Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы Білім институтының Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы
Білім институтының Жарғысын бекіту туралы
1998 жылғы 9 мамырда Алматы қаласында жасалған Экономикалық
Ынтымақтастық Ұйымы Білім институтының Жарғысы бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Экономикалық ынтымақтастық ұйымы
Білім институтының жарғысы
Кіріспе
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер;
Экономикалық және әлеуметтік өркендеуді қамтамасыз етуде рухани және физикалық оқытудағы білімнің ролін, сонымен қатар өзара жақсы түсіністікке ықпал етуге және адамдар арасындағы берік және терең байланыстарды дамытуды түсіне отырып;
Адамдар мен халықтар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін білім саласындағы мамандармен алмасуды қоса интеллектуалды іс әрекеттердің маңыздылығын, сонымен қатар басқа ақпараттық материалдар, басылымдармен алмасуды толығымен мойындай отырып;
Білім арқылы аймақтарда адамдар арасындағы байланыс құралдарын дамыту мен арттыруды толық шешуге тырысып;
Измир Шартының принциптері, мақсаты және рухы негізінде білім және мамандар даярлау салаларында ЭЫҰ елдер арасындағы ынтымақтастық ауқымын дамытуға және тереңдетуге нық сенім білдіре отырып;
Жоғарыда аталғандарға байланысты Измир Шартының мақсаттарын орындау мен оған жаңа дем беру, сапалы білім мен мамандарды даярлауды қамтамасыз ету арқылы аймақтағы халықтардың жалпы әлеуметтік жағдайын дамыту үшін ЭЫҰ Білім институтын құруға шешім қабылдады.
1-Бап
Атауы/мақсаты және қызметі
Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Білім институты, бұдан әрі "Институт" деп аталып, ЭЫҰ шегінде келесі іс-әрекеттерді орындау үшін үйлестіретін, қаржыландыратын және мониторингті жүзеге асыратын болады:
а) білімнің барлық сатысында оқу мекемелері үшін бағдарламаларды дамыту бойынша жұмысқа ықпал етуге, білімнің алдыңғы қатарлы білім принциптерінің негізінде осы бағдарламаларға аймақтық қазыналардың айқындалуына ықпал етуге және осы саладағы қандайда болмасын зерттеу жобаларын қолдау;
б) Аймақтағы халықтарды байланыстыратын білім саласында және мамандар даярлаудағы тәжірибелерді аймақтағы елдерде оқу үшін зерттеулер жүргізу;
в) Аймақтағы халықтар арасындағы өзара түсіністікті қалыпқа келтіру үшін аймақтағы тілдерді оқытуды дамыту;
г) мүше елдер арасындағы жалпы қамтамасыздық және алдыңғы қатарлы білім технологияларымен алмасу және зерттеулерді және қатысушы елдердің білім мекемелерінде бұл технологияларды енгізуге ықпал ету бойынша басқа жұмыстарды көтермелеу;
д) Білімнің барлық деңгейінде білім мекемелері арасындағы ынтымақтастыққа ықпал ету;
е) оқушылар, академиктер, ұстаздар және студенттермен алмасу сияқты білім және оқыту бағдарламаларына ықпал ету және үйлестіру;
ж) Аймақтағы оқытушылардың біліктігін көтеру үшін біріккен бағдарламалар ұйымдастыратын болады;
з) білім мәселелері мен проблемалары жөнінде кеңестер ұйымдастыратын болады;
к) Білім саласындағы жаңа жетістіктерден үлгі алуға және мүше елдерді осы жетістіктер туралы әсіресе жаңа технологиямен ақпаратпен қамтамасыз етуге;
л) Аймақтағы халықтар арасындағы байланысты нығайту мақсатында мүше елдердің тарихын, әдебиетін және географиясын оқыту саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге;
м) Аймақтағы орын алып отырған білім проблемаларын нақты шешу мақсатында аймақтағы халықтардың қызығушылығы мен қоғамдық ойын ынталандыру;
н) Аймақ халықтары үшін білім саласында және даярлаудағы конференциялар, семинарлар, конгресстер және т.т. сияқты шараларды ұйымдастырып, жүзеге асырылып жатқан білім және даярлаудағы бағдарламалар туралы соңғы ақпараттарды тарату;
о) Кең таратылған білім жүйесін қолдану құралдары арқылы әлеуметтік және жаратылыс ғылымдарының барлық салаларында жаңа біліммен, даярлаумен студенттерді, академиктерді, және аймақтағы басқа қатысты тұлғаларды қамтамасыз ету;
п) стипендия қорын құру арқылы білім және даярлау саласындағы
академиктерге, студенттерге, ұстаздарға және басқа қатысты қызметкерлерге
стипендия беру, осы мақсатты қаржыландыру үшін маңызды көзі болып
саналатын мүше елдер және халықаралық институттар арқылы жүзеге асырылатын
жарналармен;
р) ЭЫҰ аймағында білім және мамандар даярлау салаларында көрнекті
қызметкерлерге гранттар мен сыйлықтар беру.
ІІ-Бап
Заңды мәртебесі
Институт мүше елдер аймағында ЭЫҰ арнайы мекемесі ретінде заңдық
тұлға болады және сонымен қатар төмендегідей құқы бар:
а) келісім-шарттар жасасуға;
б) тұрақты және жылжымалы мүліктер сатып алуға;
в) сот ісін қозғатуға.
ІІІ-Бап
Органдары
1. Қамқорлық кеңесі
Институттың келесі құрамдағы Қамқорлық кеңесі болады:
а) Мүше елдердің Білім министрлері немесе білімге жауапты басқа
министрлер,
б) ЭЫҰ Бас Хатшысы,
в) Институт Президенті,
Институттың негізгі басқару органы Қамқорлық кеңесі болып табылады.
Қамқорлық кеңесі алмастыру негізінде жылына бір рет мүше елдер
аймағында отырысын өткізеді.
2. Президент
Қамқорлық кеңесінің ұсынысымен алмасу және алфавиттік тәртіп бойынша үш жылға ЭЫҰ Министрлер Кеңесі бекітеді және Институт Президенті қатысушы елдердің білім саласындағы атақты адамдарының қатарынан тағайындалады.
Институт Президенті Қамқорлық кеңесі, Академиялық кеңес, Атқару комитеті қабылдаған жалпы бағыт пен шешімдерді, сондай-ақ Институт мақұлдаған бағдарламаны жүзеге асыруға тиісті шаралар қабылдауға жауап береді. Президент сондай-ақ Қамқорлық кеңестің, Академиялық кеңес басшысының, директорлар кеңесінің атқарушы комитеттің функцияларын орындайды.
3. Академиялық кеңес
Институттың мақсатымен білім және мамандар даярлау салаларында шешімдер қабылдауға, ұйымдастыруға мониторинг және жобаларды бағалауға жауап береді. Академиялық кеңес білім саласына қатысты адамдардан тұрады. Мүше елдердің білім министрлері немесе білімге жауапты министрлер үш жылға
тағайындайтын бір-бірден өкілі болады. Академиялық Кеңес мүшелердің 2/3
болған жағдайда жылына бір рет жиналады.
4. Атқарушы комитет
Атқарушы комитет Институттың органдары қабылдаған шешімдерін жүзеге
асырады, оның орындалу барысы туралы есеп береді, Академиялық кеңестің
мақұлдауы мен Қамқорлық кеңеске бюджет жобасын дайындайды.
IV-Бап
Штаб-пәтері/үйлестірушілері
Институттың Штаб-пәтері Анкара қаласында орналасқан. Институт мүше елдерде өз үйлестірушілерін сол елдің заңдарына басымдық бере отырып тағайындайды. Үйлестірушілер Штаб-пәтермен тығыз байланыста бола отырып, мақұлданған бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.
V-Бап
ЭЫҰ органдарымен байланыс
Институт ЭЫҰ Секретариаты арқылы ЭЫҰ тиісті кеңесіне Институттың
атқарып жатқан шаралары және болашақ жобалар туралы қатысушы елдердің
қарауына және оны бекітуге жылдық немесе есептерін тапсырады.
Институт ұзақ жылдық бағдарламаларды Кеңестің нұсқаулық құжаттарына
сәйкес Министрлер кеңесінің бекітуіне дайындайды.
VI-Бап
Басқа ұйымдармен байланыс
Институт басқа аймақтық немесе халықаралық ұйымдармен, мемлекеттермен
және мекемелермен серіктестік қатынастарды қалыптастырады. ЭЫҰ Министрлер
Кеңесі келісім негізінде мұндай ынтымақтастықтың өзгешелігі мен ауқымын
анықтайды.
VІI-Бап
Қаржылар
Институт бағдарламалар және әкімшілікке арналған тәуелсіз бюджетке
және қорларға иелік етеді. Олар:
а) Мүше елдер жарналары,
б) Демеуқаржылар және қайырымдылық көрсету,
в) Басқа да көздерден тұрады.
VIII-Бап
Күшіне енуі
Осы Жарғы үш мүше ел бекіту грамоталарын немесе келісім туралы
құжаттарын Түрік Республикасына тапсырған сәтінен бастап күшіне енеді.
IХ-Бап
Ережелер
Институт өзінің жеке қаржы және штаттық ережелерін, сондай-ақ
Институттың жұмысы басталғаннан кейін бір жыл ішінде Министрлер Кеңесінде
мақұлданатын іс-әрекет тәртібін дайындайды.
Х-Бап
Түзетулер
Осы Жарғыға Институт Президенті немесе мүше ел ұсыныстарымен
енгізілетін түзетулер Қамқорлық кеңесінің және Министрлер Кеңесінің
мақұлдауына жатады.
Қосымша бап
Институт орналасқан елдің азаматынан Бірінші президент сайланады.
1998 жылы 9 мамыр күні бір дана болып Алматы қаласында қол қойылды
және ол Түрік Республикасының Үкіметінде қалады. Осы күннен бастап отыз
күн ішінде тиісті деңгейде бекітілген көшірмелері қол қоюшы елдердің
үкіметтеріне жіберіледі.
Ауғанстан Ислам Мемлекеті үшін ________________
Әзірбайжан Республикасы үшін __________________
Иран Ислам Республикасы үшін __________________
Қазақстан Республикасы үшін ___________________
Қырғыз Республикасы үшін ______________________
Ислам Пәкістан Республикасы үшін ______________
Тәжікстан Республикасы үшін ___________________
Түрік Республикасы үшін _______________________
Түркіменстан үшін _________________
Өзбекстан Республикасы үшін ___________________
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.