Ямбург газ кен орнын игеру және Ямбург-КСРО-ның батыс шекарасы магистральдық газ құбырларының, сондай-ақ Теңiз және Қарашығанақ кен орындары объектiлерiнiң құрылысын салудағы ынтымақтастық туралы Ямбург келiсiмдерi бойынша Венгр Республикасы мен Чех Республикасы алдындағы Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен 2000 жылғы 31 қазанға дейiнгi мерзiмде:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Ямбург келiсiмдерi бойынша мiндеттемелердiң мәртебесiн;
Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп Ямбург келiсiмдерi бойынша мiндеттемелердiң мөлшерiн айқындасын.
2. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазақойл" ҰМК):
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi айқындаған мөлшерде мiндеттемелердi реттеу тетiгiн әзiрлеу үшiн Венгр Республикасы мен Чех Республикасының уәкiлетті өкiлдерiмен қажетті келiссөздер жүргiзсін;
Ямбург келiсiмдерi бойынша мiндеттемелердi реттеу жөнiндегi тетiк шеңберiнде Венгр Республикасы мен Чех Республикасына беру үшiн қажетті табиғи газды ірiктеудiң шарттары мен мерзiмдерi мәнiнде Теңiз жобасы бойынша әрiптестермен және Қарашығанақ жобасы бойынша мердiгермен келiссөздер жүргiзсiн;
келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне
Ямбург келісімдерінен туындайтын міндеттемелерді реттеу тетігі жөнінде
ұсыныс енгізсін.
3. "Ямбург" келісімі бойынша Венгр Республикасы мен Чех Республикасы
алдындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерін реттеу жөнінде
ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жедел жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 маусымдағы N 88-ө өкімінің
күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.