Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын құру және болашақ ұрпақ үшiн алғашқы жинақтауларды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелерi бойынша заңнамалық кесiмдердi әзiрлеу жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Ведомствоаралық комиссия жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгіне жүктелсiн.
3. Ведомствоаралық комиссия 2000 жылдың 1 қарашасына дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметiн қамтамасыз ететiн заңнамалық кесiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бастапқы тиiстi қаражатын қалыптастыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 4-тармағына сәйкес түсетiн қаражатты шоғырландыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотын ашсын және көрсетiлген шоттың қаражатын Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң депозиттерiне орналастыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Б.Өтембаевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 24 тамыздағы
N 1303 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мәселелерi бойынша
заңнамалық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу жөнiндегi
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әбілқайырұлы Министрiнiң орынбасары, төраға
Жәмiшев Болат - Қазақстан Республикасының
Бидахметұлы Қаржы бiрiншi вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Келiмбетов Қайрат - Қазақстан Республикасы
Нематұлы Стратегиялық жоспарлау жөнiндегi
агенттігiнiң төрағасы (келiсiм
бойынша)
Жолдасбеков Азамат - Қазақстан Республикасы Бағалы
Мырзаданұлы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының төрағасы (келiсiм
бойынша)
Тәжияқов Бисенғали - Қазақстан Республикасының
Шамғалиұлы Ұлттық Банкi төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша)
Аханов Серiк - Қазақстан Республикасының
Ахметжанұлы Экономика бiрiншi вице-министрi
Бозымбаев Қанат - Қазақстан Республикасының
Алдабергенұлы Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрi
Құзұтбаева Ажар - Қазақстан Республикасының
Қилымбекқызы Әдiлет вице-министрi
Нұрпейiсов Қайрат - Қазақстан Республикасының
Айтмұхаметұлы Мемлекеттік кiрiс вице-министрi
Елеманов Болат - Қазақстан Республикасының
Далдайұлы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi
төрағасының орынбасары
Котенко Наталья - Қазақстан Республикасының
Леонидовна Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Экономика бөлiмiнiң меңгерушiсi
Сәтқалиева Валентина - Қазақстан Республикасының
Адамқызы Қаржы министрлiгi Қазынашылық
комитетi төрайымының
мiндетін атқарушы
Бахмутова Елена - Қазақстан Республикасының
Леонидовна Қаржы министрлiгi Бюджет
департаментiнiң директоры
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.