"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 P000912_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазагрополис" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік ауыл шаруашылығы сақтандыру кәсіпорны қайта құру жолымен мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қазагрополис" сақтандыру қоғамы" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазагрополис" СҚ" ААҚ) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру жөніндегі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) "Қазагрополис" СҚ" ААҚ-ның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік
тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) проспект эмиссиясын тіркегеннен соң ауыл шаруашылығы өндірісін
сақтандыру жөніндегі қызметінің бейінін сақтай отырып, коммерциялық
тендерде жарғылық капиталдан 100 (жүз) пайыз мөлшерде акциялардың
мемлекеттік пакетін сатуды жүзеге асырсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.