Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімін ұзарту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 12 желтоқсан N 1828а. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.04.20. N 530 қаулысымен. ~P010530

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заң күші бар Жарлығының U962828_ 38-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылғы 25 маусымда "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына осы кен орны бойынша 1999 жыл үшін инвестициялық міндеттемелердің орындалмауына байланысты Ақтөбе облысы Темір ауданының аймағындағы ХХІІ - 22-А (ішінара), В (ішінара), Е (ішінара) блоктар шегінде орналасқан Кеңқияқ (тұз астындағы) кен орнындағы көмірсутекті шикізатты өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына берген сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның P001721_ қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ұзартылсын.
      2. 1997 жылғы 25 маусымдағы сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның

 

8.6-тармағында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата

тұруды туындатқан себептерді жою үшін бес айлық мерзім белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі

сериясы МГ N 996 (мұнай) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын хабардар етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады