"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi
Заңына
сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережедегi:
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.".
6-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі