Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 13 қараша N 1701

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Рауан" республикалық баспасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны оны мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Мектеп" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Мектеп" ААҚ) етіп қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) "Мектеп" ААҚ жарғысын бекіткен кезде негізгі қызметі баспа өнімдерін шығару деп белгілесін;
      2) "Мектеп" ААҚ мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) "Мектеп" ААҚ мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін оның акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне берсін;
      4) <*>
      5) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.31. N 1383
қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" бөлімінде:
      реттік нөмірі 293 "293. "Алатау" БПК" ААҚ" және 293-1 "293-1. "Алматы-Болашақ" ЖАҚ" деген жолдардағы "293" және "293-1" деген сандар "123-27" және "123-28" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-29-жолмен толықтырылсын:
      "123-29. "Мектеп" ААҚ";
      2) <*>
      3) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" бөлімінде:
     реттік нөмірі 224-1 "224-1. "Алатау" БПК" ААҚ" деген жолдағы "224-1" деген сан "224-3" деген санмен ауыстырылсын;
     мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 224-4-жолмен толықтырылсын:
     "224-4. "Мектеп" ААҚ".
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен .
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады