Астана қаласының айналасында экологиялық туризмді дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 9 қыркүйектегі N 1371

      Астана қаласының айналасында инфроқұрылым мен экологиялық туризмді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің тиісті аң шаруашылығымен бірге "Астана" халықаралық табиғи-туристік кешенін құру жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға қажетті барлық шараларды қабылдасын. Аң шаруашылығын құру жөніндегі іс-шаралар 2000-2001 жылдарға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар

 

және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне табиғат қорғау объектілерінің

құрылысына және қайта жаңғыртуға көзделген қаражаттың есебінен және

шегінде жүзеге асырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады