"1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкін кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 шілдедегі N 644 P980644_ қаулысымен мақұлданған 1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлік Халықтық Жинақ Банкін кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттарын одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына Банктің шығарылған акцияларының жалпы санының кемінде үштен бірі және бір акция мөлшерінде Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сақтауды қамтамасыз ететін сомаға акциялардың жаңа эмиссиясын жүзеге асыру жолымен Банктің
жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту туралы мәселені енгізсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен астап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.