Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының арасындағы екiжақты ынтымақтастықты нығайту және Түркия Республикасының Президентi Ахмет Недждет Сезердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Түркия Республикасының Президентi Ахмет Недждет Сезердiң Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 19-20 қазандағы ресми сапарын (бұдан әрi - сапар) әзірлеу және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы (келiсiм бойынша):
сапарды өткiзуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2000 жылға арналған республикалық бюджетте "Ресми делегацияларға қызмет көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен қамтамасыз етсiн;
қосымшаға сәйкес Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру және қызмет көрсету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiнiң тұратын және болатын жерлерiндегi қауiпсiздiгін, сондай-ақ жүретiн бағыттары бойынша бiрге жүрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп Түркия Республикасы Президентiнiң арнайы ұшағының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуiн;
Астана және Шымкент қалаларының әуежайларында арнайы ұшақтың қонуын, ұшуын, оған техникалық қызмет көрсетудi, тұрақ берудi және жанармай құюды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
6. Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының әкiмдерi Түркия Республикасының ресми делегациясын күтiп алу және шығарып салу Астана, Шымкент және Түркiстан қалаларының әуежайлары мен көшелерiн безендiру жөнiндегі ұйымдастыру iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (келiсiм бойынша) Түркия Президентi Ахмет Недждет Сезердi Астана және Шымкент қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiне қатыссын.
8. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi (келiсiм бойынша) Түркия Республикасы ресми делегациясының күзетiлетiн тұлғаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
9. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктелсiн.
10. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 қазандағы
N 1519 қаулысына
қосымша
Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн орналастыру
және қызмет көрсету жөнiндегі ұйымдастыру шаралары
1. Түркия Республикасының ресми делегациясы мүшелерiн (2+11), Астана қаласындағы "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне, сондай-ақ бiрге жүретiн адамдарды Астана, Шымкент және Түркiстан қалаларында орналастыру, тамақтандыру және көлiктiк қызмет көрсету.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi қызметкерлерiн "Интерконтиненталь-Астана" қонақ үйiне орналастыру.
3. Сапарды өткiзуге жұмылдырылған адамдар үшiн жедел байланыс құралдарын (5 дана) жалға алу (2000 жылғы 19-20 қазан).
4. Баспа өнiмдерiн (бейдждер, автокөлiктерге арнайы рұқсаттамалар) дайындау.
5. Түркия Республикасы ресми делегациясының басшысы үшiн кәдесыйлар мен сыйлық сатып алу.
6. Түркия Республикасының ресми делегациясын Астана және Шымкент қалаларының әуежайларында күтiп алу және шығарып салу рәсiмдерiн, техникалық безендiру (VIР-зал, сусындар, шай, жалаулар, Астана және Шымкент қалаларының әуежайлары мен делегацияның жүретiн бағыттары бойынша қазақ және түрiк тiлдерiнде қарсы алу транспаранттары), сондай-ақ Түркия Республикасының Президентi Ахмет Недждет Сезердiң Қазақстан Республикасына ресми сапарының бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру-протоколдық iс-шараларын әзiрлеудi және өткiзудi қамтамасыз ету.
7. Қазақстан Республикасының Президентi атынан Түркия Республикасының
Президентi Ахмет Недждет Сезердiң құрметiне Астана, Шымкент және Түркiстан
қалаларында ресми түскi ас және кешкi ас ұйымдастыру.
8. Түркия Республикасы ресми делегациясының мүшелерi мен бiрге
жүретiн адамдарға медициналық қызмет көрсету.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.