Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1439. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.03.15. N 168 қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртiбi туралы ережедегi:
      3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бүкiл кезең бойы тиiстi кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға лицензия беру үшiн лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша лицензия беру сәтiне бiр жолғы тәртiпте жүзеге асырылады.".
     6-тармақ алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады