Астана қаласының айналасында инфроқұрылым мен экологиялық туризмді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тиісті аң шаруашылығымен бірге "Астана" халықаралық табиғи-туристік кешенін құру жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға қажетті барлық шараларды қабылдасын. Аң шаруашылығын құру жөніндегі іс-шаралар 2000-2001 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат қорғау объектілерінің
құрылысына және қайта жаңғыртуға көзделген қаражаттың есебінен және
шегінде жүзеге асырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.