Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының
Үкіметі арасындағы баспасөз және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы
келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы Сәрсенбаевқа Қазақстан Республикасы
Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь
Республикасының Үкіметі арасындағы баспасөз және ақпарат саласындағы
ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Беларусь
Республикасының Yкіметі арасындағы баспасөз және
ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Беларусь Республикасының
Yкiметi (бұдан әрi - Тараптар),
екi мемлекет арасында бар достық қатынастарды одан әрi дамытуға және
нығайтуға ынталылықты басшылыққа ала отырып,
баспасөз және ақпарат саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрi дамытуға Тараптардың мүдделiлiгiн ескере отырып,
1992 жылғы 9 қазанда Бiшкек қаласында қол қойылған, ТМД-ға мүше мемлекеттердiң ақпарат саласындағы ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң ережелерiне өздерiнiң адалдығын қуаттай отырып,
төмендегілер туралы келiсті:
1-бап
Тараптар, өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына сәйкес, Тараптар мемлекеттерiнiң саяси, экономикалық және мәдени салаларына ықпал ететiн бұқаралық ақпаратпен олардың ақпараттық қызметтерi (агентстволары) арқылы кең ауқымды және тұрақты алмасу үшiн қолайлы жағдайлар жасауы жәрдемдесетiн болады.
2-бап
Тараптардың әрқайсысы мерзiмдi баспа басылымдарындағы мәліметтер мен материалдарды тарату сол Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарына қайшы келмеген жағдайда екiншi Тараптың мемлекетiнде заңды негiзде басылатын мерзiмдi баспа басылымдарын өз мемлекетiнiң аумағында еркiн алмастыруға және таратуға жәрдемдесетiн болады.
3-бап
Тараптар өз мемлекеттерiндегi бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары мен ақпараттық қызметтерi (агентстволары) арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты қолдайтын және көтермелейтiн болады, оның нақты шарттары мен нысандарын оған қатысушылардың өздерi, соның iшiнде жекелеген
келiсiмдер жасасу арқылы белгiлейтiн болады.
4-бап
Тараптар теле және радио хабарларын таратуды, сондай-ақ қос
мемлекеттiң журналистерi дайындаған материалдарды берудi ұйымдастыруға,
өздерiнiң редакциялары тиiстi байланыс жүйелерiн пайдаланған кезде оларға
жәрдем көрсететiн болады.
5-бап
Тараптар теле-радио хабарларын тарату, бұқаралық ақпараттың баспасөз құралдары саласында, ақпаратпен байланысты ғылыми-техникалық салаларда мамандармен алмасуды тең негiзде көтермелейтiн болады.
6-бап
Тараптардың әрқайсысы бiр Тарап мемлекеттерiнiң ақпараттық мекемелерi кәсiптiк қызметiн жүзеге асыру үшiн екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына жiберiлетiн журналистерге, теле және радио тiлшілерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкiлдерi мен кiтап шығарушыларына, олар қабылдаушы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңдарын сақтаған жағдайда, қажеттi ұйымдық көмек көрсететiн болады.
7-бап
Тараптар баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының қызметiн құқықтық реттеу саласында ынтымақтастықты және тәжiрибе алмасуды, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық мүдделерi мен мемлекеттiк құпияларына ықпал етпейтiн өзге де ақпаратпен алмасуды өздерiнiң құзыреттi органдары арқылы жүзеге асыратын болады.
8-бап
Осы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Тараптар:
Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiн;
Беларусь тарапынан - Беларусь Республикасының Баспасөз министрлiгiн құзыреттi органдар деп белгiлейдi.
Тараптардың құзыреттi органдарының ресми атауы немесе функциясы өзгерген жағдайда Тараптардың әрқайсысы ол туралы басқа Тарапқа бiрден хабар бередi.
9-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделедi.
10-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерi өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да
халықаралық шарттар мен келiсiмдер бойынша Тараптардың құқықтары мен
мiндеттемелерiне ықпал етпейдi.
Осы Келiсiмдi қолдану немесе түсiндіру кезiнде туындауы мүмкiн барлық
даулар мен келiспеушiлiктер кеңестер мен келiссөздер жолымен шешілетiн
болады.
11-бап
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады. Егер тиiстi кезеңнiң
аяқталуына алты айға дейiн Тараптардың бiр де бiрi оның күшiн тоқтатуға өз
еркi туралы екiншi Тарапты жазбаша хабарламаса оның күшi келесi бес жылдық
кезеңге өздiгiнен ұзартылатын болады.
12-бап
Осы Келісiм оның күшiне енуi үшiн қажетті мемлекетiшiлiк рәсiмдердi
Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабар алынған күннен бастап
күшiне енедi.
_________ қаласында 2000 жылғы "__" _________ әрқайсысы қазақ,
беларусь және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды және де барлық
мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде айырмашылық
туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.