Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі Заңына
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;
N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,
281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N
10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195,
205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197 , 201, 202-құжаттар N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; 2000 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына автокөлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі N 65-ІІ ҚРЗ Заңы) мынадай толықтырулар мен өзгерістер
енгізілсін:
1. 1-баптың 1-тармағы "(актілерді қоспағанда)," деген сөздерден кейін
"Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңынан," деген сөздермен толықтырылсын.
2. 5-бапта:
6-тармақшадағы "кредиттер" деген сөзден кейін "қаржылық" деген сөзбен
толықтырылсын;
19) тармақшадағы "лизинг" деген сөз "негізгі құралдардың
қаржылық лизингі" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшаның г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) резидент-заңды тұлғадан түсетін дивидендтер, мұндай заңды тұлғаға
қатысу үлесін сатудан түсетін өсім нысанындағы табыс;";
мынадай мазмұндағы г-1) тармақшамен толықтырылсын:
"г-1) қазақстан қор биржасының "А" ресми тiзiліміндегi ашық
акционерлiк қоғамдардың акцияларын қоспағанда, бағалы қағаздарды сату
кезiндегi күн өсiмiнен түскен табыс;";
46) тармақтың д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) негiзгi құралдардың қаржылық лизингi;".
3. 6-бапта:
1-тармақтың үшiншi абзацында:
"салық" деген сөз алынып тасталсын;
"Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстардың бюджеттерiне" деген сөздер "олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге не Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "өзi өндiрген тауарларды" деген сөздер "өзi өндiрген ауылшаруашылық өнiмдерiн, сондай-ақ өзi өндiрген ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеуден алынған өнiмдердi" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 11-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) банктiк ұйымдардың құрылған мәжбүрлi шығындарының мөлшерiн азайтудан түскен табыстар;";
14) тармақшадағы "Заңның" деген сөзден кейiн "20-4-бабының 3-тармағына," деген сөздермен толықтырылсын;
16) тармақшадағы "138-1-бабына" деген сөздер "138-бабының 1-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 13-бапта:
3) тармақшадағы "инфляцияға орай түзетулер ескерiле отырып" деген сөздер "қазақстан қор биржасының "А" ресми тiзiмiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде мемлекеттiк органнан немесе мемлекеттiк кәсiпорыннан қайтарымсыз негiзде алған негiзгi құралдардың құны.".
6. 18-бапта:
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақтағы "1 және 2-тармақтарында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. 20-баптың 6-тармағының 2), 9) және 10) тармақшалары алынып тасталсын.
8. 20-2-баптың 2-тармағындағы "салық жылының басында жұмсалған тiркелген активтердi қайта бағалау сомасы, сондай-ақ осы Заңның 20-8-бабына сәйкес айқындалған бағалау сомасы" деген сөздер "тiркелген активтердi қайта бағалау сомасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. 20-4-баптың 3-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Оларды үш жылдық кезең аяқтағанға дейiн іске асырған жағдайда жүргiзілген шегерiмнiң сомасы жылдық жиынтық кiрiстi ұлғайтуға жатады.".
10. 20-7-бапта:
атауындағы "лизинг" деген сөз "негiзгі құралдардың қаржылық лизингi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
"Лизингке (лизинг бойынша) және "тiркелген активтердiң" деген сөздер тиiсiнше "Қаржылық лизингке (қаржылық лизинг бойынша)" және "негiзгi құралдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы "лизингке берiлген тiркелген активтердiң
деген сөздер "қаржылық лизингке берiлген негізгі құралдардың" деген
сөздермен ауыстырылсын.
11. 20-8-бапта:
2-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Негiзгі құралдарды жете бағалау сомасына 15 процент ставка
бойынша табыс салығы салынады.
Табыс салығын төлеу жете бағалау жүргiзiлген айдан кейiнгi айдың
ішінде жүргiзiледi.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Жете бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдарды
шегерiмдерге жатқызудан салық төлеушi есептi кезеңнiң iшiнде шеккен
зияндар салық салу мақсатында ескерiлмейдi.".
12. 20-9-баптың 2-тармағындағы "Лизингке" деген сөз "Негiзгi құралдардың қаржылық лизингiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 27-баптың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы баптың жоғарыда көрсетiлген ережелерi жете бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдардың шегерiмдерiне жатқызудан салық жылы iшiнде келген зияндарға қолданылмайды.".
14. Мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
"4-1-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына салық салу
28-1-бап. Салық салу объектiсi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға және орындауға байланысты салық жылы ағымында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдерi түрiндегi табыс сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
2. Осы Заңда көзделген жылдық жиынтық табыс пен шегерiмдер арасындағы айырмашылық ретiнде есептелген салық салынатын табыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлгендердi және сақтандыру төлемдерiн орналастырудан алынған (алынуға жататын) инвестициялық кiрiстi қоспағанда, табыстар бойынша табыс салығын салу объектiсi болып табылады.
28-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының табыстарын есепке алу
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру төлемдерiн орналастырудан инвестициялық табыстарды қоса алғанда салық салу мақсатында сақтандыру төлемдерi түрiндегi табыстар бойынша, сондай-ақ осы Заңның 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлмеген қызметтен алынатын табыстар мен шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзуге мiндеттi.
28-3-бап. Табыс салығының ставкалары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының негiзiнде сақтандырушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдерiнiң сомасы 10 процент ставка бойынша осы Заңда белгiленген шегерiмдердi жүзеге асырмай табыс салығын салуға жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары алған осы Заңның 28-1-бабының 2-тармағында көрсетiлген алынған (алуға жататын) табыстар осы Заңның 30-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша табыс салығын салуға жатады.
28-4-бап. Табыс салығын төлеудiң мерзiмi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық жылының iшiндегi сақтандыру төлемдерiнiң алуға ұйғарылып отырған (алынған) сомасының 1/12 ескере отырып, ағымдағы айдың 20-күнiнен кешiктiрмей сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының негiзiнде сақтандырушылардан алынуға жататын (алынған) сақтандыру төлемдерi түрiндегi табыстар бойынша табыс салығын төлейдi.
2. Осы Кодекстiң 28-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi және сақтандыру төлемдерiн орналастырудан алынатын инвестициялық табысты қоспағанда, салық жылының iшiнде алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша осы Заңның 51-бабында белгiленген тәртiппен аванстық төлемдер төленедi.
28-5. Табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру төлемдерi түрiндегi табыстар бойынша тоқсан үшiн есептелген табыс салығы бойынша тоқсаннан кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей есептеме ұсынады.
2. Салық жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары осы Заңның 49-бабында белгіленген мерзімде барлық табыстар бойынша декларациялар тапсыруға міндетті.
3. Табыс салығын түпкілікті есептеу және төлеу осы Заңның 52-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.".
15. 30-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
16. 34-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
8) тармақшадағы "негiзгi құралдар бойынша" деген сөздер "негiзгi құралдардың қаржылық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерi; бiлiм беру ұйымдары оқитындарға төлейтiн мемлекеттiк стипендиялар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерлеп стипендиялар; жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақыларды, пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшiн өтемақыларды, сондай-ақ жеке еңбек шартын бұзған кезде төленетiн өтемақыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлетiн жәрдемақылар, өтемақылар, әлеуметтік жеңiлдiктер, атаулы әлеуметтiк жәрдемақылар; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты денсаулығына келтiрiлген зиянмен не өзге де залалмен келтiрiлген зиянның орнын толтыру (жоғалтқан жалақысы бөлiгiндегі орнын толтырудан басқа); сәтсiз оқиғаның нәтижесiнде немесе олардың еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiндегi қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру өтемiнiң сомасы;";
6) тармақшаның екiншi сөйлемi алынып тасталсын;
7) тармақшадағы ", сондай-ақ мемлекеттiк (ұлттық) лотерея бойынша ұтыстар" деген сөздер алынып тасталсын;
7 және 9-тармақтар алынып тасталсын.
17. 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"43-бап. Негiзгi құралдардың қаржылық лизингi
1. Лизинг берушi лизинг алушыға амортизацияға жататын негiзгi құралдарды беруi, егер ол мынадай шарттарға жауап берсе:
1) негiзгi құралдарды лизинг алушының меншiгiне беру немесе лизинг алушыға тiркелген баға бойынша негiзгi құралдарды сатып алу бойынша құқық беру лизинг шартымен анықталса;
2) қаржылық лизингтiң мерзiмi негiзгi құралдардың пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 80 пайызынан асып түссе қаржылық лизинг болып табылады.
Қаржылық лизингке (қаржылық лизинг бойынша) берілген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасқан сәтте анықталады.
Салық салу мақсатында мұндай мәмiле лизинг алушының негiзгi құралдарды сатып алуы ретiнде қаралады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн қаржылық лизингтiң мерзiмi лизинг алушы шартқа сәйкес қаржылық лизингтi ұзартуға құқығы бар қосымша мерзiмдi қамтиды.".
18. 49-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "500" деген сандар "2000" деген сандармен ауыстырылсын;
6-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ауыл шаруашылығына жатпайтын өнiмдi, өзi өндiрмеген өнiмдi, акцизделетiн өнiмдi және оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан кiрiсi бар бiрыңғай жер салығын төлеушiлер бөлек есеп жүргiзуге және олар бойынша табыс салығын есептеудi және төлеудi жүзеге асыруға, сондай-ақ жиынтық жылдық табыс және осы бөлiмге сәйкес жүргiзiлген шегерiмдер туралы декларацияны көрсетуге мiндеттi.".
19. 50-бапта:
4-тармақтың 3-1) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi салық жылында төленбеген қазақстандық көзден алынған кiрiстердi шегерiмдерге жатқызған кезде төлем көзiнен ұсталған салықты жиынтық жылдық табыс және салық жылындағы жүргізiлген шегерiмдер туралы декларацияны берген күннен бастап 10 күн өткен соң осы баптың 1-тармағына сәйкес, бiрақ есептiден кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.".
20. 54-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өзi шығаратын ауылшаруашылық өнiмдерiн және оларды қайта өңдеуден алынатын өнiмдердi сатудан түсетiн айналымдар жөнiндегi бiрыңғай жер салығын төлеушiлер қосылған құнға салынатын салық төлеушiлер болып табылмайды.
Ауылшаруашылыққа жатпайтын өнiмдердi және өзi шығармаған өнiмдердi, акцизделетiн өнiмдi сатудан түсетiн айналымдар жөнiндегi, сондай-ақ оларды қайта өңдеу өнiмдерiн сатудан түсетiн айналымдар жөнiндегi бiрыңғай жер салығын төлеушілер осы Заңға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудi және төлеудi жүзеге асырады.".
21. 56-8-баптың 2-тармағы алынып тасталсын.
22. 57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:
"27) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi негiзiнде қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк кәсiпорынға берген негiзгi құралдарды сату жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорындардың айналымдары.";
23. 65-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы "қосылған құнға салынатын салық сомасы бөлек көрсетілетін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының нормативтік және құқықтық кесімдерімен анықталған нысандар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.
24. 69-баптың 1-тармағының екiншi абзацы "салық төлеушiлерге" деген сөздерден кейiн "(осы Заңның 138-2, 138-3 және 138-4-бағыттарына сәйкес салық салудың оңайлатылған режимiн қолданатындарды қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын.
25. 73-баптың 1-тармағының екiншi абзацындағы "салық төлеушiнiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзу жүзеге асырылған айдағы" деген сөздер "осы Заңның 64-бабына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
26. 75-баптың 3-тармағындағы "тауарларды өндiретiн" деген сөздердiң алдынан ", бензиннiң (авиациялықты қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын.
27. 76-баптың 2-тармағындағы "маркаларымен" деген сөз "және есептеп-бақылау маркаларымен" деген сөздермен толықтырылсын.
28. 80-баптың 1-тармағындағы "15)" деген сан алынып тасталсын.
29. 104-7-баптың 3-тармағында:
2) тармақша "пайдаланылмаған" деген сөздiң алдынан "жеке еңбек шарты бұзылған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
3), 4), 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жеке еңбек шарты бұзылған кезде, ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда, қызметкер әскери қызметке шақырылған кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орташа айлық жалақы мөлшерiнде төленетiн өтемақыға;
4) геологиялық-барлау топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшердегi далалық үлесiне;
5) вахталық әдiспен жұмыстарды немесе жылжымалы сипатқа байланысты жұмыстарды орындайтын қызметкерлердiң жалақысына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшердегi үстемелерге;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметкерге олардың еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты жарақаттануына не өзге де денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыруға (жоғалған жалақысының бөлiгінiң орнын толтырудан басқа);";
11), 12), 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) ұйыммен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кезде жүрiп-тұрғаны, мүлiктi алып өткенi және үй-жайды жалдау бойынша құжаттық расталған шығыстардың өтемақысына;
12) жалпы науқастануына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi және босануы бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар және ұл немесе қыз асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдемақыларға;
13) Қазақстан Республикасының экологиялық апаттың немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зиян шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы заңдарына сәйкес азаматтарға берiлген төлемдерге;";
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкіметтерiнiң және халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлетiн гранттардың қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн төлемдерге;";
мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi берген мемлекеттiк сыйлықтар, стипендиялар.".
30. 104-9-бапта:
1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың" деген сөздер "қызметкерлердiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "35" деген сан "20" деген санмен ауыстырылсын;
6-тармақ алынып тасталсын.
31. 108-бапта:
2 және 3-тармақтардағы "Салық ставкасы, теңгемен" деген сөздер
"Салықтың базалық ставкасы, теңгемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
32. 112-бапта:
1-тармақтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "салық ставкасы" деген сөздер "салықтың базалық
ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы:
"ставкалары" деген сөздiң алдынан "базалық" деген сөзбен
толықтырылсын;
"автотұрақтарға" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Елдi мекендердiң жерлерiндегi автотұрақтарға бөлiнген тұрғын үй емес құрылыстар, ғимараттар, оларды ұстауға қажетті учаскелер, сондай-ақ объектiлердiң санитарлық қорғаушы аймақтары осы баптың 1-тармағында көзделген техникалық және басқа да аймақтар алып жатқан жерлердiң базалық ставкасы бойынша 2-ден бастап он есе ұлғайтылған салық салынады. Ставкаларды ұлғайтудың нақты мөлшерiн жергiлiктi өкiлдi органдар
белгiлейдi.".
33. 113-бапта:
3-тармақтағы "ставкалар" деген сөздiң алдынан "базалық" деген сөзбен
толықтырылсын;
4-тармақтағы "ставкасын" деген сөздiң алдынан "базалық"
деген сөзбен толықтырылсын:
34. 114-бапта:
1-тармақтағы "Салық ставкасы, теңгемен" деген сөздер "Салықтың
базалық ставкасы, теңгемен" деген сөздермен ауыстырылсын;
35. 115-бапта "салық ставкасын" деген сөздер "салықтың базалық
ставкасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
36. 123-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
37. 125-1, 125-2, 125-3-баптардағы "Жеке меншiгiнде немесе" деген
сөздер алынып тасталсын.
38. 125-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"125-4. Салықты есептеу төлеу және декларацияны тапсыру тәртiбi
1. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жердi пайдалану құқығындағы жер учаскесiнiң бағалау құнын және салық ставкасын ескере отырып есептейдi.
2. Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджетке - ағымдағы есептi кезеңнiң 20 қазанынан және келесi есептi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер төлемнiң бiрiншi мерзiмiнде ағымдағы есептi кезеңде есептелген бiрыңғай жер салығы жалпы сомасының кемi 1/2 бөлiгiн төлейдi. 20 қазаннан кейiн құрылған бiрыңғай жер салығын төлеушiлер ағымдағы есептi кезең үшiн төлеуге жататын салықтың жалпы сомасын есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде енгiзедi.
Декларация бойынша бiрыңғай жер салығының қалдық сомасын төлеу есептiден кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
3. Салық төлеушiлер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органдарына есептi кезең үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ұсынады.
Ағымдағы есептi кезеңге арналған тиiстi құжаттармен бiрге салық сомасының есеп айырысуы, сол сияқты ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.
Декларациялардың және салық сомасының есеп айырысуының нысандарын, оларды толтырудың тәртiбiн, сондай-ақ салық сомасының есеп айырысуымен ұсынылатын тиiстi құжаттардың тiзбесiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
Қайта құрылған салық төлеушiлер жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктi алу кезiнде ағымдағы есептi кезеңге арналған қосымшаларымен бiрге салық бойынша есептеменi ұсынады.
Салық төлеушiлер қызметi тоқтаған кезде 15 күндiк мерзiмде бiрыңғай жер салығын төлеу бойынша декларацияны қызметтiң тоқтатылғаны туралы шешiм қабылданған сәттен бастап жер учаскесi орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына ұсынады.
4. Жер учаскесiн екiншi жер пайдаланушыға беру кезiнде салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен бiрыңғай жер салығын есептейдi және төлейдi.
5. Салық төлеушiлер бiрыңғай жер салығын жердi пайдалану құқығында жер учаскесiне иелік етудiң іс жүзiндегi кезеңi үшiн есептейдi және төлейдi (салық салу объектiсiнiң өзгерiстерiн ескере отырып).".
39. 138-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәмiленi жасау кезiнде қолданылатын рыноктық бағалардың ауытқуы кезiнде салық қызметi органдары салық салу объектiлерiн трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылау туралы заңнамаларға сәйкес түзетедi.";
екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтар алынып тасталсын.
40. 138-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"138-1-бап. Салық салудың оңайлатылған режимi
1. Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн патент және оңайлатылған декларация негiзiнде салықтарды есептеудiң және төлеудiң ерекше тәртiбiн көздейтiн салық салудың оңайлатылған режимi белгiленедi.
2. Салық төлеушiлерге осы Заңның 138-2, 138-3, 138-4-баптарында көрсетiлген тиiстi жағдайлармен (құмар ойын бизнесi саласындағы қызметтi жүзеге асыруды қоспағанда) жалпы белгiленген тәртiпте немесе салық салудың оңайлатылған режимiнде салықтарды есептеудiң және төлеудiң тәртiбiн таңдауға құқық берiледi.
Құмар ойын бизнесi саласында қызметтерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер бюджетпен есеп айырысуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен патент негiзiнде жүзеге асырады.
3. Салық төлеудің оңайлатылған режимдерін қолдану үшін белгіленген шарттар сақталмаған кезде, оның iшiнде жалған деректер бергенi үшiн салық төлеушi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауап бередi.".
41. Мынадай мазмұндағы 138-2, 138-3, 138-4-баптармен толықтырылсын:
"138-2-бап. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнен қолма-қол ақшамен жұмыс iстейтiн және тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi iске асыру бойынша шектеулi айналымы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған қызметкерлердiң шектеулi саны бар жеке және заңды тұлғаларға қолданады.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдану шарттары, салықтарды есептеудiң және төлеу мерзiмiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
Патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға мүмкiндiк жағдайлар туындаған жағдайда салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде салық төлеудiң оңайлатылған режимiне не салық есептеудiң және төлеудiң жалпы белгіленген тәртiбiне көшедi.
Осы баптың ережелерi 138-3-баптың 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
138-3-бап. Заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Осы бапта көзделген салық салудың оңайлатылған режимiн мынадай заңды тұлғалар қолданады:
1) жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретiн және өзi өндiрген ауылшаруашылық өнiмдердi сататын;
2) осы өнiмнiң өзiндiк өндiрген өнiмдерiн ұқсататын және сататын, толық циклмен (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығының және құс шаруашылығының (оның iшiнде асыл тұқымды), омарташылықтың ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiретін заңды тұлғаларға қолданылады.
Салық салудың оңайлатылған режимiн патент негiзiнде:
филиалдары мен өкiлдiктерi бар,
тәуелдi (оның ішiнде еншiлес) ұйымдары бар заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.
2. Патент бойынша салық салудың оңайлатылған режимi негiзiнде салықтарды есептеу және төлеу үшiн салық төлеушi жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша аумақтық салық органына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгілеген нысан және тәртiп бойынша өтiнiштер мен құжаттарды ағымдағы салық жылының 20 ақпанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ұсынады.
Көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi тапсырмаған салық төлеушi оның келiсiмiмен салықтарды жалпы белгіленген тәртiппен есептейді және төлейдi.
Салық жылының басында таңдап алынған оңайлатылған режимдi қоса алғанда, салықтарды есептеу мен төлеудiң тәртiбi салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
3. Патенттiң құнына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, әлеуметтiк салық, жер салығы, мүлiкке салынатын салық, көлiк құралдарына салынатын салық қосылады.
Патент құнын есептеу кезiнде бюджетке төлеуге жататын салық сомасы 80 процентке кемiтiледi.
Патент құнын есептеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
4. Патент құнының есептемесiне енгiзiлген салықтарды төлеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен мынадай үш мерзiмде:
1) ағымдағы салық жылының 20 мамырынан кешiктiрмей;
2) ағымдағы салық жылының 20 қазанынан кешiктiрмей;
3) есептiден кейiнгі салық жылының 20 наурызынан кешiктiрмей жүргiзiледi.
Патент құнына енгiзiлген салықтар бойынша салық төлеушiлер декларация ұсынудан босатылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызметтердiң түрлерiн жүзеге асыру кезiнде, оның iшiнде акцизделетiн өнiмдердi өндiру және/немесе ұқсату кезiнде салық төлеушiлер табыстардың және шығыстардың (жалақы төлемдерiн қоса алғанда), мүлiктiң (оның iшiнде көлiк құралдары және жер учаскелерi) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен қызметтердiң мынадай түрлерi бойынша тиiстi салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төленетiн төлемдердi есептеудi және төлеудi жүргiзедi.
138-4-бап. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi
1. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимi заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын бұдан әрi - табыс салығы) есептеудiң және төлеудiң және төлем көзiнен ұсталатын табыс салығын қоспағанда әлеуметтiк салықтың оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi.
Осы тармақта көрсетілмеген, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа
да мiндеттi төлемдердi есептеу және төлеу жалпы белгіленген тәртiппен
жүргiзiледi.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған
режимiнде бюджетпен есеп айырысу үшiн есептеме кезеңi тоқсан болып
табылады.
3. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған
режимi егер осы бапта өзгелер көзделмесе салық төлеушi мынадай шарттарға
сәйкес қолданады:
1) заңды тұлғалар құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке
тұлғалар үшін:
кәсіпкердің өзін қоса алғанда есептi кезеңдегi қызметкерлердiң
болжанып отырған орташа тiзiмдiк саны 25 адамнан аспайды;
кәсiпкерлiк қызметтiң 7-ден артық емес түрiн жүзеге асырады;
есептiк кезеңдегi болжамданған табыс 4500,0 мың теңгеден аспайды;
2) заңды тұлғалар үшін:
есептік кезеңдегі қызметкерлердің болжанып отырған орташа тізімдік
саны 25 адамнан аспайды;
кәсіпкерлік қызметтің 7-ден артық емес түрін жүзеге асырады;
есептік кезеңдегі болжамданған табыс 9000,0 мың теңгеден аспайды.
4. Оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған
режимi қызметтердiң мынадай түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлерге
қолданылмайды:
1) акцизделетiн өнiмдердi шығару;
2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлiк қызмет көрсетулерiн;
3) мұнай өнiмдерiн сату;
4) шыны ыдыстарын жинау және қабылдау;
5) жер қойнауын пайдалану;
6) құмар ойындары бизнесi;
7) лицензияланатын, мыналарды қоспағанда:
медициналық, дәрігерлiк және малдәрiгерлiк;
тұрғын үй коммуналдық-тұрмыстық объектілердi газдандыру бойынша
өндiрiстiк, құрылыс және құрылыс жұмыстары;
күзет, өрт дабыл және өртке қарсы автоматтық құралдарын жобалау,
монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
өртке қарсы техникаларды, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын
шығару және сату;
жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету;
дезинфикациялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң түрлерiн әзiрлеу, өндiру, ұқсату және көтерме сату;
жолаушылар мен жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау;
емдеу препараттарын әзiрлеу және/немесе сату;
жобалау, іздеу, сараптау, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдарды және конструкцияларды өндiру бойынша жұмыстар;
алкогольдiк өнiмдердi бөлшек саудада сату.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген шарттарға қарамастан салық салудың осы жеңiлдетілген режимiн:
1) филиалдары, өкілдіктерi және өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлер;
2) салық төлеушiлердiң филиалдары, өкілдiктерi және өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлiмшелері;
3) заңды тұлғалардың еншілес ұйымдары және тәуелдi акционерлiк қоғамдар;
4) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер және осы Заңның 138-3-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлердiң қолдануға құқығы жоқ.
6. Салық төлеушi оңайлатылған декларация негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн таңдау кезiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген мерзiмдерде және нысан бойынша жергiлiктi жерi бойынша есепке қою үшiн өтiнiштi аумақтық салық органына тапсырады.
Салықтарды есептеу мен төлеудiң таңдап алынған тәртiбi осы баптың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық жылының iшiнде өзгертiлуге жатпайды.
7. Есептi кезеңнiң қорытындысы бойынша салық төлеушi аумақтық салық органына оңайлатылған декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10-күнiне дейін тапсырады.
8. Есептi кезең үшiн жеңілдетiлген декларация бойынша төлеуге жататын табыс және әлеуметтiк салықтың сомасы (бұдан әрi - салық) салық салу объектiсiне осы баптың 10-бабымен белгіленген ставканы қолдану арқылы айқындалады.
Төлем көзiнен салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар бар болған жағдайда бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын) табыстарды қамтитын есептi кезеңде алынған (алынуға жататын) табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Оңайлатылған декларация бойынша төлеуге жататын салық сомасын салық
төлеушi қызметкерлердiң орташа тiзiмдiк санына негіздей отырып әрбiр
қызметкер үшiн салық сомасының 1,5 процентi мөлшерiндегi сомаға кемiтедi.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес есептелген жеңілдетiлген декларация
бойынша салықтың сомасы табыс және әлеуметтiк салықтарға арналған тең
үлесте бөлiнедi және есептi кезеңнен кейiнгi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей
бюджетке төлеуге жатады.
10. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке
тұлғалардың табыстары мынадай ставкалар бойынша салық салуға жатады:
_______________________________________________________________________
Тоқсандағы табыстың мөлшері ! Салық ставкасы
_______________________________________________________________________
1500,0 мың теңгеге дейін қоса Табыстардың сомасынан 4 процент
алғанда
_______________________________________________________________________
3000,0 мың теңге бойынша 1500,0 1500,0 мың теңгеден артатын 60,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 7
процент
_______________________________________________________________________
4500,0 мың теңге бойынша 3000,0 3000,0 мың теңгеден артатын 165,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 11
процент
_______________________________________________________________________
Заңды тұлғалардың табысы мынадай
ставкалар бойынша салық салынуға жатады:
_______________________________________________________________________
Тоқсандағы табыстың мөлшері ! Салық ставкасы
_______________________________________________________________________
1500,0 мың теңгеге дейін қоса Табыстардың сомасынан 5 процент
алғанда
_______________________________________________________________________
3000,0 мың теңге бойынша 1500,0 1500,0 мың теңгеден артатын 75,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 7
процент
_______________________________________________________________________
4500,0 мың теңге бойынша 3000,0 3000,0 мың теңгеден артатын 180,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 9
процент
_______________________________________________________________________
4500,0 мың теңге бойынша 6500,0 4500,0 мың теңгеден артатын 315,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 11
процент
_______________________________________________________________________
6500,0 мың теңге бойынша 9000 6500,0 мың теңгеден артатын 535,0
мың теңгеден жоғары мың теңге + табыс сомасынан 13
процент
_______________________________________________________________________
11. Осы баптың 3-5-тармақтарында белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші есептіден кейінгі тоқсаннан бастап жалақы белгіленген салықтарды есептеу және төлеу тәртібіне көшеді.
12. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар өзгерген кезде (көрсеткіштердің артуы) заңды тұлға ретінде тиісті тіркеуден кейін оңайлатылған декларация негізінде салық салудың оңайлатылған режимін қабылдауға құқылы.".
42. 142-баптың мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтсiн тiзбе бойынша салық төлеушi электрондық құжат түрiндегi аппаратты Қазақстан Республикасының нормативтiк және құқықтық кесiмдерiмен анықталған нысандар бойынша ұсынуға мiндеттенедi.".
43. 152-бапта:
1-тармақтағы "70-баптың үшiншi тармағындағы" сөзi "71-1-баптағы 1-тармақтағы" сөзiмен ауыстырылсын;
44. 163-4-бапта:
тақырыптағы "ағымдағы" деген сөзден кейiн "және аванстық" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Бiр жылғы iс жүзiнде есептелген табыс салығының сомасы бiр жылдың iшiнде енгiзiлген аванстық төлемдер сомасынан 10 проценттен жоғары мөлшерден асқан жағдайда салық төлеушiге салық салынатын табыстың 2 процентi мөлшерiнде, 25 проценттен асқан кезде салық салынатын табыстың 5 процентi мөлшерінде айыппұл салынады.
Бұл ретте, егер бiр жылғы іс жүзiнде есептелген табыс салығының асқан сомасы жыл ішiнде есептелген аванстық төлем сомасынан бюджетке кемтөлемге ұшыратса айыппұл санкциялары қолданылады.".
45. 164-баптағы "ресми ставкасы" деген сөздердiң алдынан "1,5 есе" деген сөздермен толықтырылсын.
46. 171-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының бiрiншi абзацы "түсiнiктемелер алуға" деген сөздерден кейiн ", бақылаудың басқа да нысандарын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген тәртiппен акциздiк бекеттер құру жолымен жүзеге асыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте жүргiзiлген бақылауларды қоса алғанда, жүзеге асырылған бақылау салық төлеушiлердiң ағымдағы қызметiн тоқтатуға ықпал етпеуi тиiс;";
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "анықталған тәртiп бұзушылықтар жойылғанға дейiн" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша салық төлеушiлер электрондық құжат түрiндегi ақпараттарды Қазақстан Республикасының нормативтiк және құқықтық кесiмдерiмен анықталған нысандар бойынша ұсынуға мiндеттенедi" деген сөздермен толықтырылсын.
47. 175-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Салық төлеушiлердiң бюджетпен өзара есеп айырысуларының жалпы
сомасы туралы мәлiмет құпия болып табылмайды.".
2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы
Заңның 5-тармағының төртінші абзацын, 22, 44-тармақтарын, 46-тармақтың
екінші, үшінші және төртінші абзацтарын және 2000 жылғы 1 қаңтардан
бастап күшіне енетін 43-тармағын қоспағанда, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.