Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн (бұдан әрi - Банк) кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi бағыттарын нақтылау мақсатында және "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 18 маусымдағы N 559 P980559_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң негiзгi бағыттары мақұлдансын және акционерлердiң жалпы жиналысында бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысына Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң қосымшаға сәйкес 7 адамнан тұратын Байқаушы кеңесiн сайлау ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi М.Қ.Әбләзов Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысындағы өкiлi болып бекiтiлсiн, оған дауыс беру және жиналыс өткiзудiң қорытындылары бойынша қажеттi құжаттарға қол қою құқығымен сенiмхат берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық Банкпен және Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiмен келiсе отырып, екi айдан аспайтын мерзiмде 1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн дамыту бағдарламасын әзiрлесiн. Аталған Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынылсын және Банк акционерлерiнiң жалпы жиналысында бекiтiлсiн.
5. "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен
жекешелендiрудiң бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1051
қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 6 шiлдедегi
N 644 қаулысымен
мақұлданған
1998-2001 жылдарға арналған Қазақстан Акционерлiк
Халықтық Жинақ Банкiн кезең-кезеңмен жекешелендiрудiң
НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ
Осы құжат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 17 мамырдағы N 120 қаулысымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Банк жүйесiн одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 маусымдағы N 559 P980559_ қаулысын орындау үшiн әзiрлендi және ол Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiн (бұдан әрi - Банк) жекешелендiрудiң негiзгi принциптерiн, кезеңдерiн және тетiктерiн, сондай-ақ бақылаудың нысандарын айқындайды.
I. Банктi жекешелендiрудiң негiзгi принциптерi
1. Банктi жекешелендiру мынадай негiзгi принциптерге сүйене отырып жүргiзiледi:
1) Банктiң пруденциялық нормативтердi сақтауы және банктiң халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындауы мақсатында оның төлеген жарғылық капиталын, банк акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн кезең-кезеңмен сатуды қоса жүргiзе отырып, жүйелi түрде ұлғайту;
2) Банктiң қызметiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан бақылауды жүзеге асыру мақсатында және Банктiң халықтың банктiк депозиттерi, мемлекеттiк бағалы қағаздар және халыққа ұсынылатын банктiк және өзге де қызмет көрсетулер рыногындағы үстем үлесiнен туындайтын оның маңызды әлеуметтiк жағдайына байланысты, 1998-2001 жылдардағы кезеңде Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiн сақтап қалу;
3) Банктiң қызметiне оның Қазақстан Республикасының Үкiметiнен басқа акционерлерiнiң тарапынан ашық бақылау жасау тетiктерiн құру;
4) Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiн республиканың қаржылық және банктiк жүйелерiнiң даму шамасына, оның iшiнде жоғарыда аталған рыноктарда Банкке тең келетiн бәсекелестердiң пайда болу, бюджет төлемдерiн жүзеге асыру тетiктерiн қалыптастыру, мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi бойынша тиiмдi есеп айырысу жүйесiнiң, пластикалық кәртiшкелер пайдаланылатын қазiргi заманғы төлем жүйесiнiң құрылу шамасына қарай жүйелi түрде азайту.
2. Үкiмет Банкi жекешелендiрудiң осы құжатта сипатталған саясатын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банктiң органдарына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
II. Банктi жекешелендiрудiң негiзгi кезеңдерi
3. Банктi жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiнде (1998-1999 жылдар) мынадай шаралар орындалуға тиiс:
1) 1998 жылдың III тоқсанында:
акционерлiк қоғамды жабық үлгiден ашық үлгiге өзгерту;
Банк акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiн қалыптастыру;
Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiн тиiсiнше ұлғайта отырып, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн жинақталған 1.010.700.000 теңге сомасындағы пайданы капиталдандырудың есебiнен Банктiң төленген жарғылық капиталын ұлғайту (өйткенi 1998 жылға дейiн Банктiң бiрден-бiр акционерi мемлекет болған);
сомалық атаулы құны 1.311.900.000 теңге болатын Банк акцияларының қосымша эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, оны пайданы жоғарыда көрсетiлгендей капиталдандыру жолымен орналастыру және сомалық атаулы құны 301.200.000 теңге қалған акцияларды тендердiң негiзiнде айқындалған отандық инвесторға сату;
2) 1998 жылдың IV тоқсанында - 1999 жылы:
- Банктiң уәкiлеттi органдарының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қабылдаған шешiмiне сәйкес, Банктiң қосымша акцияларын шығару және оларды орналастыру. Аталған қосымша акцияларды портфельдiк инвесторларға, оның iшiнде халықаралық қаржы органдарына да сату оларды орналастырудың тәуiр нұсқасы болып табылады.
ЕСКЕРТУ. 3-тармағының 1)-тармақшасының алтыншы абзацы күшін жойды -
ҚРҮ-нің 1998.12.06. N 1247 қаулысымен. P981247_
4. Банктi жекешелендiрудiң бiрiншi кезеңiн орындау барысында мемлекеттiң үлесi мыналардан тұруға тиiс:
1) 1998 жылдың III тоқсанының iшiнде - банктiң шығарылған акцияларының жалпы көлемiнiң кемiнде үштен екiсi (акциялардың бақылау пакетiн қамтамасыз ету мақсатында);
2) 1998 жылдың IV тоқсанының және 1999 жылдың iшiнде банктiң шығарылған акцияларының жалпы санының кемiнде жартысы - қосу бiр акция (акциялардың басым пакетiн қамтамасыз ету мақсатында).
5. Банктi жекешелендiрудiң екiншi кезеңiнде (2000-2001 жылдар) мынадай шаралар орындалуға тиiс:
1) 2000 жылы:
Банктiң уәкiлеттi органдарының қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қабылдаған шешiмiне орай Банктiң қосымша акцияларын шығару және оларды орналастыру. Аталған қосымша акцияларды бiртұтас пакетпен инвесторға сату оларды орналастырудың тәуiр нұсқасы болып табылады.
2) 2000-2001 жылдарда:
Банк акцияларының қалған мемлекеттiк пакетiн жүйелi түрде сату. Сатудың нақты тәсiлiн таңдап алу - Банктiң Қазақстан Республикасының Үкiметiнен өзге акционерлерiнiң Банктiң шығарылған акцияларының жалпы көлемiндегi қалыптасып отырған үлестерiн есепке ала отырып, ең көп пайда өлшемi бойынша айқындалатын болады.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.07. N 464
қаулысымен.
6. Банктi жекешелендiрудiң екiншi кезеңiн орындау барысында
мемлекеттiң үлесi мыналардан тұруға тиiс:
1) 2000 жылдың iшiнде - Банктiң шығарылған акцияларының жалпы
көлемiнiң кемiнде үштен бiрi (акциялардың блоктық пакетiн қамтамасыз
ету мақсатында);
2) 2001 жылдың iшiнде - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000
жылдың аяғында қабылдануға тиiстi мемлекет үлесiн одан әрi кемiту
ықтималдығы туралы шешiмiне байланысты.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 6 шiлдедегi
N 644 қаулысына
қосымша
Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң
Байқаушы кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Абдулина Н.Қ. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Аманбаев М.Е. - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Қаржы-экономикалық сараптау
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Дәмитов Қ.Қ. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi
Кәкiмжанов З.Х. - "ҚҚЖБ - топ" ұлттық инвестициялық
қаржылық акционерлiк компаниясының
төрағасы
Мәсiмов К.Қ. - Қазақстан Акционерлiк Халықтық
Жинақ Банкi Басқармасының төрағасы
Солодченко Р.В. - Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және сауда министрлiгiнiң
Экономикалық жоспарлау жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы