Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгінiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамытудың және жетiлдiрудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасы бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 1 қарашадағы
N 1652 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамытудың және жетiлдiрудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық
Бағдарламасы
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінің Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамытудың және жетiлдiрудiң" салалық бағдарламасының
1. ПАСПОРТЫ
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасы Төтенше |
Бағдарламаны әзiрлеудiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
негіздемесі 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7
наурыздағы N 367 қаулысы
Бағдарламаны негiзгі Қазақстан Республикасының Төтенше
әзiрлеушiлер жағдайлар жөнiндегi агенттiгi
Iске асыру мерзiмi 2001-2005 жылдар
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн
дамытуды және жетiлдiрудi қамтамасыз ету
Бағдарламаның мiндеттерi Өрттiң алдын алу және жою жөнiндегi
жұмыстардың деңгейiн көтеру, өрттi
уақытылы және ұтымды жою,
авариялық-құтқару жұмыстарын орындау
және төтенше жағдайлардың зардаптарын жою
Негiзгi iс-шараларды Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi
орындаушылар іс-шараларда белгiленген
Қаржыландыру көлемi және көзi Республикалық бюджеттiң қаражаты
бағдарламаны қаржыландыру көзi болып
табылады. 2001-2005 жылдарға арналған
бағдарламаны ғылыми қамтамасыз етудi
қаржыландырудың көлемi 1 млрд. теңгенi
құрайды. Олардың жыл сайынғы көлемi
Қазақстан Республикасының тиiстi жылға
арналған республикалық бюджет туралы
заңына сәйкес нақтыланып отырады.
Күтілетін түпкі нәтижелер Бағдарламаны іске асыру Қазақстан
Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігі Мемлекеттік өртке қарсы
қызметінің дамуын және жетілдірілуін
қамтамасыз етеді.
2. Кiрiспе
Республика аумағында жанар-жағар майдың, жарылғыш, қатты әсер ететiн улы және радиоактивтi заттардың едәуiр қоры бар өндiрiстiк-технологиялық кешендердiң, су айдындары мен су қоймаларының көп болуы, сондай-ақ ескiрген технологиялар мен жабдықтарды пайдалану төтенше жағдайлар мен апаттардың туындауының ықтимал қаупiне жағдай жасайды.
Қалық технологиялар мен тозған өндiрiстiк жабдықтарды пайдаланатын мемлекеттерде, өкiнiшке қарай, олардың қатарына, Қазақстан да жатады, зардабы ауыр өртке ұласатын, авария және апаттар туындау ықтималдығы едәуiр артады.
Өрттi туындағаннан кейiн алғашқы, сыни сәттерде сөндiрудiң маңызы өте зор. Кешеуiлдеу, жабдықтардың бүлiнуi, өндiрiстiң тоқтауына әкеп соғуы мүмкiн, бұл миллиондаған теңгемен есептелетiн зиянға ұрындырады. Өрттен кейiн зардап шеккен кәсiпорындардың 29 пайызы 3 жылдан кейiн жабылады, 43 пайызы мүлдем қалпына келе алмайды, тек 28 пайызы ғана өрттен кейiн де жұмыс iстей бередi.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізу үшiн Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң құрамында 339 аудандық, қалалық өрт сөндiру бөлiмдерi бар, олар 1,5 мыңға жуық негiзгі және арнайы өрт сөндiру техникасымен жарақталған, оның ішінде арнайы техникамен жабдықталған және жергiлiктi атқарушы органдардың инженерлiк және коммуналдық қызметтерiнiң, кәсіпорындар мен ұйымдардың негiзгі күштерi мен құралдары келiп жеткенге дейiн адамдарды құтқаруды және өрт сөндiрумен байланысты емес әртүрлi аварияларды жоюды жүргiзуге қабiлетті 21 мамандандырылған өрт сөндiру бөлiмi бар. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет өрт болуы және өрт қауіпсiздiгi қағидаларының бұзылғандығы туралы iстер бойынша анықтауды жүргiзетiн орган болып табылады, оның құрылымына арнаулы қадағалау органы - Мемлекеттiк өрт қадағалау органы кiредi.
Алайда, өртке қарсы қызметтi ресурстық және құқықтық қамтамасыз етудiң шектелуi өрттiң алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру саласында және өрт сөндiру iсiнде, солармен байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуде дағдарысты жағдайдың өршуiне және жедел өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жауынгерлiк дайындығы өсуiнің тежелуiне әкеп соқты. Тиiстi өндiрiстердiң Қазақстанда болмауынан, өрт сөндiру техникалық құралдарының құны жоғарылығынан қажеттiлiк көптеген өнiм түрлерi бойынша 10-15 пайыз ғана қанағаттандырылады, сонымен қатар өрт сөндiру техникасының 56 пайызы есептен шығаруға және жаңартуға жатады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi арнайы техника iс жүзiнде мүлде жоқ, өртке қарсы қызмет объектiлерiнiң 30 пайызына дейiнi күрделi жөндеудi қажет етедi. Қазақстандағы өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң қолда бар саны өрттен сақтандыру және оны сөндiру жөнiндегi тиiмдi жұмысты қамтамасыз ету үшiн жеткiлiксiз, өрттiң 60 пайыздайы болатын ауылдық жерлерде, iс жүзiнде, Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жауынгерлiк қабiлеттi бөлiмшелерi жоқ.
Халықты, шаруашылық жүргiзетін объектiлердi және елдiң аумағын бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерiнен және оның туындауынан қорғау мақсатында Мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесiнде жалпы саны 10 мың бiрлiктен астам арнайы құралымдар қосымша құрылуда.
Қазiргі уақытта, Қазақстанда өрт нағыз ұлттық апатқа айналды, алайда, шығындар ауқымын халық және көптеген мемлекеттiк құрылымдар, әрдайым түсiне бермейдi. Өртке қарсы қызметтiң қолданып жатқан шараларға қарамастан, 1999 жылы 16 мың өрт болды, оның келтiрген зияны 2,9 миллиард теңгенi құрады. Өрт кезiнде 579 адам кайтыс болды, 490 адам жарақат алды. Жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердiң қарқынына едәуiр керi әсерiн тигiзе отырып өрттiң келтiрген залалының орташа жылдық карқыны 5-7 пайызға өсуде. Мамандардың бағалауы бойынша 2000 жылы өрттен келетiн шығын 3-4 миллиард теңгенi құрауы мүмкiн, (инфляция процестерiн есепке алмағанда), өрттен зардап шеккендердiң саны 800 адамнан, ал жарақат алғандар - 600 адамнан асады. Таяудағы 3 жыл iшiнде өрттiң саны екi есе, ал материалдық шығын шамамен - 4 есе өсуi мүмкiн. Мұның өзi, көбiнесе апат сипатында болып келетiн едәуiр экологиялық зиянды (ормандағы, мұнай және газ кен орындарындағы, химиялық кәсiпорындардағы, электр станцияларындағы және т.б. өрттердi) ескермегенде.
Қазақстандағы өрттiң келтiрген шығынының салыстырмалы деңгейi Украинамен салыстырғанда - 1,5 есе, Қырғызстанмен - 2 есе, Белоруссия және Өзбекстанмен - 3 есе аса отырып, ТМД елдерiнiң iшiнде салыстырмалы көрсеткіштердiң ең жоғарыларының бiрi (адамдардың қайтыс болуы мен жарақаттануы шығындарын ескермегенде).
Қазақстан Республикасында өртке байланысты қалыптасқан апатты жағдай ондаған жылдар бойы қордаланған және өзiнiң шешiмiн таппаған нормативтiк-құқықтық, қаржылық, материалдық-техникалық сипаттағы проблемалар кешенiнен туындады.
Өрт қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы нақты мәселелерге кәсiби емес тұрғыдан қарау әкiмшiлiк және қылмыстық заңнамаларды түсiндiруде және қолдануда бұрмалануына жағдай жасайды, кiнәлiлердi өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзғаны үшiн нақты жауапкершiлiктен босатады, өрттен келген шығынның орнын толтырудың пәрмендi тетiгiн енгiзуге мүмкiндiк бермейдi.
Өртке қарсы қызметтің жауынгерлiк дайындығын қолдауда қабылданған шаралар, жеке құрамға арналған жеңiлдiктердiң қысқартылуы онсыз да әлсiз өртке қарсы қорғаныстың қазiргi әлеуетiн қирату жөнiндегі терiс ағымдарды тежеуге мүмкiндiк бермейдi.
Кәсіпорындардың өрт сөндiру қызметiн ұстаудан және оттан қорғануды қамтамасыз етуге қажеттi шығындардан бас тарту есебiнен қаржылық қаражатты үнемдеуге ұмтылысы артуда, мұның өзi, өртке қарсы күрес проблемасын қысқа уақытта, одан әрi шиеленiстiруi мүмкiн. Ұжымшарлар мен кеңшарлардың қайта ұйымдастырылуына байланысты ауылдық жерлерде ерiктi өрт сөндiру жасақтары iс жүзiнде жойылды, мұның өзi, олардың өрттен қорғаусыз қалуына әкеп соқты.
Сақтандыру органдары сақтандырудың мейлiнше жоғары рентабельділiгiне қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің негiзгi қорларын өрттен сақтандырумен айналыспайды, ал объектiлердiң басшылары оның келешектiгiн түсiнбейдi.
Халықтың басым көпшiлiгiнiң өрттiң нақты қаупi туралы анық түсiнiктерi жоқ, өртке қарсы насихат пен халықты оқыту жөнiндегі шаралар жүйесi тиiмсiз. Нәтижесiнде, азаматтардың көпшiлiгi үшiн өрт болу ықтималдығы жоққа тән оқиға сияқты көрiнедi, өртке қарсы талаптар еленбейдi және өрт көбiнесе "адамдардың өздерi кiнәлi" себептен болып жатады.
Қазақстанда өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету iсiнiң дағдарысты жағдайына және отқа қарсы күрестi ұйымдастыру iсiнде келеңсiз ағымдардың бел алуына қарамастан, проблемалардың бүкiл кешенiн мемлекеттiк деңгейде қарау жүргiзiлмеген.
3. Проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Әлемнiң дамыған елдерiнен өзгешелiгi, Қазақстан Республикасында, қазiргі уақытта, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтiн құқықтық база ендi ғана қалыптасуда. Бұл саладағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдер шашыраңқы, "Өрт қауіпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерiне жауап бермейдi, көптеген талаптар бойынша бiр-бiрiне қайшы келедi, өрт қауіпсiздiгi мәселелерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң, салалық өртке қарсы қызметтің өзара қарым-қатынасын, олардың мемлекеттiк билiк пен басқару органдарымен, министрлiктермен, ведомстволармен, меншік иелерiмен жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдайлардағы құқықтық қарым-қатынастарын реттейтiн тетiгi ескiрген.
МӨҚҚ органдарының инженерлiк-инспекторлық құрамы жұмыс көлемiнiң өсуi қызмет көрсету аймағына қосымша объектiлердiң қосылуына, олардың меншiк нысанының өзгеруiне байланысты (тұрғын үй секторы бiр бөлiгінiң өндiрiстiк, қойма объектiлерiне, кеңселерге қайта жабдықталуы, жұмыс iстеп тұрғандарының қайта жаңартылуы және кеңейтiлуi, оның iшiнде, шалғай аудандарда салынуы). Бiр өрт бақылау инспекторына шамамен 15 мың шаршы км аумақта орналасқан 1000-ға дейiн және одан да көп әртүрлi объект келедi. Осындай аймақтарда қадағалау-алдын алу жұмыстарын тиiмдi жүргізу тиiстi МӨҚҚ бөлiмдерi көлiк құралдарымен жеткiлiктi қамтамасыз етiлген жағдайда ғана мүмкiн болады. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы қызмет, жұмыстар, қызмет көрсету түрлерiн лицензиялау, сертификаттау функцияларын МӨҚҚ бөлiмшелерiнiң жұмыс практикасына енгiзу осы бөлiмшелердi есептеу техникасы құралдарымен жарақтандыруды қажет ететiн тиiстi арнайы ақпараттық жүйелердiң және мәлiметтер банкiнiң болуын талап етедi.
Өртпен, сондай-ақ, оның қоғамдық, өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстардағы зардаптарына қарсы күрестiң неғұрлым тиiмдi құралдары ретiнде өрттi анықтау мен сөндiрудiң автоматтандырылған жүйелерiн енгiзу жағдайы ауыр күйiнде қалуда. Көрсетiлген жүйелер үшiн элементтер мен жабдықтарды шығаратын негiзгi кәсiпорындар Украинада, Белоруссияда, Ресей мен Латвияда орналасқан. Қалыптасқан экономикалық жағдайға байланысты, Қазақстанның шаруашылық жүргізушi объектiлерiнiң өткiр қажеттiлiгiн бұл кәсіпорындардың өндiрiстiк қуаты қанағаттандыра алмайды, осыған байланысты, шет елдерден жабдық сатып алу үшiн мемлекет едәуiр валюталық қаражат жұмсауда, олар көптеген жағдайда, пайдалану шарттарының белгiленген нормативтерiне сай келмейдi. Сондықтан да қазiргі техникалық деңгейге сай келетiн отандық жабдықтар мен жүйелер өндiрiсiн жасап жаппай шығаруды игеру қажеттiлiгi пiсiп жетiлдi.
Өртке қарсы қызмет қазiргi заманғы өнеркәсiп объектiлерiнде, iрi орман өрттерi мен қабаттылығы жоғары ғимараттарды қоса алғанда, әкiмшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерде өртке қарсы тиiмдi күресуге мүмкiндiк беретiн сапалы жаңа техникалық құралдармен жабдықталмаған, атап айтқанда:
- тез жанатын және жағармай сұйықтарын, сондай-ақ, сұйытылған көмiрсутектi газдарды сақтайтын сыйымдылығы мол резервуарларды сөндiретiн техникалық құралдар;
- негiзгі және арнайы мақсаттағы, қазiргi заманғы дөңгелекке орнатылған жаңа өрт сөндiретiн автомобильдер;
- тұрғын үй секторында өрттi тиiмдi сөндiруге арналған өрт сөндiретiн техникалық құралдар;
- экологиялық зияны жоқ өрт сөндiретiн қоспалар;
- адамдарды эвакуациялаудың және құтқарудың қазiргі заманғы құралдары.
Қазақстанның облыс орталықтарында есептеушi техниканың жергiлiктi желiлерi базасында Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жедел ақпарат желiсiне бiрiккен, автоматтандырылған ақпарат жүйелерi мен жедел әрекет және өртке қарсы қызмет күштерiн жедел басқару жүйелерiн дамытуды және енгiзудi қамтамасыз ету қажет, мұның өзi, өрт туралы әрбiр хабарламаға жедел әрекет уақытын 1,5-2 минутi қысқартуға, өрт шығынын 9 пайызға дейiн азайтуға, өрттi сөндiру кезiнде және бiрiншi кезектегi авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде өрт сөндiру басшысын қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етуге, өрт сөндiрудiң байланыс жүйелерiн елдi мекендер мен кәсiпорындардың тiршiлiгiн ақпараттық қолдау жүйелерiмен бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.
Шет елдерде 50 мыңнан асатын халқы бар барлық қалаларда жедел әрекет бөлiмшелерiнiң уақытын 30-40 пайызға қысқартатын осындай автоматтандырылған жүйелер бар.
Қазақстан Республикасында өртке қарсы қызметке ведомстволық бағынысты 375-ке жуық объект бар немесе норма бойынша талап етiлетiннiң 56 пайызы, оның 10 пайызы (38) толық амортизацияланғандықтан одан әрi пайдалануға жарамайды. Одан басқа, өрт сөндiру депо құрылысының қарқыны қалаларда азаматтық және өнеркәсіп құрылысының қарқынынан едәуiр артта қалуда және қорыта келгенде, көптеген қалалардағы өрт сөндiру депосының қызмет көрсету радиусы нормативтен 3-5 есе жоғары, мұның өзi, өрттен адамдардың ықтималын күрт арттырады қаза болуы мен жарақат алуы, шығынның өсуiне әкеп соғады. Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн әртүрлi мақсаттағы 290-ға жуық жаңа объект құрылысын салу талап етiледі. Соңғы уақытқа дейiн бюджеттен бұл мақсаттарға қажетті қаржының 1 пайыздан аспайтын көлемi бөлiнiп келдi.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты өрттiң алдын алу және оны жою жөнiндегi жұмыстың деңгейiн арттыру, Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет пен ведомстволық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң тұрақты дайындығын қамтамасыз ету және өрттi уақытылы әрi тиiмдi сөндiру, авариялық-құтқару жұмыстарын орындау және төтенше жағдайдың зардаптарын жою жөнiндегі қызметiн одан әрi жетiлдiру болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу көзделген:
кадр әлеуетiн нығайту, өрт сөндiрушiлердiң құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету;
өртке қарсы қызметтiң материалдық-техникалық базасын дамыту;
азаматтардың өрт кезiнде қайтыс болуы мен жарақат алуын азайту жөнiндегі шараларды
қамтамасыз ету зардап шеккендердi әлеуметтiк қорғауды күшейту;
мамандандырылған бөлiмдердiң және аймақтық отрядтарының желiсiн құру және дамыту;
өртке қарсы қызметтің ұйымдық құрылымын жетiлдiру.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi
Осы бағдарламада қойылған мiндеттер мен мақсаттарды шешу үшiн бұл салада жүргiзiлетiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерi пайдаланылады.
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң жұмыс тәжiрибесi негiзiнде кәсiби шеберлiк
арттырылады.
Іс-шаралар мынадай бағыттар бойынша жүргiзiледi:
кәсiби шеберлiк бойынша iрiктеу жөнiндегi стандарттар мен құралдар жүйесiн құру;
жасақтаудың баламалы нысандарын енгiзу;
өртке қарсы жаппай шығарылып жатқан өнiмдердi сатып алу;
мiндеттi сақтандыру;
қазiргi өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн өрт-құтқару бөлiмшелерi етiп қайта құру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу, атап айтқанда, республиканың
әлеуметтiк-экономикалық дамуына және халықаралық ынтымақтастығына байланысты.
6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру
Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткiзуге бағытталған жұмыстарды қаржыландыру тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылуға тиiс.
Бағдарламаны iске асыруға жергiлiктi бюджеттерден қажет етiлетiн ақша қаражатының болжамды мөлшерi:
2001 жылы 200 млн. теңге
2002 жылы 200 млн. теңге
2003 жылы 200 млн. теңге
2004 жылы 200 млн. теңге
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Инвестициялар уақытылы жүзеге асырылған және Бағдарламада белгiленген iс-шаралар орындалған ретте 2005 жылға дейiнгi кезеңде өртпен күресте белгiлi бiр оң нәтижеге қол жеткiзу және шығынның 20-30 пайызға қысқаруын қамтамасыз ету, адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту, өрт қауіпсiздiгiнің тиiмдi жүйесiн құру және өртке қарсы қызметтiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi материалдық-техникалық база жасау көзделуде.
Бұдан басқа, осы Бағдарламаны iске асыру:
заңнамалық және басқа да нормативтiк кесiмдердi әзiрлеудi қоса алғанда, құқықтық базаны жетiлдiруге;
бiрiншi кезектегi өртке қарсы және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетiн қазiргі заманғы отандық және импорттық құралдармен жарақталған арнайы бөлiмдер мен авариялық-құтқару отрядтары желiсiн құру және дамытуға;
зардап шеккендерге дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек көрсетуге арналған материалдық-техникалық база жасау;
қазiргi өртке қарсы қызмет бөлiмдерiнiң құрамында жедел ден қою бөлiмшелерiн құруға, оларды арнайы өрт сөндiру және авариялық-құтқару техникасымен, соның iшiнде, автомобильдермен, арнайы өрт сөндiру құралдарымен (көбiктеушiлермен, қатты-аэрозольды және су-аэрозольды өрт сөндiргіштерiмен, қазiргі заманға арнайы құралдармен) жабдықтауға;
жедел әрекет және жедел байланыс жүйелерiмен жабдықтаудың және қолданудың тактикалық тәсiлдерi мен нормативтерiн әзiрлеу және енгiзуге;
өрттен келетiн тiкелей және жанама зиян мен iлеспелi шығындарды төмендетуге;
өртке қарсы қызметтiң авиабөлiмшелерiн құруға;
Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң құрылысы аяқталмаған және жаңа объектiлерiн
пайдалануға беруге мүмкiндiк бередi.
8. Мемлекеттік өртке қарсы қызметті дамытудың және жетілдірудің
салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Іс-шаралар ! Аяқтау !Орындалуы үшін! Орындау
! нысаны ! жауаптылар ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
8.1. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Қазақстан ТЖА, Қаржы 2001 жыл
органдарының қатардағы және Республикасы министрлігі,
басшылық құрамының қызметтерiн Үкіметінің Экономика
өткеру туралы ережені әзірлеу қаулысы министрлігі,
Әділет
министрлігі
8.2. Қалаларда, елдi мекендер Бұйрық ТЖА, ЭИСМ 2001 жыл
пункттерiнде және шаруашылық
жүргiзу объектiлерiнде мемлекеттiк
өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiн
құру жөнiндегi нормативтердi
әзiрлеу
8.3. Қазақстан Республикасының Министрлік. ТЖА, ІІМ, 2001 жыл
ұлттық қауіпсiздiк, iшкi iстер термен және ҰҚК (келісім
және қорғаныс органдары, ведомстволар. бойынша),
авиациялық, темiржол, теңiз және мен келісім ҚорМ, ТОҚМ,
өзен көлiгi, орман шаруашылығы ККМ
объектiлерiнде МӨҚҚ және Қазақстан
Республикасының тиiстi мемлекеттiк
органдары арасында мемлекеттiк
өрттi қадағалауды жүзеге асыру
жөніндегi келiсiмдi әзiрлеу және
қол қою
8.4. Өрт қауiпсiздiгiнiң салалық Бұйрық ТЖА, ӨҚ 2005 жыл
ережесiн әзiрлеу. және АҚ РАҒЗО
Өрт қауiпсiздiгiнiң қағидасын (келісім
қайта қарау бойынша),
мүдделі
мемлекеттік
органдар,
облыстардың
МӨҚҚ
8.5. Өрт қауiпсiздiгi саласында ЭИСМ ТЖА, ЭИСМ 2001 жыл
сертификаттау жүйесiн Стандарттау,
ұйымдастырудың және жұмыс метрология
істеуiнiң нормативтiк базасын және
әзiрлеу сертификаттау
жөніндегі
комитетінің
нормативтік
құқықтық
кесімдері
8.6. Тұрғын үй қорын, ұйымдар Заңнамалық Ұлттық Банк 2003 жыл
мен кәсіпорындарды меншiк кесімнің (келісім
нысанына қарамастан өрттерден жобасы бойынша),
мiндеттi сақтандыруды енгiзу ТЖА
8.7. Өрт қауiпсiздiгi саласында Әкімшілік ТЖА, Бас 2002 жыл
құқық бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi құқық прокуратура
саралауды және күшейтудi бұзушылық (келісім
қамтамасыз ету туралы бойынша),
Кодекске ТОҚМ, Әділет
өзгерістер министрлігі
енгізу
туралы
заңның
жобасы
8.8. Қазақстан Республикасының Бұйрық ЭИСМ, ТЖА 2005 жыл
аумағында қолданыстағы өртке
қарсы iс-шараларды орындау
жөнiндегi талаптар келтiрiлген
құрылыс нормасы мен қағидасына
өзгерiс енгiзу
8.9. Қазақстан Республикасы Төтенше Бұйрық ККМ, ТЖА, 2001 жыл
жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан
авиабөлiмшелерi үшiн әуе облысының Мемле.
қатынастары үлгiлерi бойынша Ұшу кеттік өртке
және техникалық пайдалану қарсы қызметі
жөнiндегi нұсқауға өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу
8.10. Мемлекеттiк өртке қарсы Қазақстан ТЖА, Қаржы 2001 жыл
қызметке арналған негiзгi, Республикасы министрлігі,
арнаулы және көмекшi Үкіметінің Экономика
техникаларды ұстауға және қаулысы министрлігі,
пайдалануға, заттық үлестерi Әділет
мен ағымдағы шығыстардың министрлігі
нормаларын әзiрлеу
8.11. Халықты өрт туралы хабардар Қазақстан МАҚКМ, ТЖА, 2001 жыл
ету, өртке қарсы насихат Республикасы Қаржы
жүргiзу үшiн бұқаралық ақпарат Үкіметінің министрлігі,
құралдарын пайдалану тәртiбiн қаулысы Экономика
әзiрлеу министрлігі,
Әділет
министрлігі,
облыстардың,
Астана
және Алматы
қалаларының
МӨҚҚ
8.12. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Қазақстан ТЖА, 2001 жыл
бөлiмшелерi үшін негізгі, Республикасы облыстардың,
арнаулы және көмекші Үкіметінің Астана және
техникалардың қажеттілік қаулысы Алматы
нормативін әзірлеу қалаларының
МӨҚҚ, Қаржы
министрлігі,
Экономика
министрлігі,
Әділет
министрлігі
8.13. Көкшетау техникалық институтын Қазақстан БҒМ, Қаржы 2001 жыл
Құтқарушылар академиясы етіп Республикасы министрлігі,
қайта құру Үкіметінің Экономика
қаулысы министрлігі,
Әділет
министрлігі,
ТЖА,
Көкшетау
техникалық
институты
(келісім
бойынша),
Көкшетау
қаласының
әкімі
8.14. Көкшетау техникалық Бұйрық ТЖА 2001-2002
институтының базасында, оны жылдар
ұстауға арналған бюджеттiк
қаражаттың көзделген шегiнде
сарапшы-криминалистердi және
мемлекеттiк өртке қарсы қызмет
қызметкерлерiнiң бiлiктілiгiн
арттыру, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң өртке қарсы
қорғану қызметiнiң прапорщиктерi
мен офицерлерiн даярлау жөнiндегi
курстарды ұйымдастыру
8.15. Мемлекеттiк бюджет қаражаты Қазақстан БҒМ, Қаржы 2001 жыл
есебiнен оқитын мемлекеттiк Республикасы министрлігі,
өртке қарсы қызметтерiнiң Үкіметінің Экономика
мамандарын даярлауға және қаулысы министрлігі,
қайта даярлауға мемлекеттiк Әділет
тапсырысты бекiту министрлігі,
Көкшетау
техникалық
институты
(келісім
бойынша),
мүдделі
мемлекеттік
органдар
8.16. Мемлекеттiк өртке қарсы Нормативтік БҒМ, 2001 жыл
қызмет мамандары үшiн бiлiм құқықтық Көкшетау
беру деңгейi жөнiндегi кесім техникалық
жалпыға мiндеттi стандартты институты
әзiрлеу және енгiзу (келісім
бойынша),
ТЖА, ЭИСМ
Стандарттау,
метрология
және
сертификаттау
жөніндегі
комитеті
8.17. Өрт сөндiрушiлердi даярлаудың Бұйрық ТЖА, 2001 жыл
бастапқы кәсiптiк мектептер облыстардың,
құру Астана және
Алматы
қалаларының
әкімдері
8.18. "Өрт қауіпсiздiгiнiң және Қазақстан ТЖА, "ӨҚ 2005 жыл
Азаматтық қорғаныстың арнаулы Республика. және АҚ
ғылыми-зерттеу орталығын сының РАҒЗОң РМҚК
республикалық қазыналық Үкіметіне (келісім
кәсiпорнының полигонында ұсыныс бойынша),
қолданыстағы үйлерге жаңғырту Қаржы
жүргiзу және жаңа өндiрiстiк министрлігі,
корпустардың құрылысын жүзеге Экономика
асыру" министрлігі
8.19. "Өрт қауіпсiздiгiнiң және Бұйрық ТЖА, ЭИСМ 2002 жыл
Азаматтық қорғаныстың арнаулы
ғылыми-зерттеу орталығын
республикалық қазыналық
кәсiпорнының базасында атом
электрэнергетикасының
объектiлерiнде өрт қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөніндегi,
металлургия, химия және көмiр
өнеркәсiбi объектiлерiнде өрт
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
жөнiндегi зерттеу жұмыстарын
орындау және iс-шараларды әзiрлеу
бойынша iс-шараларды зерттеу және
әзiрлеу жөніндегi зертханаларды
(бөлiмдердi) құру"
8.20. "Республикалық өрт жарылыс Қазақстан ТЖА, Қаржы 2003 жыл
қауіпсiздiгiне арналған Республикасы министрлігі,
өнiмдердi республикалық Үкіметінің Экономика
сертификаттау орталығын қаулысы министрлігі,
республикалық мемлекеттiк Әділет
кәсіпорнын құру" министрлігі,
Салааралық
ғылыми-
технологиялық
машина жасау
орталығы
(келісім
бойынша),
ЭИСМ
8.21. Мемлекеттiк өртке қарсы Бұйрық ТЖА 2001 жыл
қызметтiң Республикалық ақпараттық
деректер банкiн құру
8.22. Әкiмдермен келiсiм бойынша Қазақстан ТЖА, 2005 жыл
мемлекеттік өрттi қадағалау Республикасы. облыстардың,
қызметкерлерiнiң санын ның Үкіметіне Астана және
арттыру жөнiнде ұсыныс жасау ұсыныс Алматы
(1-қосымшаға сәйкес) қалаларының
әкімдері
8.23. Бақылау және қадағалау Бұйрық ТЖА, 2001 жыл
функцияларын жүзеге асыру облыстардың,
кезiнде мемлекеттiк өртке Астана және
қарсы қызметтердiң жұмысын Алматы
ұйымдастыру жөніндегі қалаларының
нұсқаулықты әзірлеу МӨҚҚ
8.24. Жалпы бiлiм беретiн және Оқу БҒМ, ТЖА 2002 жыл
бастауыш мектептерде, кәсiптiк бағдарлама.
және жоғарғы оқу орындарында лары
өрт қауіпсiздiгi жөнiндегi
курстарды енгiзу
8.25. Облыстардың, Астана және Бұйрық ТЖА, 2001 жыл
Алматы қалаларының мемлекеттiк облыстардың,
өртке қарсы қызметiне Астана және
көпшiлiкпен жұмыс жөніндегi Алматы
инспекторлар лауазымын енгiзу қалаларының
әкімдері
8.26. Әкiмдермен келiсiм бойынша Қазақстан ТЖА, Қаржы 2005 жыл
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Республикасы министрлігі,
Қарағанды, Батыс Қазақстан, Үкіметінің Экономика
Алматы, Ақмола облыстарында қаулысы министрлігі,
өртке қарсы қызметтiң авиа- Әділет
бөлiмшелерін құру министрлігі,
облыстардың
әкімдері
8.27. Мемлекеттiк өртке қарсы Бұйрық ТЖА, 2001-2005
қызметтiң өрт байланысы Салааралық жылдар
орталық пункттерiнiң ғылыми-
базасында өртке қарсы және технологиялық
авариялық-құтқару машина жасау
қызметтерiнiң күштерi мен орталығы
құралдары жедел басқаруға (келісім
арналған "Байланыс жүйелерiн бойынша),
жедел басқару орталығын Ақмола, Алматы
құру" облыстарының
әкімдері,
Астана және
Алматы
қалаларының
МӨҚҚ
8.28. Өрт және авариялық құтқару Қазақстан ТЖА, Сала. 2005 жыл
техникаларын, өртке қарсы Республикасы. аралық ғылы.
жабдықтарды, оның iшiнде ның Үкіметіне ми-технология.
биiктердегi iрi орман өрттерiн есеп лық машина
сөндiруге арналған жабдықтарды, жасау орталығы
желiлiк және желiсiз жүйелер (келісім
бойынша орталықтандырылған бойынша), ТОҚМ,
қадағалау пунктiне дабылдарды "Агрореммаш" АҚ
енгiзу мүмкiндiгi арқылы (келісім
өрттердi табу және сөндiру бойынша), Батыс
жүйелерiн жаппай шығаруды Қазақстан
ұйымдастыру облысының
әкімі
8.29. Жұмыс iстеп тұрған өрт сөндiру Бұйрық ТЖА, 2005 жыл
бөлiмдерiнiң базасына өртпен облыстардың,
байланысты бiрiншi кезектегi Астана және
авариалық-құтқару жұмыстарын Алматы
жүргiзуге осы заманғы құралдармен қалаларының
жарақтандырылған 77 мамандандырылған әкімдері
бөлiмшелердi құру (2-қосымшаға
сәйкес)
8.30. Мамандандырылған өрт сөндiру Бұйрық ТЖА, 2005 жыл
бөлiмшелерiн осы заманғы облыстардың,
жабдықтармен жарақтандыруды Астана және
аяғына жеткiзу (3-қосымшаға сәйкес) Алматы
қалаларының
әкімдері
8.31. Әскери расчеттардың кезекшi Бұйрық ТЖА, 2005 жыл
қарауылдарын 4 ауысымдық облыстардың,
кезекшiлiгiн ескере отырып Астана және
штаттық қажеттiлiгiне дейiн Алматы
толықтыру қалаларының
әкімдері
және МӨҚҚ
8.32. Зардап шеккендерге дәрiгерлiк Бұйрық ТЖА, 2005 жыл
көмекке дейiн көмек көрсетуге облыстардың,
арналған медиктердiң кезекшi Астана және
қарауылдарының әскери расчетын Алматы
енгiзу қалаларының
әкімдері
және МӨҚҚ
8.33. Зардап шеккендерге дәрiгерлiк Бұйрық ТЖА 2001 жыл
көмекке дейiнгi көмек көрсетудi
ескере отырып мемлекеттiк өртке
қарсы қызмет бөлiмшелерiнің жеке
құрамын дайындау бағдарламасын
әзiрлеу
8.34. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет Бұйрық ТЖА 2001 жыл
пен өрттерді сөндiрудi ұйымдастыру
жөнiндегi нормативтiк құжаттарды
әзірлеу
8.35. Мемлекеттiк өртке қарсы Облыстар, ТЖА, Ақмола Жыл
қызметтiң құрылысы аяқталмаған Астана және және Алматы сайын
құрылыстарын және жаңа объектiлерiн Алматы облыстарының 2005
пайдалануға енгiзу (4-қосымшаға қалалары әкімдері, жылға
сәйкес). әкімдерінің облыстардың, дейін
шешімдері Астана және
Алматы
қалаларының
МӨҚҚ
8.36. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет Бұйрық ТЖА, БҒМ, 2005 жыл
жұмысына жарамдылықты бағалау Еңбек және
жөніндегі біліктілік талаптарын халықты
әзірлеу әлеуметтік
қорғау
министрлігі,
Денсаулық
сақтау ісі
жөніндегі
агенттік,
облыстардың
МӨҚҚ
8.37. Нысандық және арнаулы Қазақстан ТЖА, Қаржы 2001 жыл
киім-кешек туралы ережені әзірлеу Республикасы министрлігі,
және бекіту Үкіметінің Экономика
қаулысы министрлігі,
Әділет
министрлігі
8.38. Шақыру жасындағы адамдарды Қазақстан ТЖА 2002 жыл
мемлекеттік өртке қарсы қызметке Республикасы
баламалы қызмет етуді енгізу Үкіметіне
мүмкіндігі туралы мәселені зерттеу есеп
---------------------------------------------------------------------------
ҚР ТЖА Мемлекеттік өртке қарсы
қызметті дамытудың және жетілдірудің
2001-2005 жылдарға арналған
бағдарламасына
1-қосымша
Мемлекеттік өртті қадағалау қызметкерлерінің және Мемлекеттік өртке
қарсы қызметтің кезекші қарауылдарының жеке құрамының штаттық санын
кезең-кезеңімен ұлғайту кестесі ---------------------------------------------------------------------------
Р/с! Аймақтар ! Жылдар
N ! !----------------------------------------------------
! ! 2001 ! 2002 ! 2003 !
! !----------------------------------------------------
! ! МӨҚ !Бөлімше.! МӨҚ !Бөлімше.! МӨҚ !Бөлімше.!
! ! адам !ж/қ саны! адам. !ж/қ саны! адам. !ж/қ саны!
! ! саны ! ! саны ! ! саны ! !
---------------------------------------------------------------------------
1 Астана қаласы 4 25 3 25 3 50
2 Алматы қаласы 5 30 4 30 4 60
3 Ақмола облысы 4 30 3 30 3 60
4 Алматы облысы 4 37 3 37 3 74
5 Ақтөбе облысы 4 30 3 30 3 60
6 Атырау облысы 4 30 3 30 3 60
7 Шығыс Қазақстан
облысы 5 37 4 37 4 74
8 Жамбыл облысы 4 25 3 25 3 50
9 Батыс Қазақстан
облысы 4 30 4 30 4 60
10 Қарағанды облысы 5 37 4 37 4 74
11 Қостанай облысы 4 37 3 37 3 74
12 Қызылорда облысы 3 30 3 30 3 60
13 Маңғыстау облысы 3 30 3 30 3 60
14 Павлодар облысы 4 32 3 32 3 64
15 Солтүстік Қазақстан
облысы 3 30 3 30 3 60
16 Оңтүстік Қазақстан 4 30 3 30 3 60
облысы
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны 64 500 52 500 52 1000
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------
Р/с! Аймақтар ! Жылдар !
N ! !---------------------------------!
! ! 2004 ! 2005 !
! !---------------------------------!
! ! МӨҚ !Бөлімше.! МӨҚ !Бөлімше.!
! ! адам !ж/қ саны! адам. !ж/қ саны!
! ! саны ! ! саны ! !
---------------------------------------------------------
1 Астана қаласы 4 50 6 50
2 Алматы қаласы 5 60 6 60
3 Ақмола облысы 4 60 5 60
4 Алматы облысы 4 74 5 74
5 Ақтөбе облысы 4 60 5 60
6 Атырау облысы 4 60 5 60
7 Шығыс Қазақстан
облысы 5 74 6 74
8 Жамбыл облысы 4 50 5 50
9 Батыс Қазақстан
облысы 4 60 5 60
10 Қарағанды облысы 5 74 6 74
11 Қостанай облысы 4 74 5 74
12 Қызылорда облысы 3 60 4 60
13 Маңғыстау облысы 3 60 3 60
14 Павлодар облысы 4 64 6 64
15 Солтүстік Қазақстан
облысы 3 60 3 60
16 Оңтүстік Қазақстан 4 60 6 60
облысы
------------------------------------------------------
Жиыны 64 1000 81 1000
------------------------------------------------------
ҚР ТЖА Мемлекеттік
өртке қарсы қызметті дамыту
және жетілдіру бағдарламасына
2-қосымша
Авариялық-құтқару отрядтарымен
толықтырылған және қазіргі заманғы өрт сөндіру
құралдарымен жарақтандырылған және кезек күттірмейтін
авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін арнаулы өрт
сөндіру бөлімшелерін кезең-кезеңімен құру кестесі ------------------------------------------------------------------
Р/т! Аймақтар ! Жылдар !
N ! !------------------------------------------!
! ! 2001 ! 2002 ! 2003 ! 2004 ! 2005 !
---!------------------!------------------------------------------!
1 Астана қаласы 1 1 1 1 1
2 Алматы қаласы 1 1 1 1 1
3 Ақмола облысы 1 1 1 1 1
4 Алматы облысы 1 1 1 1 1
5 Ақтөбе облысы 1 1 1 1 1
6 Атырау облысы 1 1 1 1 1
7 Ш-Қазақстан облысы 1 1 1 1 1
8 Жамбыл облысы 1 1 1 1 1
9 Б-Қазақстан облысы - - - 1 1
10 Қарағанды облысы 1 1 1 1 1
11 Қостанай облысы 1 1 1 1 1
12 Қызылорда облысы 1 1 1 1 1
13 Маңғыстау облысы 1 1 1 1 1
14 Павлодар облысы 1 1 1 1 1
15 С-Қазақстан облысы 1 1 1 1 1
16 О-Қазақстан облысы 1 1 1 1 1 ------------------------------------------------------------------
Жиыны 15 15 15 16 16
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі Агенттігінің
Мемлекеттік өртке қарсы қызметін
дамыту және жақсарту
бағдарламасына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандыруды аяқтаудың 2001 жылға арналған
кестесі
---------------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Негізгі !Арнайы !Аппаттық- !Өртке !Аппаттық-
! !өрт сөн. !өрт сөн. !құтқару ав. !қарсы !құтқару
! !діретін !діретін !томобильде. !құралда. !құралда.
! !автомо. !автомо. !рімен !рымен !рымен
! !бильдері.!бильдері.!бірлік саны !бірлік !компл.
! !мен !мен ! !саны !саны
! !бірлік !бірлік ! ! !
! !саны !саны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. 1 1 1 16 5
2 Алматы қ. 1 1 1 16 8
3 Алматы обл. 1 1 1 16 5
4 Ақмола обл. 1 1 1 16 5
5 Ақтөбе обл. 1 1 1 16 5
6 Атырау обл. 1 1 1 16 5
7 Ш-Қазақстан обл. 1 1 1 16 5
8 Жамбыл обл. 1 1 1 16 5
9 Б-Қазақстан обл. 1 1 1 16 5
10 Қарағанды обл. 1 1 1 16 5
11 Қостанай обл. 1 1 1 16 5
12 Қызылорда обл. 1 1 1 16 5
13 Маңғыстау обл. 1 1 1 16 5
14 Павлодар обл. 1 1 1 16 5
15 С-Қазақстан обл. 1 1 1 16 5
16 О-Қазақстан обл. 1 1 1 16 5
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны 16 15 16 256 83
--------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Арнайы әске.!Оқшаулағыш !Басқару !Өрт сөндіру !Пейджинг
ри киімдер !противогазы. !және бай. !заттарымен !байланысымен
құралдарымен!мен !ланыс құ. ! !жабдықтау
! !ралдарымен! !
компл. саны !бірлік саны ! ! тонна саны !бірлік саны
! !бірлік !
! !саны !
---------------------------------------------------------------------------
16 15 20 5 -
16 30 11 10 228
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
256 255 311 85 228
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандыруды аяқтаудың 2002 жылға арналған
кестес і
---------------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Негізгі !Арнайы !Аппаттық- !Өртке !Аппаттық-
! !өрт сөн. !өрт сөн. !құтқару ав. !қарсы !құтқару
! !діретін !діретін !томобильде. !құралда. !құралда.
! !автомо. !автомо. !рімен !рымен !рымен
! !бильдері.!бильдері.!бірлік !бірлік !компл.
! !мен !мен !саны !саны !саны
! !бірлік !бірлік ! ! !
! !саны !саны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. 1 - - 16 5
2 Алматы қ. 1 - 1 16 8
3 Алматы обл. 1 - - 16 5
4 Ақмола обл. 1 - - 16 5
5 Ақтөбе обл. 1 - - 16 5
6 Атырау обл. 1 - - 16 5
7 Ш-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
8 Жамбыл обл. 1 - - 16 5
9 Б-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
10 Қарағанды обл. 1 - - 16 5
11 Қостанай обл. 1 - - 16 5
12 Қызылорда обл. 1 - - 16 5
13 Маңғыстау обл. 1 - - 16 5
14 Павлодар обл. 1 - - 16 5
15 С-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
16 О-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны 16 - 1 256 83
--------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы: ---------------------------------------------------------------------------
Арнайы әске.!Оқшаулағыш !Басқару !Өрт сөндіру !Пейджинг
ри киімдер !противогазы. !және бай. !заттарымен !байланысымен
құралдарымен!мен !ланыс құ. ! !жабдықтау
! !ралдарымен! !
компл. саны !бірлік саны ! ! тонна саны !бірлік саны
! !бірлік !
! !саны !
---------------------------------------------------------------------------
16 15 20 5 -
16 90 174 10 228
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
256 315 474 85 228
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандыруды аяқтаудың 2003 жылға арналған
кестесі
---------------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Негізгі !Арнайы !Аппаттық- !Өртке !Аппаттық-
! !өрт сөн. !өрт сөн. !құтқару ав. !қарсы !құтқару
! !діретін !діретін !томобильде. !құралда. !құралда.
! !автомо. !автомо. !рімен !рымен !рымен
! !бильдері.!бильдері.! !бірлік !
! !мен !мен !бірлік саны !саны !компл.
! !бірлік !бірлік ! ! !саны
! !саны !саны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. 1 - - 16 5
2 Алматы қ. 1 - 1 16 5
3 Алматы обл. 1 - - 16 5
4 Ақмола обл. 1 - - 16 5
5 Ақтөбе обл. 1 - - 16 5
6 Атырау обл. 1 - - 16 5
7 Ш-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
8 Жамбыл обл. 1 - - 16 5
9 Б-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
10 Қарағанды обл. 1 - - 16 5
11 Қостанай обл. 1 - - 16 5
12 Қызылорда обл. 1 - - 16 5
13 Манғыстау обл. 1 - - 16 5
14 Павлодар обл. 1 - - 16 5
15 С-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
16 О-Қазақстан обл. 1 - - 16 5
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны 16 - 1 256 80
--------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Арнайы әске.!Оқшаулағыш !Басқару !Өрт сөндіру !Пейджинг
ри киімдер !противогазы. !және бай. !заттарымен !байланысымен
құралдарымен!мен !ланыс құ. ! !жабдықтау
! !ралдарымен! !
компл. саны !бірлік саны ! ! тонна саны !бірлік саны
! !бірлік !
! !саны !
---------------------------------------------------------------------------
16 15 20 5 -
16 15 20 10 228
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
16 15 20 5 -
256 240 320 85 228
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандыруды аяқтаудың 2004 жылға арналған
кестесі
---------------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Негізгі !Арнайы !Аппаттық- !Өртке !Аппаттық-
! !өрт сөн. !өрт сөн. !құтқару ав. !қарсы !құтқару
! !діретін !діретін !томобильде. !құралда !құралда.
! !автомо. !автомо. !рімен !рымен !рымен
! !бильдері.!бильдері.! !бірлік !
! !мен !мен !бірлік саны !саны !компл.
! !бірлік !бірлік ! ! !саны
! !саны !саны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. 1 - - - 5
2 Алматы қ. 1 - 1 - 5
3 Алматы обл. 1 - - - 5
4 Ақмола обл. 1 - - 33 5
5 Ақтөбе обл. - - - - -
6 Атырау обл. - - - - -
7 Ш-Қазақстан обл. 1 - - 33 5
8 Жамбыл обл. - - - - -
9 Б-Қазақстан обл. 1 - - - 5
10 Қарағанды обл. 1 - - 33 5
11 Қостанай обл. 1 - - 33 5
12 Қызылорда обл. - - - - -
13 Маңыстау обл. - - - - -
14 Павлодар обл. - - - - -
15 С-Қазақстан обл. 1 - - - 5
16 О-Қазақстан обл. 1 - - - 5
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны 10 - 1 132 50
--------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Арнайы әске.!Оқшаулағыш !Басқару !Өрт сөндіру !Пейджинг
ри киімдер !противогазы. !және бай. !заттарымен !байланысымен
құралдарымен!мен !ланыс құ. ! !жабдықтау
! !ралдарымен! !
компл. саны !бірлік саны ! ! тонна саны !бірлік саны
! !бірлік !
! !саны !
---------------------------------------------------------------------------
- - - 5 -
- - 10 10 228
- - - 5 -
33 - 20 5 -
- - - - -
- - - - -
33 10 20 5 -
- - - - -
- - - 5 -
33 10 20 5 -
33 10 20 5 -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - 5 -
- - - 5 -
132 30 90 55 228
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің қазіргі заманғы
жабдықтармен жарақтандыруды аяқтаудың 2005 жылға арналған
кестесі
---------------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Негізгі !Арнайы !Аппаттық- !Өртке !Аппаттық-
! !өрт сөн. !өрт сөн. !құтқару ав. !қарсы !құтқару
! !діретін !діретін !томобильде. !құралда. !құралда.
! !автомо. !автомо. !рімен !рымен !рымен
! !бильдері.!бильдері.! !бірлік !
! !мен !мен !бірлік саны !саны !компл.
! !бірлік !бірлік ! ! !саны
! !саны !саны ! ! !
--------------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. - - - - -
2 Алматы қ. - - 1 - -
3 Алматы обл. - - - - -
4 Ақмола обл. - - - - -
5 Ақтөбе обл. - - - - -
6 Атырау обл. - - - - -
7 Ш-Қазақстан обл. 1 - - - 5
8 Жамбыл обл. - - - - -
9 Б-Қазақстан обл. - - - - -
10 Қарағанды обл. 1 - - - 5
11 Қостанай обл. - - - - -
12 Қызылорда обл. - - - - -
13 Манғыстау обл. - - - - -
14 Павлодар обл. - - - - -
15 С-Қазақстан обл. - - - - -
16 О-Қазақстан обл. - - - - -
--------------------------------------------------------------------------
Жиыны 2 - 1 - 10
--------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
---------------------------------------------------------------------------
Арнайы әске.!Оқшаулағыш !Басқару !Өрт сөндіру !Пейджинг
ри киімдер !противогазы. !және бай. !заттарымен !байланысымен
құралдарымен!мен !ланыс құ. ! !жабдықтау
! !ралдарымен! !
компл. саны !бірлік саны ! ! тонна саны !бірлік саны
! !бірлік !
! !саны !
---------------------------------------------------------------------------
- - - - -
- - - 10 228
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - 5 -
- - - - -
- - - - -
- - - 5 -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - - -
- - - 20 228
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Төтенше
жағдайлар жөніндегі Агенттігінің
Мемлекеттік өртке қарсы қызметті
дамыту және жетілдіру
бағдарламасына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің
құрылысы аяқталмаған және жаңа объектілерін пайдалануға берудің
2001-2005 жылдарға арналған
Кестесі
-----------------------------------------------------------------------
! Аумақтар ! Өрт сөндіру депосы, ! Қоймалар, !
! ! жылдар бойынша: ! жылдар бойынша !
! !------------------------!------------------------!
! !2001!2002!2003!2004!2005!2001!2002!2003!2004!2005!
-----------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. - 1 - - 1 - - 1 - 1
2 Алматы қ. 1 2 2 - - - 1 - 1 -
3 Ақмола обл. 1 - - 1 - 1 - 1 - 1
4 Алматы обл. - - - 1 - - 1 - 1 -
5 Ақтөбе обл. - 1 - - 1 - 1 - 1
6 Атырау обл. 1 - - - 1 1 - 1 - 1
7 Ш-Қазақстан обл. - 1 - - 1 1 1 1 1 1
8 Жамбыл обл. - - 1 - 1 1 - - 1 -
9 Б-Қазақстан обл. 1 - - 1 - - - - - 1
10 Қарағанды обл. - 1 1 - 1 - - - - -
11 Қостанай обл. - 1 - - 1 1 1 1 1 1
12 Қызылорда обл. 1 - - 1 - 1 - 1 -
13 Маңғыстау обл. 1 - 1 - - 1 1 - 1
14 Павлодар обл. - 1 - 1 - 1 - 1 - 1
15 С-Қазақстан обл. 1 - 1 - - 1 - 1 1
16 О-Қазақстан обл. - 1 - 1 - 1 - 1 - 1
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны 7 9 6 6 7 7 7 9 7 11
таблицаның жалғасы:
-----------------------------------------------------------------------
! Аумақтар !Өртті сөндіретін оқулық ! жендік базалар, !
! !мұнара, жылдар бойынша: ! жылдар бойынша: !
! !------------------------!------------------------!
! !2001!2002!2003!2004!2005!2001!2002!2003!2004!2005!
-----------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. - 2 - - 2 - - 1 - 1
2 Алматы қ. 3 2 2 - - - - - - -
3 Ақмола обл. - 2 - 2 - - 1 - 1 1
4 Алматы обл. - - 2 - 2 1 - 1 1 1
5 Ақтөбе обл. - 2 - - 2 - 1 - 1 1
6 Атырау обл. - 2 - 2 - 1 - 1 1
7 Ш-Қазақстан обл. 2 - 2 - 2 - 1 1 1 1
8 Жамбыл обл. - - 2 - 2 - - 1 1 1
9 Б-Қазақстан обл. - - - - 2 - - 1 1 -
10 Қарағанды обл. 2 - 2 - 2 - - - 1 1
11 Қостанай обл. 2 2 - 2 1 - 1 1 1
12 Қызылорда обл. - 2 - - 2 - 1 - 1 1
13 Маңғыстау обл. - - 2 - 2 - 1 - 1 1
14 Павлодар обл. - 2 - 2 - 1 - 1 1 -
15 С-Қазақстан обл. 2 - 2 - - - 1 1 1 -
16 О-Қазақстан обл. - 2 - 2 - 1 - 1 - 1
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны 11 16 16 8 20 6 6 11 13 11
---------------------------------------------------------------------------
таблицаның жалғасы:
-----------------------------------------------------------------------
! Аумақтар ! автотұрақтар, ! Газ түтінінен қорғау !
! ! жылдар бойынша: ! қызметі базалары, !
! ! ! жылдар бойынша: !
! !------------------------!------------------------!
! !2001!2002!2003!2004!2005!2001!2002!2003!2004!2005!
-----------------------------------------------------------------------
1 Астана қ. 1 1 1 - 1 1 - - - -
2 Алматы қ. - - - - 2 - 1 - - -
3 Ақмола обл. 1 1 1 1 2 - - 1 - -
4 Алматы обл. 1 1 1 1 - - - 1 -
5 Ақтөбе обл. 1 1 - 1 1 - - - - 1
6 Атырау обл. 1 1 1 1 1 - - - -
7 Ш-Қазақстан обл. 1 2 1 1 1 - 1 - - -
8 Жамбыл обл. 1 1 - 1 1 - - 1 - -
9 Б-Қазақстан обл. - - - 1 1 - - - 1 -
10 Қарағанды обл. - - - - 2 - - - - 1
11 Қостанай обл. 1 1 2 1 1 - 1 - - -
12 Қызылорда обл. 1 1 1 1 1 - - -
13 Маңғыстау обл. 1 1 1 1 - - - 1 - -
14 Павлодар обл. 1 1 1 1 - - - - 1 -
15 С-Қазақстан обл. 1 1 1 - 1 - - - - 1
16 О-Қазақстан обл. 1 1 1 1 1 1 - - - -
---------------------------------------------------------------------------
Жиыны 12 12 12 12 17 4 3 3 3 3
---------------------------------------------------------------------------