Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 U973787_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында
біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы
Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті
қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабына сәйкес және "Қазақстан - 2030" K972030_ стратегиясының "Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс" ұзақ мерзімдік басымдығын ұлттық экономикаға қазіргі ақпараттық технологияларды енгізу бөлігінде іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық
кеңістікті қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметті бір айлық мерзімде 2000-2002
жылдарға арналған Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті
қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық
кеңістікті қалыптастырудың және дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы
Астана қаласы, 2000
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы "__"_______
N ___ Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық
кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының бiрыңғай
ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен
дамыту.
Әзірлеу үшін негіз Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Қазақстан Республикасының бiрыңғай
ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру
туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы
N 3787
Жарлығы.
Негізгі әзірлеушілер Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия
және сауда министрлiгi.
Іске асыру мерзімі Орта мерзiмдi, 2000-2002 жылдар
Бағдарламаның мақсаттары Қазақстан Республикасында бiрыңғай
мен міндеттері ақпараттық кеңiстiк қалыптастыру;
ақпарат және бiлiм рыногын құру;
жеке адамның, қоғамның, мемлекеттiң
ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
қоғамдық өндiрiс жүйесiнде
(телекоммуникациялық, көлiктiк,
ұйымдастырушылық) инфрақұрылымның рөлiн
арттыру;
халықтың бiлiм, елдiң ғылыми-техникалық және
мәдени даму деңгейiн жоғарылату;
мемлекеттiк басқаруда, экономикада,
мәдениетте және әлеуметтiк салада
келешектi ақпараттық технологияларды,
компьютерлiк техника мен телекоммуникациялар
құралдарын жалпылай пайдалануға негiзделетiн
жаңа технологиялық салттарды қалыптастыру.
Бағдарламаның негізгі ақпараттандыру саласында мемлекеттік реттеу
іс-шаралары тетiгiн жетiлдiру;
Қазақстан Республикасының бiрыңғай
ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастырудың
және оның қызмет етуінің нормативтік
құқықтық базасын құру;
ақпараттық ресурстарды басқарудың
ақпараттық басқару жүйесiн құру;
техникалық құралдарды жетiлдiру және
жаңа ақпараттық технологияларды ендiру;
елдің қалың жұртшылығының Интернет
желiсiне кiруiн қамтамасыз ету;
отандық есептеуiш және
телекоммуникациялық техниканы,
ақпараттық өнiм мен қызмет көрсетудi
өндiрушiлердiң дамуын ынталандыру
және оларды қолдау, олардың бәсекеге
төзiмдiлiгiн арттыру бағдарламасын әзiрлеу;
ақпараттық телекоммуникациялық
жүйелердi, ақпараттық технологияларды
әзiрлеу мен пайдалану саласындағы
мамандарды даярлау және қайта даярлау
жүйесін әзірлеу.
Қаржыландыру көздері республикалық және жергiлiктi бюджеттерден
бөлiнетiн қаражат, банк кредиттері,
халықаралық қаржы институттарының гранттары
мен заемдары, инвестициялар.
Күтілетін соңғы нәтиже Шараларды іске асыру:
ақпараттандыру саласында мемлекеттiк
реттеудің тиімділігін арттыруға;
отандық есептеуіш және телекоммуникациялық
техника, ақпараттық өнім мен қызмет көрсету
құралдарының бәсекеге төзімділігін арттыру
үшін жағдай жасауға;
ақпараттық телекоммуникациялық жүйелердiң
халықаралық даму стандарттарын ескере отырып,
жүйелер мен желілердің үйлесімділігін және
өзара әрекет етуін қамтамасыз етуге;
ақпараттандыру жобалары мен бағдарламаларына
отандық және шетелдік инвесторлардың
қаражатын тартуға;
ақпараттандыру саласында бірыңғай нормативтік
құқықтық база құруға;
мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды құруға
және пайдалануға бөлiнетiн бюджет қаражатын
оңтайландыруды жүргізуге;
ақпараттық қоғамға көшуге бастапқы жағдай
жасауға мүмкіндік береді.
2. Кiрiспе
Ақпараттандыру - ХХ ғасыр соңынан ерекшелiгi, өркениеттің дамуындағы және қоғамның индустриалдық кезеңнен ақпараттық дәуiрге көшудегi қуатты факторы. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей мемлекеттiң ақпараттық кеңiстiгiнiң даму деңгейi - ақпараттандыру нәтижесi мен әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке шоғырлану дәрежесi - елдiң экономикасын дамытуға ғана ықпал етпейдi, сонымен қатар ұлттың интеллектуалдық деңгейiн едәуiр дәрежеде анықтайды, адамның негiзгi құқықтарын iске асыру көрсеткiшi болып табылады.
Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында ақпараттандыру процесi рөлiнiң өсуi соңғы онжылдықта әлемнiң көптеген елдерiнде ұлттық саясаттың дербес бағыты шеңберiнде мемлекеттiк бағдарламаларды: ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты ресiмдеуге және жүзеге асыруға әкелдi.
Осы саясатты iске асыруға мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетудi қамтамасыз ететiн белсендi iс-қимылдармен қол жеткiзiледi.
"Қазақстан - 2030" Стратегиялық бағдарламасында жазылған елдiң әлеуметтiк даму мүддесi ақпараттық өркениетке жылжудың бүкiл халықаралық тәжiрибесiн ескере отырып, ақпараттық қоғамға қарай жылжудағы нысана мен стратегияны таңдап алуды талап етедi.
3. Мемлекеттiк басқару органдарын ақпараттық
қамтамасыз етудiң ағымдағы жай-күйiн талдау
Қоғамның саяси, экономикалық басқарушылық құрылымдарын реформалау процестерін жандандыру республиканың тіршілігін ақпараттық қамтамасыз ету проблемасын басым орындардың біріне шығарды.
Егеменді мемлекеттің аяққа тұруы және нарықтық экономикаға көшуі жағдайында заң және атқарушы билік органдарының функциялары мен шешетін мәселелерінің аясы едәуір өзгерді, аймақтық даму және басқару мәселесін шешудегі салмақ орталығы аймақтардың тиісті құрылымдарына ауыстырылуда, иерархиялық басқарудан корпоративтік басқаруға көшу жүргізілуде.
Жаңа шаруашылық жүргiзу жағдайында халық шаруашылығын басқару принциптерi, мемлекет пен өндiрушiлер арасындағы қарым-қатынас түбегейлi өзгеруде, экономиканың кейбiр тiзбектерiнiң орталық және аймақтық басқару органдарының ақпараттық жүйесiнiң қызмет етуiнде өзгерiстер болып жатыр.
Осы жағдайлар қоғамда ақпараттық қажеттiлiктi, ақпараттық ағымдардың мазмұны мен бағытын өзгертудi туындатады. Басқару органдарының және экономикалық қызмет субъектiлерiнiң салалардағы, аймақтардағы және кәсiпорындардағы iстiң нақты жағдайы туралы объективтi, шынайы және уақтылы экономикалық, конъюнктуралық, статистикалық, экологиялық, әлеуметтiк-демографиялық және басқа ақпаратты алудағы қажеттiлiгi шұғыл өсуде.
Республика тiршiлiгiн ақпараттық қамтамасыз етудiң қазiргi жүйесi жеткiлiктi дайындалмаған және жаңа саяси және әлеуметтiк-экономикалық шарттарға сәйкес келмейтiн болып шықты және басым даму мен жетілдірудi талап етедi.
Әртүрлi, көбiнесе ескiрген бағдарламалы-ақпараттық және бiрдейлендiрiлмеген шешiмдердiң негiзiнде құрылған ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер негiзiнен жеке мемлекеттiк басқару органдарының мүддесiнде және, әдетте, қажеттi өзара әрекет етусiз қызмет етедi, осыдан жүйелердi әзiрлеу мен жетiлдiру жұмыстары қайталануда, алғашқы ақпаратты жинауда артықшылыққа әкеледi.
Бар ақпараттық ресурстар:
тақырыптық және функционалдық толықсыздығымен;
төменгi сапасымен және сертификатының жоқтығымен;
құрылған ақпараттық ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы дұрыс мәлiметтердiң жоқтығымен сипатталады.
Мәлiметтер базасына телекоммуникациялық кiрудiң бар құралдары жабдығының әртүрлігiмен және хаттамалардың келiсiлмегендiгiмен сипатталады.
Мiне осылай, ақпаратты пайдалану мүмкiндiгi, әдетте, ведомстволық тиесiлiгiмен, бiрыңғай жүйенiң жоқтығымен шектеледі және, көбiнесе, пайдаланушының лауазымымен және мәртебесiмен анықталады. Алыс аумақтағы ақпараттық ресурстарды пайдалану проблемасы шешілмеген.
Әртүрлі ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің ведомстволық бытыраңқылығы, басқару органдарының ақпараттық қажеттілігін барлық жерде және толық қанағаттандыру мақсатында олардың өзара әрекет етуін ұйымдастыру проблемаларын республиканың бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру арқылы ғана шешуге болады.
Мемлекеттік басқару жүйесiн бiрыңғай әдiстемелiк және технологиялық тұрғыдан ақпараттандыру мәселесін шешу ақпараттандыру саласындағы басқа проблемаларды, соның ішінде дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке шоғырлану проблемасын шешуді едәуір дәрежеде қамтамасыз ететін ақпараттық инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттiк басқару органдарының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн iске асырудағы маңызды жетiстiк - ашық ақпараттық ресурстарға қойылған ведомстволық монополизмдi жеңу, қайталауды болдырмау және осының негiзiнде мемлекеттiк, ақпараттық ресурстарды құруға және пайдалануға жұмсалатын шығындарды едәуір азайту.
Мемлекеттiк басқару органдарының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен дамыту жұмыстарын іске асыру жекелеген бағыттар бойынша мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар кешенінің шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
Негiзгi үйлестiру элементi проблема бойынша бүтіндей мемлекеттiк басқару органдарының мемлекеттiк кешендi ақпараттандыру бағдарламасын әзiрлеудi және орындалуын үйлестiрудi, жобаларды сараптауды, оларды іске асыруға инвестицияларды қалыптастыруды, оларды бөлудi және тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк тапсырыс берушінің тетiгi болуы тиiс.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы бiрыңғай ақпараттық кеңiстiк құру мақсатыңда әзiрленген және елдiң ақпараттық қоғамға жылжудағы мынадай бағдарламаларға қол жеткiзуiне бағытталған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтар мен ұйымдар ақпараттық қажеттіліктi қанағаттандыру үшін ақпараттық-телекоммуникациялық ортада, осы ресурстарды пайдалану орны мен уақытына, сондай-ақ пайдаланушылардың мәртебесiне қарамастан, пайдаланатын ақпараттық ресурстардың жиынтығын білдiретiн бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру;
2) өндiрiс факторы ретінде табиғи ресурстар, еңбек және капитал рыноктарына қосымша ақпарат және бiлiм рыногын құру, қоғамның ақпараттық ресурстарын әлеуметтiк-экономикалық дамудың нақты ресурстарына ауыстыру, қоғамның ақпараттық өнімдер мен қызметтер көрсетуге қажеттілігін іс жүзінде қанағаттандыру;
3) жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасының едәуір бөлігін шешу және азаматтар мен әлеуметтік институттар үшін демократиялық дамудың маңызды шарты ретінде ақпаратты алу, тарату және пайдалану еркіндігін қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру;
4) қоғамдық өндіріс жүйесінде (телекоммуникациялық, көліктік, ұйымдастырушылық) инфрақұрылымның рөлін арттыру;
5) халықаралық, ұлттық және аймақтық деңгейлерде ақпаратпен алмасу жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы халықтың білім, елдің ғылыми-техникалық және мәдени даму деңгейін жоғарылату және осыған сәйкес еңбектің маңызды сипаттары ретiнде кәсiпқойлық пен шығармашылыққа қабілеттілік рөлін арттыру;
6) мемлекеттiк басқаруда, экономикада, мәдениетте және әлеуметтiк салада келешектi ақпараттық технологияларды, компьютерлiк техника мен телекоммуникациялар құралдарын жалпылай пайдалануға негiзделетiн жаңа технологиялық салттарды қалыптастыру.
Ақпараттық өркениет белгiлерi дамыған елдердiң әлеуметтiк-экономикалық тiршілiгiнде әртүрлi дәрежеде бар, бұл экономикалық және технологиялық дамудың нақты шарттарымен, ұлттық, саяси және мәдени дәстүрлермен оңай түсiндiрiледi.
Алайда, олардың барлығы бiрге алғанда Қазақстан Республикасының болашақ ақпараттық қоғамға, ол жетуi тиiс қажеттi постиндустриалдық даму сатысына баратын жолы туралы ұғым бередi.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны iске асыру тетiгi
Елдiң ақпараттық өркениет бағдарларына қол жеткiзудегi қадамы "Қазақстан - 2030" бағдарламасы шеңберiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi басым мақсаттарына қадам сияқты бiрқатар кезеңдерден тұратын болады. Ақпараттық қоғамға мақсатты қадам "Қазақстан - 2030" бағдарламасын iске асырудың тиiстi кезеңiмен келiсiлген әрбiр кезең шеңберiнде басты (басым) ақпараттандыру бағыттарын және кезеңнiң тиiстi индикативтiк көрсеткiштерiн анықтауды талап етедi.
Мемлекеттiң қоғамды кеңiнен өзгертудегi жетекшi рөлiн және "Қазақстан - 2030" Стратегиялық бағдарламасының бiрiншi кезеңiне (1998-2000 жж.) қабылданған мiндеттердi, сондай-ақ орта бiлiм жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруды және ақпараттандыру процесi ресурсының едәуiр молшылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы тиiстi мемлекеттiк саясаттың шеңберiнде мынадай қағидаларды ұстанады:
1) бұрын құрылған ақпараттық жүйелердi пайдалану және бар бағдарламалық кешендердi, мәлiметтер базаларын және қызметшілердi объект-бағдарлық және басқа да келешектi әдiстердiң негiзiнде жаңа ақпараттық-бағдарламалық тұғырларға көшiру;
2) Қазақстан Республикасында ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді құру мен дамытудың әдістемелері мен аспап-құралдарының тиісті салалардағы ғылым мен технологиялардың соңғы даму парадигма талаптарына сәйкес болуы;
3) ашық жүйелер тұжырымдамасын пайдаланумен ақпараттандыру құралдары мен жүйелерiн стандарттау, бiрдейлендiру және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргiзудiң негiзiнде ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің шоғырлануын қамтамасыз ету;
4) мыналарды ескере отырып, ақпараттық қауіпсiздiк пен тәуелсiздiктi қамтамасыз ету:
мемлекеттiк шекаралардан ақпараттың өтуi жағдайында халықаралық қатынастар жүйесiн құруды;
дүниежүзiлiк ақпараттық желiлерге қатысты тиiмдi мемлекеттік саясатты пысықтау және ұлттық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық инфрақұрылымды қорғау тұрғысынан оларға ұлттық және корпоративтiк ақпараттық пен телекоммуникациялық желілердің кiруi мәселесiн шешу қажеттiлiгiн;
жаңа ақпараттық технологиялардың ақпараттық қару ретінде пайдаланылуы қаупiн, сондай-ақ ақпараттық терроризм қатерiн;
ақпараттық қауіпсіздікке сырттан келетiн қатермен күресудiң халықаралық тәжiрибесiн;
5) мемлекеттiң нормативтік құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру түрiндегі реттейтiн ықпалдарын пайдаланумен ақпараттық кеңiстiктiң өзiн-өзі ұйымдастыруы.
Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгін қалыптастыру мен дамытудың бiрiншi кезеңiнде (2000-2002 жж.) мынадай басымдықтар белгiленедi:
1) Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен дамытудың нормативтiк құқықтық базасын құру;
2) ғылыми-әдiстемелiк базаны құру;
3) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану;
4) мемлекеттiк билiк органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру және пайдалану.
Нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету саласында:
1) ақпараттық кеңістікті құру процесін мемлекеттік қолдаудың, басқарудың және реттеудің құқықтық негіздерін белгілейтін, мемлекеттің, ұйымдардың және жеке азаматтардың ақпаратқа құқығын бекітетін, ақпараттық ресурстарды құру және тарату процесінде қарым-қатынастарды реттейтін, ақпараттық технологиялардың, өнімнің және қызметтер көрсетудің құқықтық режимінің негізін алдын ала анықтайтын, республикада ақпараттандырудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруды және оны дүниежүзілік ақпараттық жүйеге енгізуді қамтамасыз ететін заң актілері;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру процесін реттейтін және бірдейлендіретін ашық жүйелер тұжырымдамасының шеңберіндегі стандарттар жүйесін қалыптастыру туралы нормативтік актілер;
3) ақпараттандыру құралдары мен жүйелерін сертификаттау жөніндегі нормативтiк әдiстемелiк база әзiрленуi және қабылдануы тиiс.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде:
1) Республиканың бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру процесін реттейтін, бірдейлендіретін және ақпараттық ресурстар мен ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің шоғырлануын қамтамасыз ететін ашық жүйелер тұжырымдамасының шеңберiнде Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамыту саласында стандарттарды іріктеу және әзiрлеу;
2) Мемлекеттiк билік органдарының корпоративтiк ақпараттық жүйелерін құру және жетiлдiру жөнiндегi ұйымдық-әдістемелік ұсынымдарды әзiрлеу;
3) Ақпараттық технологиялық саладағы мамандарды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану саласында:
1) мемлекеттiк, мемлекеттік емес және аралас ақпараттық ресурстарды ұстаушы ұйымдар бойынша және олар тарататын ақпараттық өнiм мен ұсынатын ақпараттық қызмет көрсету түрлерi бойынша мәлiметтердi бар мемлекеттік регистр жүргізу;
2) жекелеген жүйе құратын ведомствоаралық және салалық мәліметтер базасын, сондай-ақ әкімшіліктің мәліметтер базасын: "халық", "жеке және заңды тұлғалар", "жерді пайдалану", "жылжымайтын мүлік (тұрғын үй қоры, тұрғын-жайға жатпайтындар қоры)", "жұмылдыруға әзірлік" және ұйымдар мен азаматтарға ақпараттың ашық бөлігіне, атап айтқанда "электрондық дүңгіршектер" технологиясының негізінде еркін кіруін қамтамасыз ететін басқаларды құру және жүргізу;
3) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды әртүрлi ақпараттық қауiпсiздiкке төнетін қатерлерден қорғауды қамтамасыз ету;
4) тиісті аумақтардың ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ орталық органдар мен басқа аумақтардың ақпараттық ресурстар туралы және оларға кіру тәртібі туралы мәліметтерін сақтауды және ұстауды қамтамасыз ететін арнаулы орталықтар желісін құратын мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың депозитарий ұйымдарын анықтау жүзеге асырылуы тиіс.
Мемлекеттік билік пен басқару органдарының ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен пайдалану саласында пайдаланылатын және құрылатын телекоммуникациялық қызметтердің негізінде осы органдардың қызметiн ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету (электрондық құжат айналымы жүйелерi, бейне конференциялар жүйелерi, iлеспе аударма жасау жүйелерi, электрондық дауыс беру жүйелері, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, шешiмдер қабылдауды қолдаудың ақпараттық-талдау жүйелерi, ақпараттық қауiпсiздiк жүйелерi және т.б.) жүзеге асырылуы тиiс.
Ақпараттық қауiпсiздiк жүйелерi ақпараттық өзара әрекет ететін субъектілердің ақпараттық ресурстарын және ақпараттық қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз етуі тиiс.
Мемлекеттiк билiк пен басқару органдарында байланыс пен информатика құралдарын пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру қажет.
Республиканың бiрыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастырудың бастапқы кезеңі жекелеген мемлекеттік билік пен басқару органдарының осы күнi қолданылатын және әзiрленiп жатқан ақпараттық есептеу жүйелерi, қызмет ететін жалпы пайдаланымдағы мәліметтер базасымен жиынтығы, телекоммуникациялық жүйелер мен желілер өзегі болып табылатын базалық жүйе құратын тізбектерді құруға бағытталуы тиіс. Олардың үйлесiмдiлiгін және өзара әрекет етуін, ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарының ақпаратты таратудың және оларға кіруді ұйымдастырудың дәстүрлі құралдарымен үйлесімді істеуін қамтамасыз ету қажет.
Осыған сәйкес 2000-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның бiрiншi кезектi мiндеттерi:
1) Мыналар кiретiн ең шағын қажеттi нормативтiк құқықтық базаны құру:
- "Ақпарат және ақпараттандыру туралы" Заң;
- "Халықаралық ақпаратпен алмасуға қатысу туралы" Заң;
- мемлекеттiк билiк пен басқару органдарының Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн қалыптастыру мен дамытуға қатысуын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;
- бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру мен дамыту саласындағы стандарттар;
2) Ұжымдық реттелетiн кiрудiң ведомствоаралық мәлiметтер базасын әзiрлеу және пайдалануға ендiру;
3) Мемлекеттiк басқару органдарының желілiк инфрақұрылымын құру және оларды кешендi ақпараттандыру;
4) Бiрнеше мемлекеттiк басқару органдары шеңберiнде бірыңғай ақпараттық кеңiстiк сегментiнiң пилоттық жобасын iске асыру;
5) Ақпараттық технологиялар құралдарын, соның ішінде отанымызда жинақталатын компьютерлерді шығаруды ұйымдастыру;
6) Бағдарламалық қамтамасыз етудi әзірлеудің отандық индустриясын дамыту;
7) Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің отандық сертификатталған құралдарын пайдалануға көше бастау болып табылады.
Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының екінші және кейінгі кезеңдері "Қазақстан - 2030" Стратегиясын тиісті іске асыру кезеңдерінің мерзімдерін, міндеттерін және осы Бағдарламаның бірінші кезеңін жүзеге асыру нәтижесін ескере отырып, анықталуы және нақтылануы тиіс.
Бағдарламада мынадай негізгі кіші бағдарламалар көзделеді:
Мемлекеттік органдардағы ақпараттық-телекоммуникациялық
жүйелер жай-күйінің мониторингі
Қазақстан Республикасында ендірілуі қажет кіші бағдарламалардың бірі мемлекеттік органдарда ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жай-күйіне мониторингті жүзеге асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк билiк органдары Қазақстан Республикасының бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiн құруда табиғи және маңызды құрастырма бөлiгi болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық жүйелермен нақты және айқын жарақталусыз, осы жүйелердің сипаттамалары мен ақпараттық толтырғыштарын айқын сипаттаусыз талдау, бағалау және барабар шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Алдағы уақытта, әзiрленуi мемлекеттiк бюджеттен немесе мемлекет бақылайтын басқа көздерден қаржыландырылатын барлық бағдарламалық қамтамасыз етуді, мәліметтер базасын және телекоммуникациялық жүйелерді міндетті тіркеумен Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің мемлекеттік тізілімі жүргізілуі тиіс.
Мемлекеттiк емес құрылымдарға тиесiлi ақпараттық объектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмде ерiктi тіркелу мүмкiндiгi қарастырылуы керек. Мемлекеттiк тiзiлiмде ақпараттық өнiмдердiң тiркелуi олардың беделi мен коммерциялық құндылығын арттыратындай қызмет ету жағдайы жасалуы тиiс.
Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердi мемлекеттiк тіркеу оларды мемлекеттiк сертификаттау жолындағы алғашқы қадам болуы тиiс. Бiрiншi кезекте бағдарламаларды және жұмысы қолданылатын заңнама нормаларын барабар ескеруi тиiс қаржы-экономикалық және заңдық мақсаттағы мәлiметтер базасын сертификаттау тетiгi әзiрленуi керек. Ең алдымен бұл бухгалтерлiк кiшi бағдарламалар мен құқықтық мәлiметтер базасына қатысты. Бағдарламаларды сертификаттау ерiктi негiзде жүргiзiлуi тиiс. Сонымен қатар сертификатталған ақпараттық өнiмдердiң ақпараттық технологиялар рыногында артықшылығы болатындай жағдайлар жасалуы керек.
Мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын құру
Бірыңғай ақпараттық кеңістік құрудың қажетті шарты мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымының мынадай элементтерін анықтау болып табылады:
1) электрондық мекен-жайды алудың ережелері мен тәртібін анықтау;
2) мемлекеттiк органдардың wеb-сайттарын құру.
Бүгiнгi күні көптеген мемлекеттiк органдар wеb-сайттарды өз күштерімен, не болмаса халықаралық қаржы ұйымдарының көмегiмен, не болмаса келiсiм-шарт бойынша жұмыс iстейтiн кәсiби компаниялардың күштерімен жасайды. Бұл әрекеттер "дүниежүзілік өрнекті" пайдаланушылар үшін олардың қызметін көрінетіндей етіп және олар шешіп жатқан стратегиялық мәселелер туралы көпшілікке жариялай отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының халықаралық ақпараттық қауымдастығы алдындағы беделiн көтередi.
Дегенмен, осы процестегі мынадай теріс құбылыстарды атап өтуге болады:
сайттардың көпшiлiгiнiң аяқталмағандығы. Көптеген ақпараттық бөлiмдер айлап әзiрленедi немесе жаңартылмайды. Жарияланатын ескiрген ақпарат пайдаланушыларды қателестіреді және ақпараттарды электрондық тарату идеясының беделін түсіреді;
мемлекеттiк ұйымдардың сайттарында мемлекеттік тілдегі ақпараттың жоқтығы;
ағылшын тiлiндегi ақпараттың жоқтығы ақпаратты тұтынушылар санын күрт қысқартады және оның әлемдiк ақпараттық кеңістікте таралуын қиындатады;
мемлекеттiк органдар пайдаланатын бағдарламалы-ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялар құралдарының жеткіліксіз өнімділігі тұтынушыларға қолайсыздық туғызады;
басқа мемлекеттiк органдардың сайттарына сілтемелердің жоқтығы ақпаратты іздеуді қиындатады.
Кiшi бағдарламаны iске асыру үшiн бiрiншi кезеңде мыналар ұсынылады:
мемлекеттiк органдардың билiгiндегi сайттар үшiн техникалық сипаттамаларға, тілді қолдауға, бар ақпараттың өзектiлiгiне, міндетті сiлтеме жасау бөлiгiне қойылатын үлгiлiк талаптарды белгiленген тәртiппен әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының заңды иелiгiндегi кез келген ұйымдар мен жеке тұлғаларға тиесілi сайттарды ресiмдеуде мемлекеттiк рәмiздердi пайдалануды реттеу;
3) мемлекеттiк электрондық құжат айналымының пилоттық аймағын құру.
Электрондық құжат айналымы жүйесi құжаттарды ұжымдық пайдалану тетiгiнiң көмегiмен мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын, бiрыңғай құжат айналымы идеологиясын құруға әкелуi тиiс. Бұл, өз кезегiнде, орындаушылық тәртiп деңгейiн арттыруға, тапсырмаларды орындау мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк құжат айналымын өзектi жағдайда ұстауға, бүтiндей барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша жүйелерді құруға жұмсалатын шығындарды азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың компьютерлiк жабдықты тиiмдiрек пайдалануына әкеледi.
Бірыңғай мемлекеттік электрондық құжат айналымын ендірудегі бірінші кезең электрондық құжаттардың жинақталған мәліметтер базасы бар және оларды жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде осы құжаттардың қоймасын іске асыруды ескере отырып, жаңа жүйеге ауыстыруға болатын мемлекеттік органдар болуы мүмкін.
Кейіннен мәліметтер қоймасының негізінде мемлекеттік электрондық мұрағаттың тұжырымдамасы пысықталуы тиіс. Қоймадан айырмашылығы электрондық мұрағаттар, құжаттарды сақтау мен іздестіруді қамтамасыз етуді ғана емес, құжаттарды, олардың түпнұсқа екенін өздігінен растай отырып, пайдалану, тарату, жіктеу және көбейту бойынша кеңінен қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Осындай жүйелер дамыған елдердің барлық жерлерінде ендірілуде. Электрондық мұрағаттарға жаңа құжаттарды енгізуден басқа жиналып қалған қағаз құжаттарды енгізу бойынша жоспарлы жұмыс ұйымдастырылуы және осы мұрағаттарды мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың пайдалануы реттелуі тиіс.
Мемлекеттік қаржының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін
шоғырландыру
1993 жылдан бастап осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттің орындалуы үшін жауапты мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - қаржы органдары) ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Ұлттық банк, қазынашылық жүйелері құрылды және іске қосылды, салық және кеден қызметтерiнiң жүйелері іске қосу кезеңінде, зейнеткерлік жүйесін қолдайтын жүйе қызмет етуде.
Барлық жүйелер халықаралық қаржы ұйымдары миссияларының жеткілікті жоғары бағасын алды және одан әрі дамуда. Жұмыстарды қаржыландыру халықаралық қаржы ұйымдары беретін заемдардан және мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі. Өкінішке орай, барлық осы жұмыстар қажетті үйлестіру және шоғырландыру деңгейінсіз жүргізілуде. Жүйелер арасында ақпаратпен алмасу әртүрлі стандарттарда, көбінесе халықаралық стандарттардан қашық стандарттарда жүргізіледі. Осы күнге дейін кейбір салаларда басқа жүйелерден алынатын ақпарат қолмен енгізіледі.
Қаржы органдарының ақпараттық телекоммуникациялық жүйелерiн құру бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде кез келген қайта ұйымдастыру қаржы органдарының күнделікті жұмыстарды жүргізуіне және күнделікті міндеттерді орындауына теріс әсер етпеуі, ал қаржы органдарының автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін енгізуді, алып жүруді, жобалау мен әзірлеуді айтпағанның өзінде, білікті және жалақысы жоғары қызметшілер жүзеге асыруы керек.
Қаржы органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін шоғырландырудың кіші бағдарламасын енгізуді бірнеше кезеңмен жүргізу ұсынылады.
Қаржы органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерінің орнықты дамуы мақсатында қаржы органдарының жүйелерін алып жүруді және пайдалануды жүзеге асыратын бірыңғай операторды анықтау.
Мемлекеттік мәліметтер базасын құру
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік мәліметтер базасы
Республикада жеке тұлғаларды тіркеуді әртүрлі мемлекеттік органдар жүргізеді. Айтылғандай, негізгі проблема жеке тұлғаларды тiркеу жүйелерін құруда және олардың қызмет етуінде ешқандай үйлестіру жоқтығында. Республикада осы күні тіркеу нөмiрлерiн беретiн (туу туралы куәлiктегi нөмiр, жеке куәліктегі нөмiр, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, медициналық сақтандыру жүйесіндегі нөмір, зейнеткерлік қамтамасыз ету жүйесіндегі нөмiр) беретін және әртүрлі ведомстволарға тиесiлi бiрнеше тiркеу жүйелерi қызмет етуде.
Бұл тізімде азаматтарды шетелге шығуын қамтамасыз ететін құжаттар бойынша тіркеуді жүзеге асыратын жүйелер қаралмаған. Бұл құжаттар бұрыннан белгіленген және қазіргі технологиялық қоғамның өзгерген жағдайларына жауап бермейтін (бәрі осыны мойындайды) белгілі халықаралық стандарттарға жауап беруі тиіс.
Біздің елде азаматтарды тіркеудің қазіргі бар жүйелерінің негізгі сипаттары:
1) тіркеу жүйелерін орталықтан бөліп шығару, орталықтандырылған мәліметтер қоймасының жоқтығы мынадай проблемалардың туындауына әкеледі:
бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуға алынатын лицензиялар санын көбейту есебінен жүйелердің сатып алу және енгізу кезіндегі құнының қымбаттауы;
басқарушылық және басқа да шешімдерді қабылдау мақсатында ел масштабында тіркеу ақпаратын талдау мүмкіндігінің болмауы;
ақпаратты шарасыз қайталау;
бытыраңқы ақпараттық жүйелерде бірыңғай классификаторлар мен анықтамалықтарды пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы және осының салдарынан салыстырмалы көріністе шоғырланған есеп алу мүмкіндігінің жоқтығы;
ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жаңаруы және дамуы жағдайында бағдарламалар мен мәліметтердің айырбасталуын қайта белгілеуге елеулі шығындар;
жүйелердің қауіпсіздігіне бақылаудың нашарлауы және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметтерді және бағдарламалық-ақпараттық құралдарды ұстауға шығындардың артуы.
Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жаңаруы және дамуы жағдайында бағдарламалар мен мәліметтердің айырбасталуын қайта белгілеуге елеулі шығындар.
Жүйелердің қауіпсіздігін бақылаудың нашарлауы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерді және бағдарламалық-ақпараттық құралдарды ұстауға шығындардың артуы.
2) тіркеу кодтарын беру аймақтық қағида бойынша жүргізіледі.
Бұл қағида жеке тұлғалардың тіркеу немесе есебін жүргізу жүзеге асырылатын аймақтың бірегейлендірілуінің айқындамалық тіркеу кодына қосуға негізделеді. Кодтаудың мұндай әдісі жерден жерге көшетін, өзінің тіркеу кодын ұмытып қалатын, тіркеу құжаттарын жоғалтып жүретін адамның теңестірілуіне қолдану қиын. Мәліметтердің орталықтандырылған базасынсыз тіркеу кодын қалпына келтіру немесе қайта тіркеу мақсатымен тіркеу органдарына ұдайы қайта бару теріс сезімдерден басқа тіркеу нөмірлерінің көп қосарланушылығын да туындатады. Жеке тұлғаның бір ведомство берген бірнеше тіркеу коды бар болу жағдайы да өте жиі кездеседі.
3) қажетті нәтижесіз көп қайтара істелетін жұмыс.
Шын мәнінде, азаматтарды тіркеу жөніндегі жұмыс бірнеше рет істелінді. Бұл жұмысқа күштер мен қаржылар жұмсалды, бірақ ол тағы бірнеше рет қайта істелмейтіндігіне ешқандай кепілдік жоқ. Міне, сөйтіп, қажетті нәтиженің жоқтығын айқындауға болады.
4) бірыңғай мемлекеттік стандарт жоқ.
Жеке тұлғаларды тіркеу жүйесіне қойылатын талаптар:
1) жеке тұлғаларды тіркеудің АХАТ-тағы, төлқұжат бөлімдеріндегі, әлеуметтiк сақтандырудағы, медициналық қамтамасыз етудегі, зейнеткерлік қамтамасыз етудегі, салықтағы және басқа барлық жүйелердегі жүйелерін бірыңғай қисынмен біріктіру;
2) ізгі мақсат - бүкіл ғұмыр бойы болатын бірыңғай код, бiрыңғай құжат;
3) мінсіз құжат - қажеттi барлық ақпарат (әлеуметтiк бірегейлендіру коды, барлық тiркеу мәліметтері, медициналық мағлұмат, салық төлеушiнің коды, зейнеткерлік есеп) енгізілетін шағын процессорлы карточка;
4) мінсіз карточка - банктік төлемдік жүйелермен кірігу мүмкіндігі.
Аталған кіші бағдарламаны жеке тұлғалардың мемлекеттік тіркеу жүйелерінде тіркелу тәртібін анықтап, бірнеше кезеңмен енгізуді жүргізу ұсынылады, жеке тұлға үшін бірегей бірегейлендіру нөмірін (немесе нөмірлерін, егер бір ғана тәсілді айқындау мүмкін болмаса) беру тәсілін ол нөмірді әрі қарай ұлттық ретінде белгілеу мақсатымен айқындау.
"Заңды тұлға" мемлекеттiк мәліметтер базасы
Заңды тұлғалардың тiркеу жөнiндегi жағдайларды түбегейлi жақсартуға ұсынылатын барлық әдістерді заңды тұлғаларды тіркеу жүйесіне де қолдануға да болады.
"Қазақстанның ресурстары" мемлекеттiк мәліметтер базасы
Бірыңғай ақпараттық кеңістік құру аясындағы шешуге қажетті мүдделердің бірі болып "Қазақстанның ресурстары" мемлекеттiк тізілімін (жер мен жер қойнауы, картографиялық мәліметтер, жылжымайтын мүлiк, жылжымалы мүлiк, тауарлар мен қызмет көрсетулер, парасаттық меншік, қаржылар және басқалар) жүргiзу болып табылады.
Мемлекеттік ресурстарды тіркеу жүйесін енгізгеннен кейін күтілетін нәтижелер:
1) бюджетке түсімдердің артуы;
Мүлiкке салықтарды жинау мемлекеттік ресурстарды тіркеу жүйелерін енгізгеннен кейін қарапайым, бақыланбалы және болжамды рәсім болады.
Қағида бойынша, жүйе белгіленген күнге қандай салықтар төленуге тиіс есептерді өзі іздестіреді, бұл мәліметтер, сондай-ақ кез-келген көрсетілген күнге жобалануы мүмкін. Оған қоса, салықтардың әртүрлі түрлерінің артуы немесе кему жағдайында салықтық жағдайдың үлгілерін жасауға мүмкін болады.
Кәсіпорындардың қандай да бір тауарлар мен қызмет көрсетулерді іске асырғаннан кейінгі салықтары туралы да соны айтуға болады.
Орталықтандырылған мәліметтер базасы түрлі технологиялық түйіндерден ақпараттар мағлұматтарын талап етпейтіндіктен салықтардың төлену ресімін бақылау жеткілікті деңгейде жеңіл болады - бұл есептер, сондай-ақ жүйенің жұмысы үшін міндетті ретінде техникалық тапсырмаға қосылады және сұраныс бойынша іздестіріледі.
Аталған жүйені енгізгеннен кейін барлық дамыған елдерге тән салықтық жүйенің жеке тұлғалармен жұмыс бойынша бағдарлануына өту ресіміне көшуге мүмкін болады. Бұл мәселе, сондай-ақ келесі бөлімде сипатталған артықшылыққа да тығыз байланысты.
2) отандық кәсiпкерлердi қолдау;
3) басқаруды және бақылауды жақсарту;
Экономикалық қызметтің мониторингі, талдау және статистика
Экономикалық қызметтің мониторингін жүзеге асыратын жүйелерді құру және статистиканы талдау мен өңдеуді әрі қарай жүргізу, әдетте, мынадай қағидаларға негізделеді.
Мониторинг деген белгілі уақыт кезеңінде мониторинг объектілеріне (немесе субъектілеріне) экономикадағы келеңсіз үдерістерге бақылауды және уақтылы табуды, бағалауды, алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін бақылау жүйесін білдіреді.
Мониторинг мониторингтің объектілері мен субъектілері бойынша статистикалық, экономикалық, бухгалтерлік және салықтық және басқа негізгі көрсеткіштері бойынша жіктелген мәліметтер базасы сақталатын Орталыққа ақпаратты мониторинг объектілері бойынша жинау әдісімен және оны электрондық тәсілмен беру жолымен жүзеге асырылады.
Есеп беру нысандары мониторинг, талдау және статистиканы өңдеуді жүргiзетiн мемлекеттiк органдармен әзiрленеді.
Статистикалық нәтижелердi талдау және өңдеу базалардан мәліметтерді түрлi (кейде өте күрделі) алгоритмдер бойынша, соның iшiнде мәліметтердің графикалық кескіндерін одан әрі теру жолымен жүргiзiледi.
Мұндай жүйелер бірнеше қайтара жасалған, жасалуда және жасалады, себебі ағымдағы жағдайды басқару мен талдаудың басқа тәсілі жоқ. Жоғарыда айтылғанның негізінде жасалатын осы сияқты жүйелерге бірегейлендіру жүргізу мемлекеттік басқарудың барлық мүдделі органдары мұндай жүйелермен пайдалана алуы үшін қажет.
Мәліметтермен электрондық алмасудың стандарттарын жасау
Қазіргі кезде тек Ұлттық Банк ҚРҰБ Басқармасының шешімімен мәліметтермен электрондық алмасудың кейбір стандарттарын халықаралықтардың негізінде (электрондық төлемдік тапсырмалар және ілеспе электрондық құжаттар) бекітті және оларды жетілдіруді жалғастыруда. Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерді әрі қарай дамыту және БАЖ жасау стандарттарды айқындаусыз мүмкін емес.
Аталған кіші бағдарламаны енгізуді жоспарлы түрде және мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерін құрумен және сәйкес стандарттарды әзірлеу мен бекітумен қабат жүргізу ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алулардың жүйесін жетілдіру
Электрондық коммерцияны, аукциондарды және тендерлерді енгізу
Бизнесті электрондық жүргізуді ұйымдастыру, электрондық сауда, электрондық қаржы саласындағы соңғы зерттеулер аталған секторды дамыту әлемдік экономиканы дамытудың ғалами бағыттарының бірі болып табылатындығын көрсетті. 2001 жылдың соңына қарай транзакциялар көлемі 1 триллион АҚШ долларынан асады. Батыс Еуропадағы үрдістерге қатысты соңғы есеп (Ziff-Davis E-Commerce Bulletin) 100 миллиард АҚШ долларына қосымша өсуді айқындап отыр.
Көпшілік елдерде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардағы электрондық жұмыс тәртібін белгілеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар бар немесе әзірленуде. Аталған бағытта айқындалған елдер тізімінде дамыған елдер ғана емес. Сингапур, Египет, Шығыс Еуропа елдері, Прибалтика елдері және Ресей Федерациясы сияқты елдер де бар.
Жаңартылған Киото конвенциясы бойынша барлық елдер - ВТО қатысушылар (даму деңгейіне байланыссыз) келешекте жұмыстың электрондық тәртібінің стандарттарына көшуі тиіс.
Бизнесті электрондық жүргізуді, электрондық сауданы, электрондық қаржыны біздің елде енгізу Қазақстан Республикасын дүниежүзілік қауымдастыққа тартудан басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен арадағы мәмілелерде ашықтықты және әділеттілікті белгілеуде қосымша артықшылықтар береді, компанияның немесе бизнестің жеке орналасуына байланыссыз іскерлік өмірге қатысуға мүмкіндік береді.
Сертификатталған өнімдерді сатып алуда артықшылықтар ұсыну
Мемлекеттік органдарда әкімшілік-басқару жүйелерін пайдалану жөніндегі жағдайдың талдауы:
1) заңнама бойынша ақпараттық жүйелер:
Біздің елде қызмет көрсетулердің бұл түрін кәсіпорындар мен ұйымдарға ұсынатын мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес, бірнеше ұйымдар бар.
Барлық бар жүйелердің нормативтік-құқықтық актілер бойынша негізгі мәселелері Дүниежүзілік Банк миссиясының жаднамалық жазбаларында жақсы жазылған: оның салдары - іздеп табу мүмкіндіктерінің шектеулі болып табылатын мәліметтерді жинау жөніндегі жөнге салынған механизмнің жоқтығы, бұдан келіп базадағы мәліметтердің толық еместігі, орыс тілінен басқа тілдерге сауатты аударманың жоқтығы, ақпаратты сақтаудың жеткілікті жақсы ойластырылмаған үлгілері.
Осының салдары ретінде мемлекеттік мекемелерде түрлі бағдарламалық өнімдер пайдаланылады немесе бірнеше бағдарламалық өнімдер пайдалануға тура келеді.
Орындау тәртібін бақылау және мемлекеттік органдардағы корпоративтік құжат айналымы
Жүйелердің аталған санаты бүкіл дүние жүзіндегі сияқты Қазақстан Республикасында да тікелей әлдеқайда ерте дамуда. Бұл саладағы жұмсалатын өте үлкен күштер мен қаржыларға қарамастан, әдеттегідей, толық электрондық корпоративтік құжат айналымын енгізудің сәтті мысалдары дамыған елдердің өзінде де сирек. Бұл мынадай екі мысалмен түсіндіріледі:
орындаушылық тәртіпті бақылаудың және құжат айналымының мәселелерін өте қарапайым ұйымдастырушылық шаралармен шешуге болады.
бұрынғыдай құжат айналымының қағаздық жалпы үлесі аса үлкен.
Соған қарамастан, барлық елдердің сарапшылары қағаздық құжат айналымының үлесін бірте-бірте азайту және электрондық құжат айналымын енгізуде адами ресурстарды тиімді пайдалану түрінде көрінеу пайда береді, осы сияқты жүйелерді әзірлеуге және енгізуге жұмсалған шығындар ерте ме, кеш пе, өтелуге әкеледі деген пікірге келуде.
Республикада, әдетте, нақты бір ұйымда кіретін және шығатын хат-қағаздарды тіркейтін қарапайым жүйелер пайдаланылады, әйтсе де соңғы кезде электрондық құжат айналымын ішінара енгізу жағдайлары пайда болды.
Әкімшілік кешен
Бағдарламалардың аталған кешеніне әкімшілік кешеннің қызметін автоматтандыратын жүйелер кіреді: қызметшілермен жұмыс жөніндегі басқару (кадрлар), айлық жалақыны есептеу және төлеу, бухгалтерлік есеп.
Таралған жарнамаға орай, Қазақстан бухгалтерлік және салықтық заңнамасының ерекшеліктерін толық күйде ескермейтін және бюджеттік ұйымдарда пайдалануға қиын бейімделетін ресейлік "1-С Бухгалтерия" әзірлемесі аса таралған бухгалтерлік пакет болып табылады.
Аяқталған бағдарламалық өнімдерден ресімделген қазіргі заманғы отандық әзірлеме ретінде коммерциялық, сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда табысты қолданылатын "Лука-Бизнес" және "Лука-Бюджет" пакеттерін бөлуге болады. Бағдарламалар отандық заңнамаға бейімделген, заңнаманың барлық өзгерістері әзірлеушілермен жіті қадағаланады.
Мемлекеттік органдарын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерінің ағымдық жағдайына жүргізілген мониторинг негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:
1) түрлі деңгейдегі мемлекеттік органдарға енгізуге ұсыным жасалған стандартты жүйелі бағдарламаларды және қолданбалы әкімшілік-басқару жүйелерін (бухгалтерлік есеп, айлық жалақы, қызметшілерді басқару, құжат айналымы) сертификаттау мен іріктеуді жүргізу қажет. Міне, сөйтіп, ұсыным жасалған өнімдерді пайдаланатын мемлекеттік органдар ЕАК-ке автоматты түрде тартылады.
2) мәліметтердің құқықтық базаларын әзірлеушілермен құқықтық ақпараттарды алу көздерін және тәртібін айқындау қажет және бұл базалардың белгілі тәртіпке сәйкестілігін ескере отырып, оларға сертификаттау жүргізу қажет.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мемлекеттік сатып алуларды, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерге қатысты бөлігіндегі тәртіпті реттейтін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар ұсыну керек.
Атап айтқанда, сертификат алған жүйелер ұсыныстың жиынтық бағасын анықтауда тең жағдайда жеңіп шығуы керек.
6. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi
Дүниежүзілік тәжірибе ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның қалыптасу және даму үдерісіне тұрақты жеткілікті ауқымды мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін растайды.
Мемлекеттік ақпараттық инфрақұрылымды қолдауды қаржылық қамтамасыз етудің көздері республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылар, тікелей заемдар және шетелдік гранттар болып табылады.
Мұнда ұлттық стратегиялық және тактикалық мақсаттарға жетуге бағытталған жобалар, экономикалық тікелей нәтиже бермейтін жалпыжүйелік жобалар, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржылар есебінен толық қамтамасыз етілуі керек.
Бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көзі министрліктер мен ведомстволарға республикалық бюджеттен ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржылар болып табылады.
Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар аясындағы жобаларды әзірлеу және іске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттен бөлінетін қаржылар, үлестік қатысу, банктік несиелер, халықаралық қаржы институттарының гранттары мен заемдары, шетелдік инвестициялар, ақпараттандыру жобаларының әзірленуіне және іске асырылуына мүдделі отандық инвесторлар қаржылары шегінде қаржыландырылады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
Аталған Бағдарламамен белгіленген бірегей ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және дамыту жөніндегі барлық іс-шараларды іске асыру мыналарға мүмкіндік береді:
1) мемлекеттік басқарудың тиімділігін көптеген басқару әдістерін автоматтандыру арқылы арттыру;
2) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру;
3) отандық есептеу және телекоммуникациялық техникаларының
құралдарын, ақпараттық өнімдер мен қызмет көрсетулердің бәсекелестік
қабілетін арттыру үшін жағдайлар жасау;
4) халықтың және мемлекеттік қызметкерлердің білімділік және
мәдениеттілік деңгейiн елеулі арттыру;
5) жүйелер мен желілердің үйлесімділігі мен өзара іс-әрекетін
халықаралық стандарттарды, телекоммуникациялар дамуын ескере отырып
қамтамасыз ету;
6) Ақпараттандыру жобалары мен бағдарламаларына отандық және шетелдік
инвесторлардың қаржыларын тарту;
7) бірегей нормативтік-құқықтық базаны жасау;
8) мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды жасауға және пайдалануға
бөлiнетiн бюджеттік қаржылардың құрылымына оңтайландыру жүргізу.
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.