Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Павлодар қаласының аумағындағы Павлодар ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің пайдалануындағы жерден жалпы алаңы 2,93 га (оның ішінде 2,84 га орманды жер) жер учаскелері алынсын және олар жердің алынуымен байланысты орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджетке қайтарумен бірге, кернеуі 110 кВ электр желісінің құрылысын салу үшін уақытша пайдалануға, оның ішінде тұрақты пайдалануға-0,16 га және 2,77 га (құрылыс кезеңінде) "Қазақстан алюминийі" ашық акционерлік қоғамына берілсін.
2. Орман қорының тұрақты пайдалануға берілген жалпы алаңы 0,16 га жер
учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.