"Қару-жараққа, әскери техникаға және екiұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Z960009_ Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiм транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 тамыздағы N 1143 P991143_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес мөлшерде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасынан Ресей Федерациясына "Новосибирск химконцентраттар зауыты" ашық акционерлiк қоғамына (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы) 1996 жылғы 22 шiлдедегi N 5922 келiсiм-шартқа N 4-толықтыруға сәйкес Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық физика институты (Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн ядролық отынның (ИРТ-3М үлгiсiндегi жылу бөлетiн құрандылар) транзитiне рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қолданылып жүрген Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының кеңесi (ИКАО) бекiткен Дос 9284-АN/905 "Қауiптi жүктердi әуе арқылы қауiпсiз тасымалдау жөнiндегi техникалық нұсқаулықтарға" және басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес ерекше қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, Ташкент-Қарағанды-Новосибирск бағыты бойынша "Волга-Днепр" авиакомпаниясы әуе кемесiмен жүзеге асыратын жүктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк тасымалдануын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден
комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен ядролық отынның (ИРТ-3М
үлгісіндегі жылу бөлетiн құрандылар) Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы транзитiн бақылауды қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Атом энергетикасы
жөнiндегi комитетiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 30 қазандағы
N 1633 қаулысына
қосымша
1996 жылғы 22 шiлдедегi N 5922 келiсiм-шартқа
толықтыруға сәйкес "Новосибирск химконцентраттар зауыты"
ашық акционерлiк қоғамына (Новосибирск қаласы, Ресей Федерациясы)
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Ядролық физика институты
(Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы) беретiн
тауарлардың мөлшері
____________________________________________________________________
р/с СЭҚ ТН Тауардың Өлшем Саны Бағасы Жалпы
N коды атауы бірлігі АҚШ дол. құны АҚШ
ларымен долларымен
____________________________________________________________________
1 840130000 ядролық дана 24 12750 301680.00
отын
(ИРТ-3М
үлгісін.
дегі жылу
бөлетін
құрандылар)
____________________________________________________________________
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Омарбекова А.Т.