындарының тез шор болуы немесе функциональдық
қолайсыз бітуі (170 градустан астам немесе кемiнде 150 градус);
9) жамбас пен санның кейiннен болған шығуы.
43. Iшкi органдар функциясының бұзылуы айқын көрiнетiн 4-дәрежедегi
кифосколиоз.
44. Саусақтың немесе қолдың жансыздануы, аяқтың жансыздануы, қолдың
бүкiл жоғарғы жағынан салдануы және аяқтың бүкiл төменгі жағынан едәуiр
трофикалық бұзылуы.
45. Салған протез тамақты шайнауды қамтамасыз етпейтiн, жақ
сүйектерiнiң және қатты таңдайдың кемiстiктерi.
46. Гипофизарлы нанизм (ергежейлiлiк ауруы), остеохондропатия
(сүйектiң қабынуы), ергежейлiлік бар остеохондродистрофия.
47. Керең және мылқау, жасынан елi құлағынан бiрдей керең болуы.
48. Көмейдiң болмауы салдарынан үнемi түтiк арқылы демалу.
10-тарау 16 жасқа дейiнгі бала мүгедек болып табылатын
медициналық айқындамалар
49. 6 айдан 2 жылға дейiн мүгедектiктi белгiлеуге құқық беретiн
функционалдық өзгерiстер мен патологиялық күйi:
1) бастың сүйегi мен мидың зақымдануы, нейроинфекциядан кейiнгi айқын бiлiнетiн қозғалу, психикалық, сөйлеу қабiлеттiлiктерiнiң бұзылуы;
2) операциядан кейiнгi кезеңде ұзақ мерзiмдi қалпына келтiру және оңалту терапиясын қажет ететiн күйi;
3) бүйрек функциясының айқын бiлiнетiн тұрақты бұзылуы, бүйрек тiнiндегi патологиялық процес белсендiлiгiнiң жоғарғы дәрежесi;
4) ұзақтығы 2 айдан асатын гемморрагиялық васкулит кезiнде пайда болатын патологиялық жағдай;
5) асқазанның, аш iшектiң жара ауруының асқынғандығы;
6) процестiң 3 айдан асатын жоғары белсендiлiктегi дәнекер болатын тiннiң диффуздық бұзылуынан туындаған патологиялық күйi;
7) терапиялық түзеудi қажет ететiн өмiршеңдiк көрсеткiштер бойынша (зат алмасу, иммундық, қан тамырларының зақымдануы, қан формуласының өзгеруi және т.б.) 3 айдан асатын мерзiмге тағайындалатын әсерi күштi препараттарды ұзақ уақыт қолданудан туындаған патологиялық жағдай;
8) коагулопатия және тромбоцитопатия кезеңiндегі жатырдан дисфункциялық қан ағуы.
50. 2 жылдан 5 жылға дейiн мүгедектiктi белгiлеуге құқық беретiн функционалдық өзгерiстер мен патологиялық күйлер.
2 жыл мерзiмге дейiн мүгедектiк белгiленетiн
медициналық айқындамалар:
1) сөйлеу, көру, есту қабiлеттiлiктерiмен ұштасатын және оларсыз болатын қозғалу қабiлеттiлiгiнiң (аяқ-қолдарының шала сал болуы, генерализацияланған гиперкинездер, координацияның бұзылуы және т.б.) қозғалудың шамалы бiлiнетiн тұрақты бұзылуы;
2) сөйлеу қабiлеттiлiгiнiң тұрақты бұзылуы (алалия афазия, өтеуге келмейтiн түрi) дизартрия мен кекештенудiң ауыр дәрежесi;
3) жұлынның зақымдануынан туындайтын жамбас қуысы органдары функцияларының айқын бiлiнетiн бұзылуы;
4) тұрақты терапиялық резистенттi эпилептиформалық жағдай (айына 1 және одан да көп ұстамасы болатын) немесе жиi немесе құрысып-тырысусыз болатын ұстамалар (аптасына 2-3 рет);
5) ұзақтығы 6 айға және одан да ұзаққа созылатын созылмалы психотикалық жағдай;
6) есту, көру, сөйлеу қабiлеттiлiктерiнiң, жүрiп-тұру аппаратының, басқа органдар мен жүйелер функциясының бұзылуымен және мiнез-құлқының патологиялық түрiмен қоса болатын дебилдiк дәрежедегi ақыл-ойдың кемiстiгi;
7) тұрақты әлеуметтiк дезадаптацияға соқтыратын мiнез-құлқының патологиясы, эмоционалдық-еркiндiк аясының бұзылуы;
8) көбiрек көретiн көздiң көру қабiлеттiлiгiнiң 0,2 дейiн (түзетумен) тұрақты төмендеп кетуi және көбiрек көретiн көздің көру аумағы белгiленген бiр нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейiн тарылуы;
9) есту функциясының мүлдем болмауы (кереңдiгi 3-4 дәрежеде);
10) тамақ пен кеңiрдектiң туа бiткен немесе пайда болған ауруына байланысты трахеотомиялық түтiкшесiз өз еркiмен дем ала алмауы;
11) бронхиалдық астманың асқынған түрi;
12) iшек-қарын жолы, бауырдың және/немесе өт шығу жолдары дамуындағы ауру мен кеселдерге байланысты тамақ қорыту функциясының және/немесе бауыр функциясының айқын бiлiнетiн тұрақты бұзылуы;
13) 2-3 дәрежедегi және одан да жоғары iркiлген жүрек жетiспеушiлiгi немесе айқын бiлiнетiн асқынған гипоксемия, жүректiң соғу ырғағының бұзылуымен байланысты, соның iшiнде кардиостимуляторды имплантация жасалғаннан кейiнгi синкопалдық жағдай;
14) физикалық белсендiлiктiң кенет шектелуiне және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн терi қабығының және/немесе шырықты қабығының көлемдi зақымдануы (изъязвлениялар, эритродермия, айқын бiлiнетiн қышу, тыртық өзгерiстерi, папилломатоз және басқасы);
15) туа бiткен және тұқым қуалаған қан ауруларына байланысты жылына бiр реттен артық гемоглобиннiң 100 г/л төмендеп кетуiнен болатын анемиялық криздер;
16) функцияның айқын бiлiнетiн бұзылуы және/немесе қатерсiз iсiктiң пайда болу нәтижесiнде болған косметикалық кемiстiк.
5 жыл мерзiмге дейiн мүгедектiк белгiленетiн
медициналық айқындамалар.
1) диагноздың анықталған кезiнен бастап тоқтатқанға дейiн арнаулы диета сақтауды талап ететiн заттар алмасуының туа бiткен немесе тұқым қуалаған аурулары (фенилкетонурия, целиакция және басқасы);
2) тiршiлiк етудiң iшiнара бұзылуына және әлеуметтiк дезадаптацияға әкелетiн туа бiткен немесе тұқым қуалаған аурулар мен синдромдар;
3) асқынған лейкоз, лимфогрануломотоз;
4) сатысына қарамастан iсiктiң өсу процесi, түрлi локализациялы хирургиялық немесе емдеудiң басқа түрiнен кейiн пайда болған қатерлi iсiктер;
5) операция жасалған гидроцефалия;
6) сүйек тiнiнiң айқын бiлінетiн көлемдi деструкциялары (остеопороз, шемiршек қосындылары), сүйек пен бұлшық еттiң қисаюына, қайталама патологиялық сынықтарға, 2-3 дәрежедегi функционалдық жетiспеушiлiкке соқтыратын бұлшық еттердiң патологиялық өзгерiстерi (миофиброз, диффузды кальциноз);
7) омыртқасы мен төс қуысының, бiр немесе бiрнеше аяқ-қол буындарының тартылып бiтуi мен шор болып бiтуi, iрi сүйектерiнiң жалған буындарының 3-4 дәрежедегі деформациясы нәтижесiнде жүрiп-тұру функциясының бұзылуы;
8) аяқ-қолдың туа бiткен кемiстiгi немесе оның сегментi, мутиляциясы, тартылып бiтуi, синдактилиясы, артропатиясы және басқасына байланысты аяқ-қол функциясының бұзылуы;
9) туа бiткен бет органдарының толық немесе iшiнара аплазиясы, бет скелетiнiң және жұмсақ тiнiнiң кемiстiгiне немесе қисаюына байланысты дем алу, шайнау, жұтыну, сөйлеу функцияларының бұзылуы;
10) сiдiк пен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы, хирургиялық түзеуге келмейтiн немесе мерзiмi бойынша хирургиялық емдеуге жатпайтын iшек, қуық және қуық-жыныстық терең жаралар.
51. 16 жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге мүгедектiк белгiленетiн патологиялық күйлер:
1) айқын бiлiнетiн тұрақты сал болуы немесе аяқ-қолдың бiрiнiң немесе бiрнешеуiнiң терең сал болуы, тұрақты генерализацияланған гиперкинездер (қос атетоз, хореатетоз түрiндегi), координацияның айқын бiлiнетiн бұзылуы;
2) 2 жыл бойы және одан да көп болатын тұрақты терапевтикалық резистенттiк құрысып-тырысуы;
3) идиотия немесе имбецилдық дәрежеге сәйкес болатын әр түрлi генездегi олигофрения немесе ақыл-ойдың кемiстiгi;
4) көбiрек көретiн көздiң көру қабiлетiнiң 0,2 дейiн (түзетумен) төмендеп кетуi және көбiрек көретiн көздiң көру аумағы белгiленген нүктеден барлық бағыттарда 25 градусқа дейiн тарылуы, бiр көздiң болмауы немесе соқыр болуы;
5) кереңдiк;
6) туа бiткен немесе тұқым қуалаған (муковисцидоз, асқынудағы
альвеолиттер немесе өкпенiң дессиминирланған аурулары) сипаттағы
өкпе-тыныс жүйесiнiң зақымдалуы;
7) пайда болған немесе туа бiткен сипаттағы өкпе-тыныстың
асқынған ауруы, демiкпе бойынша 2 және жоғары дәрежедегi тыныстың
тұрақты жетiспеушiлiгi;
8) жүректiң инкурабельдiк ауруы бойынша 2-3 дәрежедегi жүректiң
iркiлген жетiспеушiлiгi;
9) туа бiткен, тұқым қуалаған, пайда болған аурулар бойынша
бауыр функцияларының айқын бiлiнетiн, қайтаруға келмейтiн тұрақты
бұзылуы;
10) асқынған бүйрек жетiспеушiлiгi, қатерлi гипертония, қантты емес
бүйрек диабетi;
11) инкурабельдiк қатерлi iсiктер;
12) орган функцияларының бұзылуына байланысты хирургиялық емдеуге
жатпайтын қатерсiз iсiктер;
13) емдеуге келмейтiн сiдiк пен үлкен дәреттiң тұрақты тоқтамауы,
үлкен дәреттiк және сiдiк-жыныстық терең жаралар;
14) маңызды органдардың болмауы немесе жетiлiп дамымауына байланысты
пайда болатын, функциялардың тұрақты бұзылуына соқтыратын патологиялық
жағдай;
15) аяқ-қолдың бiрiнiң және бiрнешеуiнiң дәрежесiне қарамастан
келте болуы;
16) шор болып бiтуiне, қолайсыз бiтуiне, патологиялық сынықтарға, скелеттiң деформациясына, жүрiп-тұру аппаратының даму кеселдерiне әкелетiн, өз еркiмен жүрiп, қозғалу және өз өзiне қызмет көрсету мүмкiндiгінен айрылуы бойынша скелеттiң жүйелi зақымдануы;
17) iшкi секреция функциясының жетiспеушiлiгi, қант диабетi (инсулинге тәуелдi түрi), қантты емес диабет (питуитрин-резистенттi түрi), Иценго-Кушинга ауруы, бүйрек үстi безiнiң жетiспеушiлiгi (Аддисон ауруы, тоталды адреналэктомиядан кейiнгi жағдай, бүйрек үстi безi қабыршығының туа бiткен дисфункциясы), гипофизарлы нанизм, туа бiткен және пайда болған гипотиреоздың, гипопаратиреоздың ауыр түрi, 4-дәрежедегi май басу;
18) асқынған лейкоз, гистиоцитоз;
19) қан ұюының туа бiткен немесе пайда болған гипо-аппастикалық жағдайы (гемоглобин 100 г/л төмен, тромбоциттер 1 куб. мм. 100 мыңнан төмен, лейкоциттер 1 куб. мм. 4 мыңнан төмен);
20) коагулопатия мен тромбопатияның ауыр түрлерi, ауыр геморрогиялық
криздарды үздiксiз тудырып отыратын асқынған тромбоцитопеникалық пурпура
(тромбоциттер саны 1 куб. мм. 50 мыңнан төмен);
21) туа бiткен иммунодефициттық жағдай. Ауыр аралас иммундық
жетiспеушiлiк, агамма-(гипогаммаглобулинемия), лимфа байланыстарының,
өкпенiң, бауырдың, басқа да органдардың бактериямен зақымдалуын тудыратын
септикалық гранулематоз;
22) қан сывороткасындағы Е иммуноглобулиннiң 1000 КЕД/л артық
концентрациясымен терiнiң астындағы клетчаткалардың, өкпенiң, бауырдың
және басқа да органдардың көбiнесе "салқын" абцестерiн тудыратын Е
гипериммуноглобулинемия синдромы;
23) пайда болған иммунодефицит жағдайы, ВИЧ инфекциясының
айқын көрiнiсi.
11-тарау. Мүгедектердi жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету
үшiн берiлетiн дәрiгерлiк айқындамалардың тiзбесi
52. Бөлмеде жүрiп-тұратын кресло-арба:
1) созылмалы қан айналымы ауруының үшiншi дәрежесi;
2) өкпе-жүрек ауруының үшiншi дәрежесi;
3) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
4) параплегия, төменгi парапарездiң айқындалған түрi;
5) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
6) тетраплегия, тетрапарездiң айқындалған түрi;
7) аса айқындалған атаксия, гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;
8) екi балтырдан немесе одан да жоғарырақ жерден келте болу.
53. Серуендеуге арналған кресло-арба:
1) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
2) параплегия, төменгi парапарездiң айқындалған түрi;
3) триплегия, трипарездiң айқындалған түрi;
4) тетраплегия, айқындалған тетрапарез;
5) екi балтырдан немесе одан да жоғары келте болу.
54. Мүгедектерге арналған арнаулы автокөлiк:
1) өкпе-жүрек ауруының екiншi сатысы;
2) бiр аяқтың сал болуы немесе шала сал болуы;
3) параплегия, аяқ парапарезiнiң айқындалған түрi;
4) гемиплегия, гемипарездiң айқындалған түрi;
5) аяқ қанының қоюлануы, созылмалы күре тамыры ауруының екiншi және одан да жоғары жетiспеушiлiгiнiң сатысы;
6) екi аяқ тамырларының созылмалы қан тамырлары ауруы, жетiспеушiлiгінiң 2-3 сатысы;
7) бiр аяқтың немесе екi бiрдей аяқтың кемiнде екi iрi буынының бiрнеше түйiн боп қозғалмай шор болып немесе қолайсыз бiтуi;
8) Шарп әдiсi бойынша екi табанның бiрдей келтелiгi (табан сүйектерiнiң басын кесiп тастау) және аяқтың жоғарырақ жерiнен келте болуы;
9) балтырдан келте болуы және аяқтың мейлiнше жоғары келте болуы;
10) жамбас пен сан буынының кейiннен болған шығуы;
11) жамбас пен санның немесе тiзенiң жансыз боп қалған буындары;
12) жамбас пен сан буынының айқын көрiнетiн шор болып бiтуi немесе қолайсыз бiтуi (қозғалу көлемi 10 градустан кем);
13) тiзе буынының 150 градустан кем және 170 градустан артық айқын көрiнетiн функциональды қолайсыз жағдайда шор болып бiтуі;
14) екi аяқтың да сирақ буындарының айқын көрiнетiн шор болып қатып қалуы немесе, сiңiр етiнiң тартылуы;
15) екi сан немесе балтыр сүйектерiнiң дұрыс бiтпеген сынықтары немесе олардың төменгi бұрышынан 170 градусқа кем қожырлануы;
16) екi аяқтың да сүйегiнiң iрiңдеп ағымдағы созылмалы ауруы және терең жара болуы, сүйектiң қабынып шiруi (екi жылдан астам);
17) жалған буын немесе iрi сүйегiнiң кемiстігi, балтырдың екi бiрдей сүйегiнiң кемiстiгi (сүйектiң көлденең немесе шет жағынан бастап жартысынан астам бүлiнуi) немесе жiлiншiк орнынан 170 градусқа кем төменгi бұрышынан қозғалып қолайсыз бiтуі;
18) бiр аяқтың 10 сантиметрге және одан да көп қысқа болуы;
19) жарақаттанудың салдарынан және жиi қайталанатын ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жара (6 айдан астам) немесе балтырдағы 20 шаршы сантиметр және одан да кеп, табанда 2 шаршы сантиметр, табанның үстiңгі жағында 10 шаршы сантиметр және одан да көн көлемдi трофикалық жаралар;
20) омыртқа функцияларының қатты, айқындала өзгерiп қисаюының 4-сатысы.
12-тарау. Медициналық-әлеуметтiк сарапшылық
комиссияларының қорытындыларына шағым жасау тәртiбi
55. Адамның, баланың ата-анасы (қамқоршысы) МӘСК-нiң сараптама шешiмiмен келiспейтiн жағдайларда бiр ай мерзiмде жоғары МӘСК-ге немесе тиiстi еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органына жазбаша берiлген өтiнiш негiзiнде шағым жасай алады.
56. Жоғары МӘСК өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр айдан
кешiктiрмей медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзедi және алынған
нәтижелер негізiнде қорытынды шығарады.
57. Жоғары МӘСК қорытындысына азамат немесе оның заңды өкiлi
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан
Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау орталық атқарушы
органына, сотқа шағым жасай алады.
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.