Қазақстан Республикасы оңтүстік облыстарының тұтынушыларын электрмен жабдықтау жағдайын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Энергожоба" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Жамбыл ГРЭС-і) 2000 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей осы электр станциясында кемінде бір блокты іске қосу ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы оңтүстік облыстарының электр энергиясының көтерме сауда рыногының субъектілері (тікелей тұтынушылар мен аймақтық электр тораптық компаниялар) үшін 2000/2001 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Солтүстік Қазақстанның энергия көздері мен Жамбыл ГРЭС-інен электр қуатын сатып алуға арналған бірыңғай міндетті квоталар белгілесін және оларды іске асыру жөніндегі ережені бекітсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі
2000/2001 жылдардың күзгі-қысқы ең жоғары жүктемелердің өтуі кезеңінде,
2001 жылғы 1 қаңтардан бастап бекітілетін, Қазақстан Республикасы оңтүстік
облыстарының аймақтық электр тораптық компанияларына арналған Жамбыл
ГРЭС-нің шығынсыз қызметін қамтамасыз ететін электр энергиясын босату
тарифтерін қажет болған жағдайда қайта қарайтын болсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.