Мемлекеттiк органдардың ақпараттық ресурстарын қалыптастыру мен қамтуға арналған бюджет қаражатын қысқарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бiрыңғай коммуникациялық ортаны құру және бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасында бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру мемлекеттiк саясаттың басым саласы болып саналсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасында Бiртұтас ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзетiн болсын;
2) қолданылып жүрген заңдарға толықтырулар мен өзгерiстердi қоса заң актiлерiнiң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзетiн болсын, онда мыналар көзделсiн:
ақпараттық рынок пен бәсекелестiк ортаны құру, мемлекеттiк монополияға қарсы саясат жүргiзу жолымен меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi жағдайында ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және қолда барын пайдалану;
түзiлген ақпаратқа санаткерлiк меншiктi қорғау;
мемлекеттiң, қоғамның, азаматтың ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
азаматтардың ақпарат алу жөнiндегi конституциялық құқығын iске асыру;
ақпараттандыру жағдайында азаматтардың құқықтарын қорғау;
ақпарат және ақпараттандыру саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк;
3) бiр ай мерзiмдi Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк ұйымдармен, жергiлiктi атқарушы органдармен және өзге де мемлекеттiк ұйымдармен бiрлесiп, қолда бар ақпараттық ресурстар мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн материалдық-техникалық құралдарға мониторинг, сондай-ақ әлемдiк ақпараттық жүйелерге талдау жүргiзсiн;
4) жүргiзiлген мониторинг пен әлемдiк ақпараттық жүйелердi талдаудың нәтижелерi бойынша:
мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мәлiметтер базасын оңтайландыру;
заңды және жеке тұлғалар үшiн мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың жеке санатын пайдалану тәртiбiн айқындау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын;
5) он күн мерзiмде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық типтi акционерлiк қоғамын құруға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз етсiн, оның қызметiнiң негiзгi мәнi, коммуникациялық орта мен мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың өзара iс-қимыл жүйесiн жасау, ортақ пайдаланылатын ақпараттық базаны қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ақпараттық жүйелермен ынтымақтастық жасау болып ұсынылсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi