Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілер үшін тең
жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым
таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
19 сәуірдегі N 431
P990431_
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
2-1. 2001 жылдың 1 наурызынан бастап "Қазақстан" және "Медеу" деп
аталатын отандық темекі бұйымдарын сату 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым
таңбаларымен ғана жүзеге асырылатын болып белгіленсін.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.