"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына "Росвооружение" мемлекеттiк компаниясы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорыны (Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы) 2000 жылғы 2 маусымдағы N РВ/986006161007, N РВ/986034051010 келiсiм-шарттары бойынша 1-қосымшаға сәйкес номенклатурада және санында Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк қызметi үшiн беретiн арнайы мүлiктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Халықаралық темiржол жүк қатынасы туралы келiсiмнiң қолданылып жүрген Қауiптi жүктердi тасымалдаудың ережелерiне және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктi темiр жол көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен арнайы мүлiктiң Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгi осы қаулыны iске асыру мақсатында қажеттi шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
N 1435 қаулысына
1-қосымша
"Росвооружение" мемлекеттiк компаниясы" (Мәскеу қаласы,
Ресей Федерациясы) 2000 жылғы 2 маусымдағы
N РВ/986006161007, N РВ/986034051010 келiсiм-шарттары
бойынша Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк
қызметi үшiн беретiн арнайы мүлiктiң номенклатурасы және саны
___________________________________________________________________________
Жөнелтуші шекарадан !Жеткізілетін арнайы мүлік. ! СЭҚ ТН !Өлшем! Саны !
өту станциясы, алушы!тің номенклатурасы мен ! коды !бір. ! !
!атауы ! !лігі ! !
___________________________________________________________________________
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 !
---------------------------------------------------------------------------
"Тула қару-жарақ жинақтаудағы 9 мм арнайы
зауыты" ААҚ-мы, АС автоматы 930100000 796 180
"Клим штамптау
зауыты" ААҚ-мы, Жинақтаудағы арнаулы ӘӘН
"Арнайы техника 9 мм мергендік
және байланыс" винтовкасы 930100000 796 115
ҒӨБ ш/ө ст. Елек-1
-Шеңгелді Жинақтаудағы 9 мм СР-3
шағын көлемді автоматы 930100000 796 180
Алушы: Өзбекстан
Республикасының 9 мм СП-5 патрондары 930630100 796 149600
Ұлттық қауіпсіздік
қызметі 9 мм СП-6 патрондары 930630100 796 112000
Жинақтаудағы "Грот-3В"
жеке қорғануға арналған
костюм 930630100 796 18
Жабық вагондар құрамында,
саны қосымша хабарланатын
болды
---------------------------------------------------------------------------
"Ижмаш" "Концерні 7.62 мм АК-103
ААҚ-мы ("Ижмаш" Калашников автоматы 930100000 796 120
МӘК-н бірлесіп)
ш/ө ст. Никель- 7.62 мм АК-104
Тау-Шеңгелді Калашников автоматы 930100000 796 172
7.62 мм Драгуновтың
Алушы: Өзбекстан мергендік СВД 930100000 796 96
Республикасының винтовкасы
Ұлттық қауіпсіздік
қызметі 9 мм ПМ пистолеті
(индексі 56-А-125) 930200100 796 1200
құрамында 1 жабық вагон,
1 адамдарға арналған
вагон
---------------------------------------------------------------------------
"Тула қару-жарақ 5.45 мм АКСУ-4
зауыты" ААҚ-мы Калашников автоматы 930100000 796 120
ш/ө ст. Озинки-
Шеңгелді құрамында 1 жабық
Алушы: Өзбекстан вагон, 1 адамдарға
Республикасының арналған вагон
Ұлттық қауіпсіздік
қызметі
___________________________________________________________________________
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.Н.