Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Мектеп" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Мектеп" ААҚ) етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) "Мектеп" ААҚ жарғысын бекіткен кезде негізгі қызметі баспа өнімдерін шығару деп белгілесін;
2) "Мектеп" ААҚ мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) "Мектеп" ААҚ мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін оның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берсін;
4) <*>
5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.31. N 1383
қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Алматы қаласы" бөлімінде:
реттік нөмірі 293 "293. "Алатау" БПК" ААҚ" және 293-1 "293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ" деген жолдардағы "293" және "293-1" деген сандар "123-27" және "123-28" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-29-жолмен толықтырылсын:
"123-29. "Мектеп" ААҚ";
2) <*>
3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімінде:
реттік нөмірі 224-1 "224-1. "Алатау" БПК" ААҚ" деген жолдағы "224-1" деген сан "224-3" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-4-жолмен толықтырылсын:
"224-4. "Мектеп" ААҚ".
Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі