"2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Заңының Z990473_ 16-бабына және "Еңбекақы және әлеуметтік төлемдер төлеу жөніндегі кредиторлық қарыздарды өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 маусымдағы N 862 P000862_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Әскери қызметшілер қатарындағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен
мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық қарыздарын өтеу үшін
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне 20 520 667 (жиырма
миллион бес жүз жиырма мың алты жүз алпыс жеті) теңге сомасында қаражат
бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.