"Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан алюминийi" ашық акционерлiк қоғамына (Павлодар қаласы, Қазақстан Республикасы) "W&W Welter GmbH" фирмасымен (Германия
;Федеративтiк Республикасы) 1998 жылы 4 мамырда жасасқан N 05-98 шартқа сәйкес жалпы активтiлiгi 1300 милликюри (СЭҚ ТН коды 2844), 6 Со-60 иондалған сәулелену көзiн Германия Федеративтiк Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен:
1) "Қазақстан алюминийі" ашық акционерлiк қоғамына жоғарыда көрсетiлген өнiмдердің импортына лицензия берсiн;
2) Қазақстан Республикасы бақылаушы органдарының әкелiнетiн өнiмнің түпкiлiктi пайдаланылуын тексеруге қол жеткiзуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi кеден заңнамасында белгiленген тәртiппен өнiмнiң кедендiк
бақылануын және оның кедендiк ресiмделуiн қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнің Атом энергетикасы
жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.