"Қазақстан алюминийі" ашық акционерлік қоғамына электр желісінің құрылысын салу үшін жер беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1607

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Павлодар қаласының аумағындағы Павлодар ормандарды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мекемесінің пайдалануындағы жерден жалпы алаңы 2,93 га (оның ішінде 2,84 га орманды жер) жер учаскелері алынсын және олар жердің алынуымен байланысты орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджетке қайтарумен бірге, кернеуі 110 кВ электр желісінің құрылысын салу үшін уақытша пайдалануға, оның ішінде тұрақты пайдалануға-0,16 га және 2,77 га (құрылыс кезеңінде) "Қазақстан алюминийі" ашық акционерлік қоғамына берілсін.
      2. Орман қорының тұрақты пайдалануға берілген жалпы алаңы 0,16 га жер

 

учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл

шаруашылығына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады