Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1997 жылғы 14 маусымдағы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелерін және шаруашылық қызметті концессиялау шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шарттың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы Мақсұтбек Смағұлұлы Рахановқа Қазақстан
Республикасының атынан 1997 жылғы 14 маусымдағы Ішкі және халықаралық газ
тасымалдау жүйелерін және шаруашылық қызметті концессиялау шартына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа қол қою уәкілеттігі
берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.