Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - Спорт сарайы) Алматы қаласы әкiмiнің коммуналдық меншiгiне беру туралы Алматы қаласы әкiмiнің ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп Спорт сарайын Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес республикалық меншiктен, Алматы қаласы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берудi қамтамасыз етсiн.
3. Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгіленген тәртiппен коммуналдық меншiкке берiлетiн Спорт сарайын қайта тiркеудi қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 P981271_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат) мынадай өзгерiс
енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге
жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiндегi, реттік
нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.