Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі кредиторлық қарыздарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қаржы бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1586

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңының Z990473_ 16-бабына және "Еңбекақы және әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі кредиторлық қарыздарды өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 862 P000862_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Әскери қызметшілер қатарындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен

 

мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық қарыздарын өтеу үшін

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 20 520 667 (жиырма

миллион бес жүз жиырма мың алты жүз алпыс жеті) теңге сомасында қаражат

бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.







О выделении средств Министерству обороны Республики Казахстан для погашения кредиторской задолженности по социальным выплатам участникам и инвалидам Великой Отечественной войны

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2000 года N 1586

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 11 ноября 1999 года Z990473_ "О республиканском бюджете на 2000 год" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2000 года N 862 P000862_ "О мерах по организации погашения кредиторской задолженности по выплате заработной платы и социальным выплатам" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Выделить Министерству обороны Республики Казахстан для погашения кредиторской задолженности по социальным выплатам участникам и инвалидам Великой Отечественной войны из числа военнослужащих средства в сумме

 

20 520 667 (двадцать миллионов пятьсот двадцать тысяч шестьсот шестьдесят

семь) тенге.

     2. Министерству финансов Республики Казахстан обеспечить контроль за

целевым использованием выделенных средств.

     3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Польский В.Ф.)