Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
"Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
"Қазақстан Республикасының кейбір заң кесімдеріне
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң кесiмдерiне өзгерiс пен
толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегi Z970155_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 22, 307-құжат; 01.04.2000 жылы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң кесiмдерiне банк құпиясы жөнiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылғы 29 наурыздағы Z000042_ Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағында "Әдiлет бiлiктiлiк алқасында" деген сөздер
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Бiлiктiлiк алқасында" деген
сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-бапта:
1-тармақта "Әділет" деген сөзден кейiн "министрлiгi" деген сөзбен
толықтырылсын;
2-тармақта "Әдiлет" деген сөзден кейiн "министрлiгiнiң" деген сөзбен
толықтырылсын;
3) 11-баптың бiрiншi абзацында "Әдiлет" деген сөзден кейiн
"министрлiгi" деген сөзбен толықтырылсын.
2. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5
желтоқсандағы
Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы,
1997 ж., N 22, 328-құжат):
1) 9-бапта:
1-тармақта "Әдiлет" деген сөзден кейiн "министрлiгi" деген сөзбен
толықтырылсын;
2-тармақта "Әдiлет" деген сөзден кейiн "министрлiгiнiң" деген сөзбен
толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.