Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күші бар Жарлығының U962828_ 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына Ақтөбе облысының Темір ауданының аумағында ХХІІ-22-А (ішінара), В (ішінара), Е (ішінара), блоктарының шегінде орналасқан Кеңқияқ кен орнында (тұз астындағы) көмірсутекті шикізатты өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына 1997 жылғы 25 маусымда берген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуы осы кен орны бойынша 1999 жылғы инвестициялық міндеттемелердің орындалмауына байланысты тоқтатыла тұрсын.
ЕСКЕРТУ. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ұзартылсын -
ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1828a қаулысымен. P001828a а
2. 1997 жылғы 25 маусымдағы N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай)
8.6-тармағында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата
тұруды туындатқан себептерді жою үшін бір айлық мерзім белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі
"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын N 996 МГ
сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуын тоқтата тұру туралы хабардар
етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.