1. "Бақылауға жататын есiрткiлiк заттар, психотроптық құралдар
және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 P980186_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы"; 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың шағын мөлшерiн қамтитын көп компоненттi дәрi-дәрмек препараттарының тiзiмi (3-қосымша)."; қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын; көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы: І-кестеде: А бөлiмiнде: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. АЦЕТИЛДЕНДIРIЛГЕН АПИЫН
Апиынды ацетилдендiру жолымен алынатын, құрамында есiрткiлік белсендi алкалоидтар, оның iшiнде морфин, кодеин, тебаин бар өнiм және оларды ацетилдендiру өнiмдерi: әртүрлi қатынастардағы ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин";
37-тармақ "кокаин гидрохлоридiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW)
Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есiрткiлiк белсендi алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген тәсілмен жиналған Ұйықтататын көкнәр түрiндегi өсiмдiктердiң кез келген түрi мен сортындағы өсімдiктiң барлық бөлiгi";
мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тармақтарымен толықтырылсын: "42-1. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН (3-МоnоасеtуIмоrрhinе, 3-0-Асеtуlмоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негізгiнiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық ацетилдендірмеу өнiмi; 42-2. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН (6-МоnоасеtуIмоrрhinе, 6-0-Асеtуlмоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негізгінiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық ацетилдендiрмеу өнiмi"; 60-тармақ "тетрагидроканнабинолдан тұратын" деген сөздермен толықтырылсын; 72-тармақ алынып тасталсын; В бөлiмiнде 37 және 38-тармақтар алынып тасталсын; II-кестедегi: А бөлiмiндегі: 17-тармақ алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын: "55-1. ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ АПИЫН
Құрамында апиынды алкалоидтар, оның iшiнде есiрткiсi күшті морфин, кодеин, тебаин бар Ұйықтататын көкнәр түрiндегi апиын шикiзатынан немесе сабағынан әртүрлi ерiткiштермен ажыратып алу жолымен алынатын өнiм";
III-кестедегi:
В бөлiмiнде: екiншi абзацта: "(құрамында кемiнде 0,01 г. тұратын белсендi зат бар)" деген сөздер "сондай-ақ өндiрiлетiн бензодиазепин және барбитур қышқылынан тұратын көп компоненттi дәрілік препараттар, тиiстi бiр дозадағы бiр тамшы мөлшердегi кемiнде 0,01 г. бiр терапевтiк дозадағы - таблеткадағы, ампуладағы белсенді заттар" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1647 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын құрамында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың мөлшері шағын көп компонентті дәрілік препараттардың Тізімі _________________________________________________________________________ р/с ! Дәрілік препараттың ! Бір ! Бір дозадағы ! Бір дозадағы эфедрин N ! атауы !дозадағы ! фенобарбитал ! мөлшері ! ! кодеин ! мөлшері ! ! ! фосфат ! ! ! ! мөлшері ! ! _________________________________________________________________________ 1 "Андипал" N 10 0,02 _________________________________________________________________________ 2 "Беллатаминал" N 10 0,02 ("Белласпон" N 10) _________________________________________________________________________ 3 "Бронхолитин" 125 мл 0,01 - бір мәрте (10 терапиялы доза) қабылдау дозасы - 0,01 _________________________________________________________________________ 4 "Валокордин" 20 мл, 20 тамшыда - 50 мл (тиісінше: 50 0,007 және 125 терапиялық мөлшері доза) 0,4 1,0 _________________________________________________________________________ 5 "Диафеин" 0,02 _________________________________________________________________________ 6 "Корвалол" 20 мл, 20 тамшыда (50 терапиялық доза) - 0,007 мөлшері 0,36 _________________________________________________________________________ 7 "Панадеин" N 10 0,025 8 "Пенталгин" N 10 0,01 0,01 9 "Пираминал" 0,02 10 "Седалгин" N 10 0,01 0,025 11 "Солпадеин" N 10 0,008 12 "Спазмовералгин" N 10 0,015 0,02 0,005 13 "Тетралгин" N 10 0,01 14 "Эфатин" аэрозолы 0,05 Оқығандар: Багарова Ж.А. Қасымбеков Б.А.